Жиі оқылатын сөздер
- Наурыз сценарийі
- Наурыз тойын тойлау үлгілері
- Наурыз туралы өлеңдер топтамасы
- Наурыз тойының сценарийі
- Мекемеде НАУРЫЗ тойын өткізудің бір үлгісі
- Наурыз тойына арналған өлеңдер топтамасы
- 8 наурызға құттықтаулар
- "Үркер" тобының орындауындағы Наурыз әнінің сөзі
- Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалады
- Наурыз әзіл әні
Жастарға нағашының батасы Ғұмар Ахметчин
«Дастарханның басында,
Не бір жақсы осында.
Мен бір бата берейін,
Дос-жарандар қасында:
Қос өрім жас – қос өркеш,
Қалижан мен Бәтима.
Бақыттың ашып қақпасын,
Ақ отауын көтеріп,
Құт босаға аттасын»,
«Еңбек етсін елмен тең,
Ерініп үйде жатпасын.
Дастарханы кең болсын,
Келгенде бұрып ат басын.
«Күлшашары» көп болсын,
Қуантар ата-анасын,
Айтып-айтпай не керек,
Сөзімнің болсын түйіні:
Зердеңе құй екі жас,
Нағашының батасын».
*****
Жастарға бата
Жастарға бата
Қуаныш қайырлы болсын,
Жастар абыройлы болсын.
Уайымдары жоқ болсын,
Көңілдері тоқ болсын,
Адал еңбек арқасында
Табыстары мол болсын.
Алақандары ашық болсын,
Өмірге машық болсын!
Күйбең қалып кейін қалмай,
Жаңалыққа ғашық болсын.
Ұрпақтары ер болсын,
Кемеңгерлермен тең болсын.
Оларды көре алмағандардың
Бедел-берекеті кем болсын.
Әумин!
М. Аяпұлы құрастырған баталар кітабынан
ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА БАТА.
Шаңырақтарың биік болсын,
Босағаларың берік болсын.
Бау-бақшаларың өрік болсын.
Басыңда дәйім,
Құлпырған құндыз бөрік болсын.
Ақ жүзіңде жарыңның,
Ақ кимешек көрік болсын.
Құдай қаласа,
Көп ұзамай жерік болсын.
Торсық шекелі ұл тауып,
Ол өзіңе серік болсын.
Әумин
**********
Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын,
Анасы мен атасы,
Балалар, көтер қолыңды,
Қайырлы құтты жолыңды,
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын ол мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып келінжан,
Сыйла енең мен атаңды.
Кекшіл болма, қарағым,
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау – құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым, еске алып қой,
Қайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық, бауырға тойыңыз.
Әумин
**********
Қос аққудай көлдегі,
Қызғалдақтай белдегі,
Жас жұбайлар екенсің,
Бата берем кел бері.
Дәулетті, малды болыңдар,
Жұқармас жалды болыңдар,
Ел-жұртың мақтан тұтатын,
Жастардың алды болыңдар.
Тұтатқан шырақтарыңды,
Басталған мұраттарыңды,
Бір Алла қолдап әрдайым,
Жайқалтсын құрақтарыңды.
Отауларың орда болсын,
Аттарың жорға болсын.
Қымызың қымызық татып,
Местерің қорда болсын.
Әумин
**********
Сыртыңнан дұшпан жүрмесін,
Көңіліңе үрей кірмесін.
Көре алмаған күншілдер,
Күшіктей шулап үрмесін.
Сыйлы етіп Алла басыңды,
Ғұмырлы қылсын жасыңды.
Аруақ қолдап өр, шыңға,
Домалатсын тасыңды.
Қадірін білгін анаңның,
Қызығын көргін балаңның.
Күнің мен ісің түспесін,
Қолына топас сараңның.
Асқақ болып арманың,
Арайлап атсын таңдарың.
Мақсатыңа жете бер,
Аман болып мал-жаның.
Әумин
**********
Жетегің бұйда болсын,
Арқаның шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын.
Бесігің алдыңнан түспесін,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін.
Әумин
**********
Жас келіннің қонған жері
Құтты қоныс, тұғыр болсын.
Біреуі шал, бірі кемпір –
Қоса ағарған ғұмыр болсын.
Балапанмен, балақанмен
Бесік іші жыбыр болсын.
Құлын тайдың асырымен
Оттың басы дүбір болсын.
Сүйіспендік махаббатпен
Тәтті күлкі, сыбыр болсын.
Кәрі күтіп, бала бағып,
Мол қызықтан ығыр болсын.
Кәрілерге мейірімді,
Келіндерге әдеп болсын.
Ата күту, ана бағу,
Ата жолы әдет болсын!
Әумин
**********
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол,
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Әумин
Сәбит Ибадуллаев жинақтаған баталар кітабынан
Қосылып тұрған қос ұлан,
Игілікті, алаулы болыңдар.
Халыққа қалаулы болыңдар.
Өмір бойы біріңді-бірің
Жамандыққа қимаңдар.
Мейірбанды махаббатпен,
Үлкендерді сыйлаңдар!
***********
Табыстары көп болсын,
Алақандары ашық болсын,
Өмірге машық болсын!
Күйбең қағып кейін қалмай,
Жаңалыққа ғашық болсын,
Ұрпақтары ер болсын,
Кемеңгерлермен тең болсын.
********
Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер,
Жомарттың жолын бер,
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер,
Асаудың арынын бер,
Түнгі оттың жарығын бер,
Даланың жазықтығын бер,
Гүлдің нәзіктігін бер,
Теңіздің тереңдігін бер,
Лашынның жүрегін бер,
Нағыз достың тілегін бер,
Мәңгі бақи ажырамас
Шын ғашықтың білегін бер!
***********
Әумин – деп қолың жай,
Мен бір бата берейін.
Бергенде бата не дейін:
Әуелі Құдай оңдасын,
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Берекелі бақ қонып,
Бірдей өссін мал-басың,
Несібең артып күн сайын,
Өзегің ешбір талмасын.
Жаратқан жаббар жар болып,
Пендеге күнің салмасын!
Жаратушы құдірет,
Жарылқаудың қамын ет,
Зылиқа мен Жүсіптей, ет!
***********
жас жұбайларға бата
Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы от бастарыңа
Сәбидің шат үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңе дамылдасын!
Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан, сақтасын!
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын!
*********
Әуелі құдай оңдасын,
Періштелер болсын жолдасың.
Ақ батамыз пәк болсын,
Ақ ордаңа бақ қонсын!
Жас отауың басқа толсын,
Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын.
Жүз бір атты қатерден сақтасын,
Тілдінің тілінен сақтасын,
Көздінің көзінен сақтасын,
Кезенгеннің кезінен сақтасын.
Өсек, аяң күндеуден,
Пәле-жаланың бәрінен,
Бір Аллаһ сізді сақтасын!
Әумин, Аллаһу әкбар!
********
Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден
Әумин десең міне бата
Қонсын деп Қыдыр Ата.
Қыдыр дарып, Бақ қонсын,
Көңілдерің толар шақ болсын.
Күндерің шуақты болсын,
Көңілдерің суатты болсын,
Аспандарың жұлдызды болсын,
Жан ұяда ұл да, қыз да болсын.
Ұлдарың басты болсын,
Қыздарың шашты болсын,
Мынау менің емес,
Пайғамбардың батасы болсын
Адал тілек астарыңа
Ұзақ өмір жастарыңа
Жанұя тату тәтті боп
Бақыт қонсын бастарыңа!
Әумин!
********
біздерден тілек
Біздерден тілек: жаманның сұғы өтпесін,
Кесірдің сөзі жолдарыңды кесіп кетпесін.
Тірнектеп жиған ырыс пен дәулет, байлығың,
Үйіңе құт боп, қызығы оның бітпесін.
Пейілдерің ешқашан тарылмасын,
Бастарыңнан бақ-дәулет арылмасын.
Көретін қызықтарың көп болып,
Тойларың тойға ұлассын!
Әумин!
*********
жас жұбайларға бата
Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Несібе-ырыс иіп келсін.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын.
Әумин!
***********
Екі жасқа бата
Бүгінгі қуаныш тойына
Тілейін тілек жан-жақты
Қыздарың болсын моншақты
Ұлдарың болсын оншақты!
Аспандарың ашық болсын
Дұшпандарың қашық болсын
Бүгін қосылған екі жас
Бір-біріне мәңгі-бақи ғашық болсын!
Әумин
Кесірдің сөзі жолдарыңды кесіп кетпесін.
Тірнектеп жиған ырыс пен дәулет, байлығың,
Үйіңе құт боп, дұшпаның лайлап төкпесін.
Пейілдерің ешқашан тарылмасын,
Бастарыңнан бақ-дәулет арылмасын.
Көретін қызықтарың көп болып,
Тойларың тойға ұлассын!
Әумин!
**********
Екі жасқа бата
Құдайым, жастарға ұзақ ғұмырлы жас берсін!
Жас отауға ырыс-береке, бақ берсін!
Белдеуде байлаулы малы болсын,
Ошақта қайнаулы қазаны болсын!
Есiгі ашық болсын,
Қабағы жазық болсын!
Дос-жараны сүйiнсiн.
Дұшпаны iштей күйiнсiн,
Отауға бақыт құйылсын!
Аспанда Айса,
Жерде Мәди,
Қырда Қыдыр,
Суда Сүлеймен қолдасын!
Ал қарындасым, өзіңе айтарым:
Бұл келісің мәңгі болсын, кеңісін,
Екі араға тартқан арқан желісің.
Осы жерден тамыр тартып тереңге,
Осы жерден өсіп-өнсін жемісің.
*****************
|
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved