SMS хаттар
СМС
Қазақ жігіттеріне ұнайтын қыздар: әр нәрсеге ренжімейтін, тым қысқа киім кимейтін, ең бастысы – намаз оқып, темекі шекпейтін, өтірік бетке күлмейтін, үй жинап үйді реттейтін, адал, құлақтан теппейтін, артынан жүгіртпейтін, шелектеп әтір сеппейтін, қыздар көп болса екен бос нәрсеге жас төкпейтін, жарасымды еркелейтін, арманға биік жетелейтін, қояндай болмаса да, бір жылда бір рет бөпелейтін, әр сөзімді екі етпейтін; қыздардың да қызы бар қаңғырып жүрейік дейтін, қымбат көлікке мінейік дейтін; мұның арты мәз емес!
Өмір ащы,байқамасаң құлайсың, Неге келдім өмірге деп жылайсың, Осы өмірде көп ойланып, аз толған, Сонда ғана сен қапыда қалмайсың! Қабағыңнан қуаныштың шуағы Өмір бойы кетпесін деп тілеймін. Кеудең толы махаббаттың тұрағы, Қайғы соған жетпесін деп тілеймін, Өмірде достық жолы қиын дейді, Досым жаман болсын деп кім тілейді? Аңсаған арманыңа бақытпен жет! Осы нағыз досыңның ақ тілегі...
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: Махаббат республикасында «Ғашық» вирусы тарағанын жариялайды. Сағыну, жүрек ауыру, күту, ойлау, аңсау сияқты белгілері сезілсе, мына нөмірге хабарлаңыз: 8765432190. Емдеу құпия түрде жүргізіледі. Асқынып кетпесін.
SMS хаттар
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тереңнен теңге, есігіңнен евро кіріп, жыл бойы үйің долларға тола берсін! Басыңнан бақыт, ойыңнан шабыт кетпесін!
************
Дос!
Түнгі ұйқының тәттісін,
Ертеңгі күннің сәттісін,
Атқан таңның шапағатын,
Адал жанның махаббатын тілеймін!
**************
Қайырлы таң!
Күнің көңілді,
Жұмысың өнімді,
Машинаң жүрісті,
Сатып алған лотереяң ұтысты болсын!
*************
Қайырлы түн!
Жұлдыздай жарқыраған әсем түнде,
Тілеймін қайырлы түн бір өзіңе.
Тәтті түстер көргейсің періштедей,
Алла берсін жалғасын өңіңде де.
****************
Қайырлы түн!
Ай-жұлдызы жарқыраған бұл бір түнде,
Қайырлы түн тілеймін тек өзіңе.
Таңғажайып өмірдің періштесі,
Кірсін жаным түсіңе жиі-жиі.
Жайлы жатып, жақсы тұр!
***************
Бүгін саған үш кісі барады.
Тек ашуланба, адресіңді мен бердім. Олар өмір бойы сенің қасыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!
***************
SMS – ҒАШЫҚТЫҚ ХАТТАР
Шапақты нұрын төгіп атар таңымсың,
Басыма біткен бағымсың,
Бұлақтан мөлдір тамшы боп аққан ағынсың,
Сен – менің ғана жанымсың!
***********
Жаныма жаныңның көктемі,
Шуағын төккелі,
Санамнан бір үміт, бір күдік
Ұйықтасам түсімнен,
Оянсам есімнен кетпеді.
Бақыттың кілті тек өзіңде көрініп
Тулайды сезім де,
Қолыңнан келсе егер
Бақытты ет мені!
**************
Сен жалғыз емессің!
Көкте нұрын шашқан күн,
Жерде жұпар шашқан гүл,
Жүректе жалын атқан өлең,
Өзіңді күні-түні ойлап жүрген МЕН бармын!
Жиі оқылатын сөздер
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved