Интернет-магазин Flip.kz

Тілегеніңе жете бер Тамада кітабынан

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде.

 

Себездеп алтын ара   жан-жағыңнан,

Ту тіккен алаулаған арманыңнан.

Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,

Биіктен биіктерге самға, қыран.

 

Ізгі боп лебізіңді сағынатын,

Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.

Айналсын ар туына адалдығын,

Адам боп ұялатқан жанына күн.

 

Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,

Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.

Таба біл тіршілікте керегіңді,

Басыңнан арылмасын бақыт құсың!

 

Толығырақ...


Ұлымның мүшел жасына

 

Туғанда қуантқан ұлым мынау,

Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,

Әкеңде арман бар ма, көрсе егер

Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!

 

Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,

Келешекте бір маманның иесі бол.

Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,

Дүниеден алатын сыбағаң мол.

 

***********

 

Тілерім енді менің жалғызыма,

Сәлем бермей өсірген хан қызына.

Немеремді  иіскеп кетсем, шіркін,

Арманым жоқ дүние базарында.

 

************

Толығырақ...


балама

Балаларымыздың тұңғышы, суымыздың тұнығы Марат деген баламыз бүгін міне 45 жасқа келіп отыр. Әулетіміздің асқар таудай айбаты, ағайын-туғанға қамқор, қорған, сүйенеріміз.  Маржан келініміз алтын асықтай ұл, қырмызы қыз өсіріп, бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана, ер азаматының абыройына абырой қосып отырған асыл жар. «Тілеуі көптің аты бәйгеден келеді» демеуші ме деді, ендеше тілеуқор ата-анаң мен бауырларыңның ақ тілегін қабыл алғайсың. Екеуіңнің бір-біріңе деген сыйластықтарың таусылмасын, қалған ғұмырларыңда табандарың тасқа тимей, бір жастықта қартаюды жазсын.

 

**************

Толығырақ...


Ана тілегі

Ана тілегі

Күні кеше бесігіңді тербегем,

Қыранымсың көкке құлаш сермеген.

Өмір жасың ұзақ болсын, құлыным,

Қырсығынан сақта, құдай, көлденең.

Толығырақ...


Балама тілек Тамада кітабынан

Алда барын ұмытпағын, жарығым,

Дос пейілін қабағынан танығын.

Ата-анасын сыйламаған – ақымақ,

Ешкімге де жасай алмай қайырым.

 

Ар аттама,

Иманыңды кірлетпе,

Жексұрын боп жеті атаңды тілдетпе.

Ары таза, арманы асқақ азамат,

Бөленеді қошемет пен құрметке.

 

Ұқ, мәнін,

Ақиқаттың ақ жолын шықпағанын.

Аруақтарды шығармасаң жадыңнан,

Онда, қалқам, кісілікті ұнатқаның.

Толығырақ...


Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Жалғызымды сағынғанда

Еске түсіп істеген барлық қылық

Ұлым-ау әкең ойлап жүр сағынып

Түске кірсең шын көргендей қуанамын

Құлыныма менсіз үйде кім жүр тиісіп.

***********

Толығырақ...


Балама тілек Тамада кітабынан

Бәсеке өмір дегенің,

Алды бол сол бір жарыстың.

Мәреден сені көрейін,

Туын тік, балам, намыстың.

 

Жақсыға көңіл марқайған,

Жұлдызға қолың соз, балам.

Суырыла озғын ортаңнан,

Сөнбес отың маздаған.

 

Көгере берсін көсегең,

Жабысқын арман жалына.

Құлының жақсы десе мен,

Биіктей түсем тағы да.

 

Үмітім сенсің ертеңгі,

Сенімнің жықпа жалауын.

Өмірдің өзі өлшеулі,

Байқап біл бәрін, қарағым.

 

Марқайсын ата-анаң да,

Мақтансын жолдас-жораң да.

Пайдаңды тигіз адамға,

Пайдаңды тигіз қоғамға.

 

Көктегі жасын тәрізді,

Жарқ ете білгін, ұқтың ба?

Тәлкекке салып әлсізді,

Бас иген өмір мықты ұлға.

 

Толығырақ...


SMS.копилка
«    Апрель 2011    »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 
Құрметті қонақтар! "Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді" - дейді. Ал мың кісінің алғысы бір кісінің тон болып тәнін жылытпаса да, жанын жылытады. Көңіліңізден шыққан дүниелер үшін ризашылығыңызды білдіргііңіз келсе, төменде орналасқан жарнамалық сілтемелердің бірін түртуіңізге болады.
Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami