zizAengine > Отбасы, туыс туралы > Отбасы туралы мақал-мәтелдер
Отбасы туралы мақал-мәтелдер6-02-2011, 22:24. Разместил: janar |
Қарға тамырды қазақпыз. Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.
Өз жұрттың - күншіл, Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады. Өз балаңды өскенше бағасың, Немереңді өлгенше бағасың. Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді, Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.
Ағаның үйі – ақ жайлау.
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады, Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр. Вернуться назад |