Войти
Закрыть

Алтына Жорабаева Перзент парызы әнінің сөзі

Кейінгі жылдар әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Перзент парызы

 

Қандай шаттық сыйласам екен,
Әлем нұрын жинасам ба екен.
Ұл-қыздарың жаныңда ай-күн алақаныңда,
Алтын тойың қанат қағуда.

Ұл өсірдім сендерге қарап,
Қыз өсірдім тұлымын тарап.
Менің ғазиз мекенім
Сенен үлгі етемін
Қартаюдың өнер екенін.

Қайырмасы:

Нұржан Керменбаева Есіңде ме әнінің сөзі

Кейінгі жылдар әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Нұржан Керменбаев "Есіңде ме"


Есіңде ме арайланган махаббаттың таңы?
Есіңде ме алау арман сол бір шактың әні? 
Кешір деме! Сен емес өткен күнге кінәлі,
Бала едік біз әлі,
Тосын келді тағдырдың ызғары.
Жаным-ау, зулаған күндер жалғар емес үмітті,
Сонда да жалықпаймын сұраудан:

Есіңде ме сол бір күндер?
Есіңде ме сол бір түндер?
Сол күндері жалындаған
Сөз бергенің, жаным, маған?

Апош Сарбаз орындауындағы Тәп-тәттісің әнінің сөзі

Кейінгі жылдар әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Апош Сарбаз Тәп-тәттісің

 

Өмірім сенен ғана бақ тапты шын,

Жанымды, жырымды ұғып, жаттап түсін.

Шашбаулы шап-шақ мүсін,

Нәп-нәзік аппақ құсым.

Сен неге тәп-тәттісің, тәп-тәттісің.

 

Қараған көзің қандай пәк еді шын,

Сөзіңе жүрек от боп, жан ерісін.

Мен сыйға тартқан орамал

Кейінгі жылдар әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Мен сыйға тартқан орамал /aigul0388 қосқан/

Сөзін жазған Г. Салықбаев
Әнін жазған Р. Әлқожа

Біз енді қайтер екенбіз?
Жақынбыз және бөтенбіз.
Алыстан келсең, алдыңнан
Су алып шығар бөтен қыз...

Қайырмасы: Тоналар? бәрі тоналар...
Өзіңдей кімдер бола алар?

Ақбота Керімбекованың орындауындағы "Келем деші" әні

Кейінгі жылдар әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Ақбота Керімбекованың орындауындағы «Келем деші» әні

Әні Бауыржан Өскінбаевтікі

сөзі Ринат Зайытовтікі

Ай боп іздеп күнді,

Таң боп іздеп түнді,
Сағынамын әлдекімді…
Армандаймын аңсап,
Жүрегіммен ән сап,
Жүрсің неге менен алшақ?

 Қайырмасы

Келем деші, күнім,
Келем деші бүгін.
Шын бақыттың гүлін бер маған.
Келем деші, еркем,
Күндей күліп көркем.
Тым болмаса ертең кел маған
Үміт отын жалғай,
Құс боп қанат талмай, келем деші…

Дәурен Сейітжанов орындайтын "Таңғы қала" әні

Кейінгі жылдар әндері, Соңғы қосылған дүниелер

 Таңғы қала

Әні Ержан Серікбаевтікі

сөзі Жаныс жыраудікі

Көруге көздер ашық,
Сезуге көңіл ояу…
Түнімен ұйқы қашып,
Қалғанда таңға таяу,
Ақырын есікті ашып,
Төменге түстім баяу,
Асықпай анық басып,
Көшеге шықтым жаяу...!

"Заман" тобы орындайтын "Өмір-өзен" әні

Кейінгі жылдар әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Әні: Ұлықпан Жолдасовтікі

сөзі Ринат Зайытовтікі 

Асып-тасып, төгілетін,
 Алқынып ұшатын көңіл-ай,
 Өзгерместей көрінетін,
 Баянсыз бес күндік өмір-ай,
 Тасқын болып, тасып тұрған
 Жастық шақ алдады таңдамай
 Әлденеге асықтырған
 Желігі басылмас жалған-ай.

Қайырмасы:

Өмір-өзен ағады, әттең,
 Өкініштің алауы
 Жанымды өртеп барады.
 Өмір-өзен ағады, әттең,
 Менің жаным жаралы
 Қай жағада қалады?

В будущее В прошлое

Навигация