70 жасқа тілек
Сыр шертіп заман мен
Көктем жайлы, қыс жайлы
Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,
Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.
Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,
Тұрған шағы саралап
өткен жолын қайта кеп.
Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,
Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!
Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,
Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.
Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар
Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!
Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы,
Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.
Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп
Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!
***************
Аталық кезең
Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.
“Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.
Құрметті ............. аға! Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Жетпіс жастың құтты болсын белесі.
Бұл 70 – қарттық емес, қазына жас,
Бала мен немеренің назына мас.
Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,
Басыңыздан ешқашан ажырамас.
Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөберенің.
**********************
Ұл-қыздарыңыздың қызық-қуанышына бөленіп,
әлі де талай асулардан аса беріңіз демекпіз.
Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймаңыз.
**********************
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
© Құтты болсын, 2010
All rights reserved