Құтты болсын! » Материалы за 01.03.2011 

60 жасқа тілек

Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

         Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.

         Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.

         Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.

         Қоғам игілігіне бағышталып отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қаыратыңыз қашанда арта бергей!

         Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.

******

 

Толығырақ...


Ағаға тілек

Жан аға өміріңнің өріндесің,

Қарындас көңіліңнің төріндесің.

Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ

Тағдырдың сындарында жеңілмесін.

 

Келеміз қиялардан күн кешіп те,

Бауырлық бал сезіммен үндесіп те.

Тербеткен анамыздан айналайын,

Үш ұл алты қызды бір бесікте.

 

Жақсы аға күнде шуақ жағар жанға,

Мерейім өсіп тұрар ағам барда.

Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,

Келесің жарық сыйлап адамдарға.

 

Ағаға ақ тілегім ақтарылсын,

Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.

Қарасай баба рухы қолдап әркез,

Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.

 

Шашамын жан нұрымды жарқылдатып,

Тілеймін саған әркез жарқын бақыт.

Ағаға арнап бауыр махаббатын,

Жүремін жүрегімді мен тулатып.

 

Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,

Атыңды асқақтатып ән сап жүрем.

Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,

Жан аға, періштеңдей қоршап жүрем.

 

Анарың – аялдаған асыл жарың,

Ұлдарың – ұлан асу, жасыл бағың.

Қайда деп қарындасым іздегенде,

Мен де әркез, асыл аға, қасыңдамын!

******

Толығырақ...


80 жасқа тілек

Талайларды қуантар екпіні елдің,

Сексен деген жасы ғой бектің, ердің.

Қанаш құрбым сексенге келді бүгін,

Рухы мықты ұрпағы тектілердің.

 

Ұл-қыздары ерекше шаттанып, күл,

Ата-ананың еңбегі ақталып тұр.

Елу бес жыл отасып Науша-қызбен,

Қанаш-жігіт өмірден бақ тауып тұр.

 

Қанаш пенен Наушадай асылдарға,

Асуларын тілеймін асуларға!

Қозы менен Баянның белгісіндей,

Жалғассыншы ғасырдан ғасырларға!

******

Толығырақ...


Наурыз бата

 Халайық тез серпіліп, өңі кірер,

 Шаруасы талапты ердің өрлей берер.

 Ұлыстың ұлы күні жайлы болып,

 Құдайым алаш жұрттың қолдап жүрер!

 

 Қазағым, наурыз айың құтты болсын,

 Малдарың аман төлдеп сүтті болсын.

 Ағайын әрқашанда қоғамдасып,

 Өзара ылғи тату-тәтті болсын!

 

 Көз жасы жетім-жесір ие берсін,

 Ұлыс күні дәулетті үйе берсін.

 Есіркеп ғарыптарды қадыр Алла,

 Оларға бие менен түйе берсін!

 

 Әлеумет, бақ, орнатсын наурыз айы,

 Оңды боп ел жұртымның, хал-жағдайы.

 Қар кетіп, жер қарайып, күн жылынды,

 Әр үйдің ойнақтасын тайлақ-тайы.

*******

Толығырақ...


Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami