Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 5247
  • Автор: janar
  • Дата: 30-05-2011, 10:35
30-05-2011, 10:35

Тілашар батасы

Категория: Тілашар тойы, Балаларға баталар, Соңғы қосылған дүниелер

Адам болар баланың,

Қайтармайық талабын.

Мектепті алғаш аттаған,

Құтты болсын қадамың.

 

Сәбиліктен марқайып,

Өскендігі санаңның.

Әріптерден сөз құрап,

Жорғаласын қадамың.

 

Үміттерін ақтай біл,

Әкең менен анаңның.

Жүрегіңе сақтай біл,

Жақсы сөзін дананың.

Сондай бала болсын деп,

Тілек айтар қазағым.

Балалы үйлер көбейіп,

Бола берсін базарың.

 

Осындайға жеткізсін,

Әрбір үйдің адамын.

Жастар өсіп қалқан боп,

Болса деймін қамалың.

 

Қой үстінде бозторғай,

Жұмыртқалар заманың.

Сол замандай болса екен,

Егеменді қазағым.

 

Бастарыңа бермесін,

Қыйыншылық азабын.

Жастарыма қонса екен,

Даналығы бабамның.

 

Әмин, Аллаһу Әкбар!

Мырзаханның Ақылбайы

Семей қаласы Мұқыр ауылы

 

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 4949
  • Автор: janar
  • Дата: 30-05-2011, 10:26
30-05-2011, 10:26

Сүндет тойға бата

Категория: Сүндет той, Балаларға баталар, Соңғы қосылған дүниелер

Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,

Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.

Қырық парыздың біреуі осы дейді,

Исламда атқарар міндетке арнап.

 

Айың жарық, күндерің ашық болсын,

Пәлі-құла Қырық кез қашық болсын.

Жүрегіне Алладан нұр құйылып,

Өміріне жететін несіп болсын.

 

Бұл сүндет Әлми сақтан порым болған,

Бұл Жұмай ақ тілеуімен орындалған.

Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін,

Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған.

Әмин, Аллаһу Әкбар!

Мырзаханның Ақылбайы

Семей қаласы Мұқыр ауылы

Информация к новости
  • Просмотров: 8107
  • Автор: janar
  • Дата: 12-05-2011, 18:41
Изменил: janar
12-05-2011, 18:41

Отау көтерген мерей тойға құттықтау

Категория: Отау көтерген мерей тойларға, Соңғы қосылған дүниелер

Өмірде сырбаз мінездерінен айнымаған, айналасына шапағатын шашып туған-туыс, дос-жарандарына сыйлы болған Өздеріңе денсаулықтарыңыз мықты болып, Алла берген жасты жасай беруді тілеймін.

         Құтты болсын торқалы той қызықтарың,

         Сыйлай берсін тек жақсылық ұл-қыздарың.

         Қуанта беріңдер тойдан-тойға шақырып,

         Туған-туыс, құда-жекжат, жиналып бүкіл жұртың.

         Жайқалған орман болып бұтақтарың,

         Өздерің ақылшы боп, қорған болып.

         Туыстар ортасында жүре беріңдер,

         Жұбайлық қос жүректер қатар соғып.

*******

_______ ақсақалды 70 жасқа толу мерейтойымен және құдай қосқан қосағы __________ отасқанына

50 жыл толған Алтын тойымен құттықтаймыз. Сіз кезінде ел экономикасының негізгі салаларының бірі - ауыл шаруашылығын өркендетуге барынша үлес қостыңыз. Қазір көпшілікке сыйлы зейнеткерсіз. Олай болса, қосақтарыңызбен қоса ағарып, немере-шөберелеріңіздің қызығын көре беріңіздер!

 

Шыққанда ел мен жұртқа жақсы атағы,

Жалғасар азаматтық бақ - сапары.

Жетпіске келді, міне, Сәлім құда,

Бүгінде бір ауылдың ақсақалы.

 

Өсіріп он баланы бәйбішесі,

Елу жыл жалғасыпты өмір кеші.

Мерейтой Алтын тоймен қатар кеп тұр,

Қарттардың арта берсін несібесі!

Информация к новости
  • Просмотров: 3465
  • Автор: janar
  • Дата: 6-05-2011, 13:18
  • 0
6-05-2011, 13:18

Қырық жыл үйіме

Категория: Отау көтерген мерей тойларға, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар, Соңғы қосылған дүниелер

Ғафу Қайырбеков

Қырық жыл Құдай бізді сақтағаннан,

Қаншама асу-белес артта қалған,

Қаншама қайрат жұмсау керек болды,

Бітпеуге адал үміт, аппақ арман.

 

Қырық жыл - ауыз үшін айту оңай,

Информация к новости
  • Просмотров: 11091
  • Автор: janar
  • Дата: 1-05-2011, 18:26
1-05-2011, 18:26

Жастарға тілек

Категория: Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

Ұлан, Гүлназ тойларың құтты болсын,

Тілектес достарыңмен орта толсын.

Шаңырағы биік боп ақ отаудың,

Босағасы мәңгілік биік болсын.


Информация к новости
  • Просмотров: 4580
  • Автор: janar
  • Дата: 1-05-2011, 17:20
1-05-2011, 17:20

Ұзатқанда

Категория: Қыз ұзату , Соңғы қосылған дүниелер

Ұлықбек Есдәулет

Менен туған жырлардың ең сұлуы,

Мен өсірген жемістің ең шырыны;

Шабытымның жаралған шұрайынан,

Тал бойынан табылмас кемшілігі;

Ет жүрегім осынау дүниеге

Еркелетіп жіберген елшілігі -

Қызым менің барады ұзатылып.

 

Ұзатылып барады Назым қызым,

Тіршіліктің ерітіп қалың мұзын.

Бүршік жарған көктемде, гүлін ашып,

Басқа бақта өткізбек жазын, күзін.

Ұзатылып барады Назым қызым.

 

Жаратылған жат жұртқа жазмыштан,

Ұясынан жаутаңдап қазым ұшқан.

Қимастық пен қуаныш тайталасып,

Күтті көңіл тылсым бір саз ұғысқан.

 

Ардағыңды алысқа қимағасын,

Ет кескендей етіңнен киналасың.

Жүрегіңнің тамырын жұлғандай-ау,

Ішке сыйып, сыртыңа сыймағасын.

 

Жыр оқыңдар, жігіттер, ән айтыңдар,

Достарымның қатарын қарайтыңдар.

Бұл өмірде онсыз да жетіп жатыр,

Ақындарды ақымақ санайтындар.

Информация к новости
  • Просмотров: 4110
  • Автор: janar
  • Дата: 17-04-2011, 22:24
17-04-2011, 22:24

Әріптестің үйлену тойына тілек

Категория: Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

Жанұя - жаңа өмір, нұрлы көктем,

Көктемді - қос әулеттің бірлігі еткен.

Аяулы жас шаңырақ - жас отбасы,

Сендерді құттықтаймыз шын жүректен.

 

Бәріміз бір достастық қалыпта өстік,

Бәріміз қазақ дестік, халық дестік.

Мадияр, Ақеркежан құттықтаймыз,

Атынан бауырластық - әріптестік!

Информация к новости
  • Просмотров: 2127
  • Автор: janar
  • Дата: 10-04-2011, 16:06
10-04-2011, 16:06

Сайт кірермені Талғаттың қосқан тілегі

Категория: Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

Үйлену тойына тілек
Шаңырақ құрған жастардың,
Қадамдары ақ болсын!
Махаббаты пәк болсын!
Тіл мен көзден сақ болсын!
Жаманшылық жат болсын!
Өсірген ұлың, түсірген келін жемісің
Жайқалып өскен бақ болсын!
Келер жылдар құт сыйлап,
Келіннің мына атына ,
"Ана" деген ат қонсын!
Немере сүйген ата-әжем,
Қуанып бір шал болсын!
Сол немерең есейіп,
Президент болсын десейік
Болмаса да шах болсын!
Дұшпандары мат болсын!
Сөздің келсем тоқтасына
Той иесі отбасына
Ағыла тасып бақ толсын!

Информация к новости
  • Просмотров: 13443
  • Автор: janar
  • Дата: 7-03-2011, 16:26
7-03-2011, 16:26

Ананың қыз ұзату тойындағы ақ тілегі

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Кеше ғана жүргендейсің балапандай бүлдіршін,
Білім алып, бой жетіп, ой түзедің.
Қанатың қатып, ұшып кеттің ұяңнан,
Қимастықтан ауырды менің жүрегім.

«Қыз - өрісің», «жат жұрттық» деген сөз бар,
Теңіңді таптың жүректен шыққан тілек бар.
Ақылды бол, еркелікті қоярсың,
Бір отаудың келіні сен боларсың.

Енеңді - анам, атаңды - әкем деп ойла,
Барған жерің - өз жұртыңдай сен сыйла.
Сонда ғана жағарсың сен еліңе,
Кір келтірме өзіңнің туған жеріңе

Құдай қосқан қосағыңмен қоса ағар,
Кешірімді, кішіпейіл болыңдар.
Аналық жүректен шыққан ақ тілегім,
«Қабыл болсын» деп Алладан тіледім.

Бір Алла тіл-көзден өзі сақтасын,
Жолдарың ақ, түзу болып басталсын.
Екі жасқа арналған осы ақ тілек,
Періштенің құлағына шалынсын.

Информация к новости
  • Просмотров: 11954
  • Автор: janar
  • Дата: 3-03-2011, 19:19
3-03-2011, 19:19

Ақ тілек

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Ақ Неке – Хақ Алланың шапағаты,
Ақ Ниет – ақ адалдың Махаббаты.
Ақ тойың ақ арманның күлкісіндей,
Ақ жүрек аңқылдасын бір кісідей.
Ақ Серігің қасыңнан табылғасын,
Ақ Махаббат, ақ шаттық арылмасын!
Ақ деген Сөз – тілегі бар Қазақтың,
Ақ сақалдың тілегі қабыл болсын!
Ақ сөзін ақ әжелер аямасын,
Ақ келін ақ мейірге саяласын.
Ақ пейіл адал Жарың ақ сезіммен,
Ақ Жан деп, ақ төсекте аяласын!
Ақ байлық қонсын әрбір мал басыңа,
Ақ көрпе құтты болсын жамбасыңа!
Ақ босаға – Ол сенің ақ Ырысың!
Ақ тілектің айналсын Ордасына.
Ақ Алла жамандықтан сақтандырсын,
Ақ Иман байлығымен шаттандырсын!
Ақ маңдай, ақ періште сәби үні,
Ақ шаңырақ ішіне Бақ қондырсын!

Бауыржан Қарағызұлы

^