Өмір мен өлім туралы мақал-мәтелдер
Атаң өлсе өлсін, атаңды көрген өлмесін.
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле.
Жақсының қадірі өлгенде білінер,
Аттың қадірі мінгенде білінер
Өлгенмен бірге өлмек жоқ.
Өлік шыққан үйдің алдында арыстан жатады.
Өлім – ортақ, ауру – қонақ.
Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді.
Кебін (ақырет) киген келмейді, кебенек (батырлардың киізден тігілген сырт киімі) киген келеді.
Өлгенім тіріліп, өшкенім жанды.
Өлетін бала молаға қарай жүгіреді.
Өлімге бата, тіріге сәлем.
Батырлар өлімі атынан,
Ақынның өлімі хатынан.
Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
Өлімнен ұят күшті.
Өле жегенше, бөле же.
Төгілген толмайды, өлген тірілмейді.
Өлсе - ит терісі, өлмесе – қой терісі.
Асыл сөзге өлім жоқ.
Ұйқы мен өлім тең
Ажалдан ақша беріп құтылмас.
Қартайсаң да өлімді ойлама, өлеңді ойла.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.