Жиі оқылатын сөздер
- Наурыз сценарийі
- Наурыз тойын тойлау үлгілері
- Наурыз туралы өлеңдер топтамасы
- Наурыз тойының сценарийі
- Мекемеде НАУРЫЗ тойын өткізудің бір үлгісі
- Наурыз тойына арналған өлеңдер топтамасы
- 8 наурызға құттықтаулар
- "Үркер" тобының орындауындағы Наурыз әнінің сөзі
- Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалады
- Наурыз әзіл әні
Келіншектің қырығына
Келіншек қырыққа толғанда
Кезің жоқ-ау кісі көңілін қайтарған,
Мінезіңе дос пейілі марқайған.
Қызыл гүлсің ел сүйсініп қызығар,
Бәйтерексің жапырағы жайқалған.
Үміт отын балаларға жағасың,
Құлындарын әлпештеген анасың.
Жарың үшін бәйек болдың күні-түн,
Жүрек пенен жүрек тауып жарасым.
Әрі сырлас, әрі досың құрдасың,
Арман құсың аялдамай қырға ассын.
Немере сүй, шөбере сүй, гүл жайнап,
Шаңырағыңның ұйытқысы бол, қымбаттым.
Жарың жүрсін ажарыңа сұқтанып,
Шаттығыңа бола берсін жұрт қарық.
Жұмыр деген бар бақытын тілеймін,
Достық туын аласартпай ұста нық!
40 жасқа тілек
40 ЖАСҚА
Жылқыда да жылқы бар – (қазанаты бір бөлек»,
Жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек, деп – еліне елеулі, халқына қалаулы өзіңдей азаматқа арналып айтылса керек. Қырық жас мерейтойың құтты !
******
Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.
Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.
Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.
*******
Туған күнге тілектер
Әрбір адамның дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді – олардың жұлдызы біресе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын жұлдыздар болады. Мұндай жұлдыздардың иелері айналасына жылу мен шапағат нұрын төгіп тұратын ізгі жандар болса керек.
Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады.
Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!
************
Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25-ақ жыл өмір. Ал жылқыға, итке, т.б. аңдарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты қанағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты.
Міне, содан бері адам ұқсап 25 өмір сүрсек, 25 жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болып ғұмыр кешеді екенбіз.
Бүгінгі туған күн иесіне адамға ұқсап 25-ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баянды болсын деп тілеймін!
************
Бүгін сенің туған күнің – төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз.
Егер қып-қызыл шоққа май тамызсаң, лапылдап жанады, ал су тамызсаң – бықсып сөнеді.
Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенің өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
***********
Емен ағашы – жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қалың қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң, бойын қайта тіктеп, жапырағын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туған күн иесі де осы қайың ағашы тәріздес - өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройың артып еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
***********
Бір досым: «Осы мен адамдарды түсінбеймін: әр жылы туған күнін тойлайды, сонда олар бір жылға қартайғанына қуанады ма?» деп еді.
Бүгінгі туған күн иесіне қарап отырып, сол досымның жаңсақ пікір айтқанына тағы да көзім жетіп отыр.
Әр жылы туған күнін тойлауға жеткен адам – бақытты. Адам әр жаңа жылға жеткеніне қалай қуанса, туған күнінде де солай қуануы керек.
Әр жастың өзіне тән бақыты, қуанышы, игілігі, ерекше сыйы болады. Сондай игіліктерге аман – есен жеткеніне неге қуанбасқа!
Қарапайым ғана мысал: біз бала күнімізде туған күнімізді достарымызбен, сыныптастарымызбен бірге тойлап өткізсек, есейе келе қуанышқа ортақтасатын қадірлі жандарымыздың қатары молая түсті.
Міне, бүгінгі туған күн кешінде қонақтардың арасында жаңа таныстар, жаңа туыстар пайда болғанының куәсі болып отырмыз. Бұл дегеніміз – туған күн иесінің өмірінде былтырғы туған күнінен бері қарай біршама жаңалықтар болғанын, араласатын ортасы кеңейгенін, тілеулес жандардың қатары артқанын байқаймыз. Мұндайдың өзі бір ғанибет емес пе!
***********
Кемелдік
40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
************************
Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
40-тың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.
Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере-шөберелі шал болғайсың.
************************
Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген
туған күніңіз құтты болсын!
Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын,
отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!
************************
|
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved