Адамның жасына байланысты атаулар
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте
1 жастан 10 жасқа дейін - сәби
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса
6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел
60 пен 70 жас аралығы - қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже
70 пен 80 жас аралығы - ақсақал, ақбұрым
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария
90 мен 100 жас аралығы - селкілдек шал, селкілдек кемпір
100 жастан жоғары - кейуана, баба
Мүшел жас
1- мүшел -13 жас (ер жете бастау)
2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
4 - мүшел – 49 жас (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 - мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел - 85 жас (кәрілік)
8 - мүшел – 97 жас (қалжырау)
9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел -121 жас (немене сүю)
*************
10 жасқа дейін - қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған
***********
30 жас - орда бұзар,
40 жас - қылыш жас, қырықта қамал алар
50 - ел ағасы, ердің жасы
60 жас - пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс
70 жас - жетпістің белесі
80 жас - сексеннің сеңгірі
Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден
Коммерсант көршімнің туған күніне
Туған күн құтты болсын, қарындасым,
Әр уақытта қалталарың қалыңдасын,
Жүректің қалауымен тапқан бақыт
Сенен басқа ешкімді сағынбасын.
Әрі әнші, әрі коммерсант қарындасым,
Көңілің ешқашанда ортаймасын.
Тілеймін сапарыңа мен сәттілік,
Товарларың қымбаттырақ сатылғанын.
.... жасты сыйлапты тағдыр бүгін,
Қуанышпен өте берсін әр бір күнің.
Бақыт қонып басыңа, дәулет артсын
Қуат беріп, төксін саған күн нұрын.
********
Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден
Жанұяңа тілерім бақытты өмір
Қуаныш келе берсін ағыл-тегіл
Ұлдарың осы жылы аяқтанып
Қызықтап осы үйіңе келін түсір.
Бала үшін суыққа тоң, ыстыққа күй
Жеткізем деп соларды ойыңа түй.
************
Қыз-келіншектерге
Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,
Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.
Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,
- Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.
Айтар ойды жарқырата неше өңдеп
Сөйледіңіз,
Шешендікті мекендеп
Сонда өзімше бағаладым ішімнен,
«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.
Тағы бірде асқақтата ән салдың,
Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.
«Тап Күләштің көшірмесі...» деп сол сәт,
Дүниеге келіп кетті жар салғым.
- деп бойында сан өнер тоғысқан нағыз қазақтың қызы деуге лайық осынау жанды туған күнімен құттықтаймын!
***************
туған күнге
Ақ пейіліңіз айтпай-ақ көрініп тұр.
Адамға болсын деген жан екенсіз,
Тілегім әрдайым аман да жүр.
Жақсының жақсылығы көрінеді,
Өмірі жібек жолдай өріледі.
Көргені қай кезде де құрмет болып,
Көңілдің алады орын төрінде енді.
О, Апай, туған күніңіз құтты болсын,
Ортаңызға әрқашан шаттық толсын.
Қауым отыр Сізбенен бір қуанып,
Ақ тілектер бүгінгі орындалсын!
**************
Туған күнге тілектер
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.
*******************************
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
*******************
Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
****************
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!
*******************
Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
********************
Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,
сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
**************************
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын,
шаңырағыңызға ырыс байлығын,
жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын,
көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай,
табыстан табысқа жете беріңіз.
Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып,
өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.
Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып,
аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
***************************************
Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Осындай ойын-сауық бол берсін,
Үй-іші той-думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.
Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,
Балаға таудай талап, сана берсін,
Бәрі де балалардың өнерлі боп,
Бақыты барған сайын жана берсін!
Осы үйге сұлу мінез келін берсін,
Келінге адал ниет, пейіл берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,
Қызығын бала-шаға түгел көрсін!
Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.
(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),
Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың -
Баршасы сау-саламат, өсіп-өнсін!
**********
Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе - үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!
************
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.
*****************
.... туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
***********************
Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
*************
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.
*************
Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.
*************
Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.
*************
*************
Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз
****************
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
© Құтты болсын, 2010
All rights reserved