Жиі оқылатын сөздер
Соңғы қосылған дүниелер
- ел, халық туралы мақал-мәтелдер
- "Үркер" тобының орындауындағы Наурыз әнінің сөзі
- Наурыз тойын тойлау үлгілері
- Мекемеде НАУРЫЗ тойын өткізудің бір үлгісі
- Наурыз тойының сценарийі
- Наурыз сценарийі
- 8 наурызға құттықтаулар
- Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер
- балаларға арналған Наурыз тойының сценарийі
- Ақан серінің әндері
70 толған әкеге тілек
Алтын күздің алғашқы күні Алатаудай ардақты әкеміз 70 жасқа толғалы отыр.
Сондай-ақ анамыз екеуінің өмірлерінің мәніндей «Алтын тойлары». Гүлдей қыз өсірген, білдей ұлдар өсірген, балдай немере-жиендер сүйіп, өмір сүруге, адам болуға тәрбиелеген әке-шешемізді қос қуаныштарымен құттықтаймыз.
Әкетай – асқар тауың,
анашың зәм-зәм бұлақтай.
Алла өзі демеу болсын,
жылатпай-дағы ,құлатпай.
«Гауһар тойға» жетіңіздер,
төрт құбылаң тең болып,
Шөлпілдетер шөбере сүйіп,
шөлміркер көңіл гүл атқай!
******
Мерейтойға тілек
Тіршілікте мәнді де, сәнді болып қатар жүре беріңдер. Әр күндерің шуаққа толып, жүздеріңнен күлкі кетпесін, жамандық атаулы жетпесін. Сендердің ғұмырларың ұзақ, өмірлерің жұмақ болсын. зор денсаулық, мол қажымас қайрат тілей отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:
Жеңгемізбен қол ұстасып жүре берші,
Қызығын балалар мен немерелердің көре берші.
Ағайын, туған-туыс, бауырлардың,
Ортасында ақылшы бола берші.
Қалған біз жақсылардың ұрпағымыз,
Жарылғасын ортамызда ұрпағымыз.
Халқыма жақсылықты тілеймін мен,
Көрмесін қиындықты ұрпағымыз.
******
Алтын той иелеріне Тамада кітабынан
Жақсының көкірегі-жақұт қойма,
Көпшілік келді бүгін алтын тойға.
Жұптасқан
Тату-тәтті жарты ғасыр,
Өнеге ап,
Сыйластықтың салтын ойла.
Әлі де Жібек пен Төлегендей,
Көңілді көрікті ойға бөлегендей.
Қоныпты ұл-ұяға,
Қыз-қияға,
Жар болып, Алла өзі жебегендей.
Дәулет пен қонақтапты бақ төріңе,
Куәміз шалқып – тасқан сәттеріңе.
Алтын той,
Сапар шегіп өткен шаққа,
Жолықтырған секілді жас кезіңе.
Өсірдің әдепті қыз, саналы ұлды,
Тек шаттық көнсін шырай ажарыңды.
Елу жыл бір-бірімен шәй деспеген,
Сыйластық сіздердегі болады үлгі.
Күміс той Тамада кітабынан
Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,
Жанымның жайып салып тылсымдарын.
Махаббат боп маздаған мына ғалам,
Бақытты жанұяның білсін барын.
Кеткен бе ширек ғасыр жылжып өтіп,
Қуантты қызғалдақтай ұл-қыз өсіп.
Ағамыз алақанда аялауда,
Ақ гүлдей асыл жарын үлбіретіп.
Қабағынан түсініп ер көңілін,
Жабырқатқан кезі жоқ жансерігін.
Жеңгеміз жиырма бес жыл болды бәйек,
Ағаның көтерумен еркелегін.
Ассақ та тіршілктің сан асуын,
Таусылмас арманы адам баласының.
Күмбірлі күміс тойлар айғақтайды,
Жүрек пен жүректердің жарасымын.
Жылжыған бұл уақытта дауа бар ма,
Жетелеп бара жатыр заман алға.
Ақ босаға есігін имене ашқан,
Күміс той жас дәуренді салады ойға.
Алда әлі думандатар сайран көп күн,
Күлімдеп күміс тойға жайнап жеттің.
Күміс той – алтын тойға есік ашып,
Күндерің шалқып-тасып тоймен өтсін.
алтын тойға тілектер тост тілек пен дос тілек кітабынан
Алтын той
Қабыл ғып Алла тілекті,қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай», деп тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені, тойың өтіп дүбірлеп,
осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар, мерейі биік елдегі.
Аруақтар қолдасын, жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да, тепсең кетпес басыңа
баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың, қызығын көріп ұрпақтың,
ашық болсын аспаның.
Балалар қуаныш әкелсін, немерелер жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын, дастарханың мол болсын.
******
Алтын тойға жеткен бар, жетпеген де бар! Алла өзі іріктеп, бұл күнге алтын жүректі, алтын мінезді адамдарды ғана жеткізеді екен! Төрдегі алтын адамдарымыз аман болсын! Алтын той алға жетелей берсін! Бәрімізде алтын тойға жетейік!
*******
Алтын той тіккен отау қарға қонсын,
Ақ жүзің алақандай нұрға толсын.
Мұстажап менің батам қабыл болса,
Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын.
Қара су мал жериді лайыңнан,
Тілей көр күнде тілек Құдайыңнан.
Мал басың дәулетіңмен бірдей өсіп,
Тәңірім айырмасын жұбайыңнан.
Шырағым қадірлі екен кере басың,
Ауызда бал татиды берген асың.
Мұстажап менің батам қабыл болса,
Алдыңнан ай-күн туып жарылқасын.
********
Күміс тойға тілектер тост тілек пен дос тілек кітабынан
Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!
******
Құтты болсын күміс той –
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы
Алтын тойға жалғассын,
Жарқырасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән-сәулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Жүзге жетсін жастарың.
******
тост тілек пен дос тілек кітабынан Отау көтерген мерейтойлар атауы
Тойың тойға ұлассын
Дүние жүзінің көптеген ұлт пен ұлыстары үйлену тойына қатысты үш мерейлі күнді атап өтуді үрдіс еткен. Олар – күміс, алтын және гауһар тойлар. Қай халықтың да болса ғасырлар бойы қалыптасқан психологиялық, этникалық жан-сезім белгілері сол халықтың дәстүрлерінен, әдет-ғұрып, жол-жора, салт-санасынан көрінеді. Еуропалықтар, оның ішінде орыс, поляк украин халықтарында мұндай тойлар 10-нан асса, болғарлар 21 салтанатты естерінде сақтайды екен.
Бертін келе қазақ халқында да тойлау әдетке айналған, солардың кейбірі жөнінде рет-ретімен айта келіп, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталғанды жөн көрдік.
Шыт тойы
(Үйленгендеріне бір жыл толғанда тойланады)
Оның бұлай аталу себебі, ерлі-зайыптылар «бал айынан» өтіп, өмірлері бір қалыпты арнаға түседі. Ол күні ерлі-зайыптылар бір-біріне жастық пен пәктік белгісі ретінде шыт беторамал сыйлайды.
****
Ата-ананың мерейтойына
Ата-анам, тойларыңыз құтты болсын,
Әрдайым жазылмасын жұптарыңыз.
Бақытты да қызықты өмір сүріп,
Тойлансын тойларыңыз әр жыл сайын.
Құтты белес ата-ана – «Ақ алтын тойларыңыз»
Орындалсын қашанда жарқын ойларыңыз.
Жүзге жетіп, шөберенің қызығын көр,
Балаларыңыздың ақ тілегі қабыл болсын.
Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды осы қуаныштарымен шын жүректен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, өмірдің шапағаты мен шуағына кенеліп, арамызда аман-сау жүре берулеріңе тілектестік білдіреміз!
*************
Лағыл тойға тілек
Ата-анамызға құттықтау
Біріңіз серік етіп біріңізді,
Жазбадың қос аққудай жұбыңызды.
Қырық жыл ерлі-зайып ғұмыр кешіп,
Келдіңіздер лағыл тойға бүгін ізгі.
Ата-анамыз қосағымен қоса ағарған,
Әлі де талай қызық тосады алдан.
Өркендеп өсіп-өнді ұрпағыңыз,
Сол еді Жасағаннан тілегіңіз.
Лағыл той бүгінгі құтты болсын!
Тойымыз тойға ұласып орта толсын!
Көрейік алтын тойды бәрімізде,
Ата-ананың өмірі ұзақ болсын!
*************
мерейтойларға
Жандары жайдары, барынша мейірбан, достары көп, тілекшілері мол, ағалық пен даналықты бойына сіңіре білген, «ел» десе егіліп, «халық» десе төгіліп, «Отан» десе өз еркімен жегілетін, қазыналық ақсақал жасына жетіп отырған осы екі асыл жанды мерейтойларымен шын жүректен құттықтап, шаңырақтарына шаттық, баянды бақыт, өздеріне зор денсаулық тілей отырып, өмірдің барлық қуанышын бірге қызықтап, Алланың берген жасын қос аққудай бірге жасап, кісілік келбеттерінен танбай, несібе-дәулеттерінің арта беруіне ақ тілегімізді білдіреміз!
***********
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved

