Құтты болсын келген туған күніңіз, Тілекші көп, біз де соның біріміз. Ортамызда жанашыр боп жүресің, Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз. Үзілмесін өміріңнің жыр-әні, Бақытыңның өрге тартып бұлағы. Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер, Келер күннің сәулелі боп шуағы.