Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 15015
  • Автор: janar
  • Дата: 17-01-2011, 20:54
  • 0
17-01-2011, 20:54

Адамның жасына байланысты атаулар

Категория: Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте

1 жастан 10 жасқа дейін - сәби

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек

2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса

6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай

8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек,  кәрі қыз, келіншек

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел

60 пен 70 жас аралығы - қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже

70 пен 80 жас аралығы - ақсақал, ақбұрым

80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария

90 мен 100 жас аралығы - селкілдек шал, селкілдек кемпір

100 жастан жоғары - кейуана, баба

 

Мүшел жас

1- мүшел -13 жас (ер жете бастау)

2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас)

3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)

4 - мүшел – 49 жас (орта жас)

5 – мүшел – 61 жас (орта жас)

6 -  мүшел – 73 жас (қарттық)

7 – мүшел - 85 жас (кәрілік)

8 - мүшел – 97 жас (қалжырау)

9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)

10 – мүшел -121 жас (немене сүю)

*************

10 жасқа дейін - қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,

10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,

20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған

***********

30 жас - орда бұзар,

40 жас - қылыш жас, қырықта қамал алар

50 - ел ағасы, ердің жасы

60 жас - пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс

70 жас - жетпістің белесі

80 жас - сексеннің сеңгірі

**********

Қазақ халқы адамның өміріне байланысты бірінші мүшелді ананың құрсағындағы мерзімді есептеп 13 деп алған да, қалған өміріне 12 жылды қосып, 25,37,49,61,73,85 т.б жастарды адамның өміріндегі маңызды жылдар деп есептеген.

 

Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел 13 жас – бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.

 

Он үш – кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі. Осындай мүшел есік қаққанда: «О, Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр!» - деп Аллаға жалбарынатын.

 

Жиырма бес жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.

 

Отыз жеті жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.

 

Қырық тоғыз жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезі.

 

Алпыс бір жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.

 

   Жетпіс үш жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.

 

Сексен  бес жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.

 

Адамның өмірінде әрқилы жағдайлар болады. Ол: үйлену, балалы болу, отбасының қуанышы және мүшел тойлары. Мұсылман халқы тойдан қашпаған халық. Дегенмен шілдехана мен мүшел жас тойлары – ол адамзаттың ең басты тойлары. Әр адам баласы мүшел жастан өткен сайын садақа беріп, жеті нан үлестіріп келеді.



Информация к новости
  • Просмотров: 8371
  • Автор: janar
  • Дата: 4-12-2010, 18:29
  • 0
4-12-2010, 18:29

***************

Категория: Туған күнге тілектер » Балдәурен (13-ке дейін)

***************

суретте Айдара Жарқынқызы, 9 ай, Алматы қаласы

***************

 

 

 

 

 


Құтты болсын туған күн,

Кіндігіңді кесіп ап,

Жібек жіппен буған күн.

Шілдехана суымен

Алғаш рет жуған күн.

Орап алып жөргекке,

Ақ сүтін асыл ананың,

Емірене емген күн.

Әкең келіп төбеңнен

Тебірене төнген күн.

Қуанғаннан ел-жұртың

Көрімдігін берген күн.

«Кімге тартты екен?» деп

Бетіңді ашып берген күн.

Туған күнің жыл сайын

Жүз жыл бойы тойлансын.

Өсіп үрім-бұтағың,

Арманыңа жете бер,

Өмір шексіз көк теңіз,

Тоқтамастан кеше бер.

 

Информация к новости
  • Просмотров: 1752
  • Автор: janar
  • Дата: 28-11-2013, 15:49
  • 0
28-11-2013, 15:49

Ананың бөбегіне тілегі (өтініш бойынша жазылған) Ғабиден Қожахмет

Категория: Балдәурен (13-ке дейін), Шілдехана

Ананың бөбегіне тілегі
(өтініш бойынша жазылған) Ғабиден Қожахмет

Болады деп келешегім-мақтаным,
Сен едің ғой күткен алдан ақ таңым,
Ұмытылар ма жүректерге үміт боп,
Құп-құйттай боп құрсағымда жатқаның.
Сені ойлап қиялыма үңілдім,
Тіршілікте тек сені ойлап бүгілдім.
Мен тыңдаған әнді сен де тыңдадың,


Тойға шақыру

Бүгінгі күн ерекше күн,ерек күн,
Сәбилердің күлкісі де бөлек тым.
Бүгінгі күн ата-ананың үміті

Информация к новости
  • Просмотров: 2339
  • Автор: janar
  • Дата: 4-11-2013, 16:41
  • 0
4-11-2013, 16:41

Әкеге тілек

Категория: Қарттық (73-тен кейін), Әкеме

Туған күн иесі перзентінің тілегі:

Қымбатты Әке! Сіз қазір 80 жастық өмір асуының биігіне көтеріліп,біз үшін бұрынғыдан да асқақтай,бұрынғыдан да мәртебелі бола түскендей көріндіңіз.Сіз осынау жүріп өткен ұлағатты жолыңызда 
Информация к новости
  • Просмотров: 1413
  • Автор: нурсссс
  • Дата: 2-10-2013, 04:14
  • 0
2-10-2013, 04:14

тілек

Категория: Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер

– сени бугинги куанышты туган кунинмен куттыктаимын.Уакыт -ешким токтата алмаитын алып кеме. Сол кеменин журисимен сен де омир толкындарымен араласа, арпалыса, балалык шак жагалауына кол булгап,адам омиринин коктеми, жастык шакка да келип жетерсин.
Омир шуагы мен дауылы, кайгысы мен сауыгы, женили мен ауыры катар алмаскан алпауыт.Өмирмен куресип жене билгендер де, женилип жетегинде кеткендер де бар. Сен солардын алгашкысына косыл. омирде кездесетин сан килы ауырлыктар мен киындыктарды акылмен, сабырмен жене бил. Аспан бултсыз болмайды, демек адам омиринин де бултты кундери болар. Бирак сенин омириннин шуакты кундери коп болсын. Ансаган арманына тек бакытпен жет.
* * * * *
казак тилинде кыска да нуска, ари дал аитылган уш тилек бар. Соларды мен саган тилеймин. Олар: денсаулык, бакыт, узак омир. Себеби, денсаулык болса жумыс та болады, табыс та болады. Бакыт деген создин аукымы кен: себеби, биреулер ушин бакыт деген - суйген адамынын касында аман-сау жургени, бакыт деген - биреулер ушін - ата-анасынын куанганы, ал биреулер ушін бакыт деген балаларынын бакытты болганы. Ал егер де денсаулык пен бакыт болса, неге узақ омір сурмеске ?! Денсаулыгын мыкты болсың, бакыт кусы басына консын, омір жасын узак болсын!!!алдагы улттык бирынгай тесттен жаксы балл алып ,калаган маман иеси болуына шын журектен тилектеспин.
Информация к новости
  • Просмотров: 10638
  • Автор: aliya
  • Дата: 2-06-2012, 07:07
  • 0
2-06-2012, 07:07

60 жасқа құттықтау

Категория: Парасат (49-61), Соңғы қосылған дүниелер

Павлодар қаласының тұрғыны, бауырмал, қамқор туысымыз, Алтын жүректі, ақпейіл Мусина Балатай жеңгемізді шың жүректен туған күнімен құттықтаймыз. Ағайынға, жақын жұрағатқа ғана емес, өзін қоршаған барша жұртқа сыйлы, беделді, үлгі алар құрметті тұлға. Келешекте қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз дей отырып, төмендегі өлең жолдарың арнаймыз:

Метки к статье: жеңгеме тілек, 60 жасқа тілек

Информация к новости
  • Просмотров: 12556
  • Автор: aliya
  • Дата: 2-06-2012, 05:25
  • 0
2-06-2012, 05:25

Ғалия апама 50 жасқа тілек /қосқан Әлия/

Категория: Парасат (49-61), Соңғы қосылған дүниелер

Құрметті ағайын-туысқандар. Бүгін біз Ғалия апамыздың мерейлі 50 жас тұған күн кешіне жиналып отырмыз. Біз өте қуаныштымыз. Ақылшымызға, қамқоршымызға, тірегіміз апамызға, екінші анамызға, ақ тілекпен мына өлен жолдарың арнаймыз:

Метки к статье: әдемі тілек, 50 жасқа тілек

Информация к новости
  • Просмотров: 11657
  • Автор: aliya
  • Дата: 1-03-2012, 21:03
  • 0
1-03-2012, 21:03

70 жасқа құттықтау

Категория: Аталық (61-73), Соңғы қосылған дүниелер

Біздің Айжан апамыз осындай тілек шығарған. Рақым құдағиды бәріміз.құттықтаймыз.

Метки к статье: құттықтау, 70 жас

Информация к новости
  • Просмотров: 17256
  • Автор: janar
  • Дата: 17-02-2012, 03:55
  • 0
17-02-2012, 03:55

Мерейтой тілектері

Категория: Парасат (49-61), Аталық (61-73), Қарттық (73-тен кейін)

Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.

   Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында

Қарапайым өмір сүрген жан жүз  жасайды деген

сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында  

Информация к новости
  • Просмотров: 4746
  • Автор: janar
  • Дата: 28-12-2011, 04:13
  • 0
28-12-2011, 04:13

сыныптас досымның 70 жасқа толуымен құттықтау

Категория: Аталық (61-73), Досыма

Темірше Сарыбайұлы

Аш қасқырдай бізді қамап бар кемдік,

От та жақтық, су да әкелдік, нан көмдік.

Мына өмірге көнтерідей көндігіп,

Келе-келе, бара-бара әлдендік.

 

Қарынымыз қампимай-ақ қойды асқа,

Күнкөрістен болған да емес ой басқа.

Назад Вперед
^