zizAengine > Тілашар тойы, Оқуға байланысты, Соңғы қосылған дүниелер > Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу22-06-2011, 14:40. Разместил: janar |
Әліппе сауатыңмен санамды аштың, Достарыммен теңдес араластым. Үйреніп, әріптер мен әңгімені, Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым, Ана тілге әкеліп жалғастырдың. Әр әріпті қостырып, сөзін құрап, Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың, Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың. Мен үйреткен әріптің құдіретімен, Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
Орындаймыз әліппе ақылыңды, Жарысқанда жазамын тақымымды. Қандай қиын жұмбақты шешу үшін, Арттырамын ғылымға құштарлықты. Мырзаханның Ақылбайы Семей қаласы Мұқыр ауылы Вернуться назад |