Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 6027
  • Автор: janar
  • Дата: 6-09-2011, 14:47
6-09-2011, 14:47

Қасиетті Рамазан мүбәрақ болсын!

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфтиі

 

Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты отандастар!
Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! 

Информация к новости
  • Просмотров: 2971
  • Автор: janar
  • Дата: 28-01-2014, 18:31
  • 0
28-01-2014, 18:31

Ораза мүбарак болсын!

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ ХАЗРЕТ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ ХАЗРЕТ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын.
Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкіршілік айтамыз.
Құрметті мұсылман бауырлар!

Иман бұлағынан сусындай бастаған халқымыз мүбәрәк Рамазанда Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы мол і
Информация к новости
  • Просмотров: 2834
  • Автор: janar
  • Дата: 13-01-2014, 18:49
  • 0
13-01-2014, 18:49

Құрбан айт құтты болсын, ағайын!

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

Бас мүфти ел халқын Құрбан айтпен құттықтады 
 
2013 жылдың 15 қазаны - Құрбан айт мерекесі!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
 
  
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!
Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті отандастар!

Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, мұсылман қауымының ұлық мерекесі - Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!
 
Әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылмандар бұл күні 
Информация к новости
  • Просмотров: 2708
  • Автор: janar
  • Дата: 13-01-2014, 18:47
  • 0
13-01-2014, 18:47

Қайырым мен қанағат мейрамы

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мейрамына орай Қазақстан халқына арнаған құттықтауы
Қымбатты отандастар!
Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күндері 

Информация к новости
  • Просмотров: 5830
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2011, 22:46
27-12-2011, 22:46

Рамазан айына тілек

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

Жыл бойына сағына күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз.
Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы - қасиеті рамаза - сансыз құлшылық пен дұға-тілекке толы, сауабы мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Кез келген басқа мерзіммен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы - Рамазан. Ораза адам жанын тазартып, жама іс-қылықтардан сақтайды. Оразаның мақсаты - мұсылманды рухани тазартып, жанды көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіні тізгіндеу. Ендеше, тұтқан Оразаларың қабыл болсын!

Метки к статье: рамазан, ораза айтпен құттықтау, рамазан айына тілек

Информация к новости
  • Просмотров: 15548
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2011, 21:24
27-12-2011, 21:24

ЖАРАМАЗАН

Категория: Ораза айт / Құрбан айт, Соңғы қосылған дүниелер

ЖАРАМАЗАН
Меккеде бір ағаш бар басын иген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осы үйде бір ағам бар Құдай сүйген,
Қайыры ол кісінің жұртқа тиген.

Метки к статье: жарапазан, ораза айт, рамазан, жарамазан

Информация к новости
  • Просмотров: 5468
  • Автор: janar
  • Дата: 13-09-2011, 15:07
13-09-2011, 15:07

Құрбан айтпен құттықтау Шейх Әбсаттар-қажы ДЕРБІСӘЛІ

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

Құрметті мұсылман қауым!

Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы - Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін. 

Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Асылы, "құрбан" сөзі де араб тілінен аударғанда, "жақын болу", "жақындау" мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.

Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, қабыл болсын деу арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі. Мерекенің алғашқы күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім кіип, қош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен сәлемдесу, құрбандық етімен ауыз ашу үшін айт намазының алдында ештеңе жемей, оған бара жатқанда тәбір айту - хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. 

 

Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар! 

Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!

Жаратушы иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра бергей!

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти

Информация к новости
  • Просмотров: 6471
  • Автор: janar
  • Дата: 6-09-2011, 14:46
6-09-2011, 14:46

Ораза айт құтты болсын, Жамағат!

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

"Ана тілі" газетінен

Қадірлі мұсылман бауырлар, құрметті отандастар!
Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де таяп қалдық. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына қарамастан, тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізді. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Ми қайнатар ыстықты ауырсынбай ораза ұстауға төзе алған жан, өмірдің басқа да сынақтарына сабырлық таныта алатыны сөзсіз.

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық 

Информация к новости
  • Просмотров: 4676
  • Автор: janar
  • Дата: 2-09-2011, 09:08
  • 0
2-09-2011, 09:08

Ораза айтқа

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

Құрметті әріптестер, Ораза айт қабыл болсын!

 

            Айт күні – аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап ө

Информация к новости
  • Просмотров: 39351
  • Автор: janar
  • Дата: 14-07-2011, 16:07
14-07-2011, 16:07

Қасиетті Рамазан айына тілектер

Категория: Ораза айт / Құрбан айт, Соңғы қосылған дүниелер

          Алла тағала рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Әумин!

********

         Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болғай!

********

         Барлық мақтау мен мадақ Әлемдерді Раббысы Алла Тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін Жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз.

********

         Баршамызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы – қасиетті Рамазан – сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рахымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан.

***********

         Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың Раййан есігінен кіруімізді нәсіп еткей!

         Қасиетті Рамазан құтты болсын!

*********

Құрметті мұсылман қауым! Мүбәрак ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, Алла тағаладан баршаңызға қуаныш, отбасыла­рыңызға береке-бірлік, сүйікті Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық пен шаттық тілеймін. Әумин!

Назад Вперед
^
 

yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes