Жиі оқылатын сөздер
Соңғы қосылған дүниелер
- ел, халық туралы мақал-мәтелдер
- "Үркер" тобының орындауындағы Наурыз әнінің сөзі
- Наурыз тойын тойлау үлгілері
- Мекемеде НАУРЫЗ тойын өткізудің бір үлгісі
- Наурыз тойының сценарийі
- Наурыз сценарийі
- 8 наурызға құттықтаулар
- Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер
- балаларға арналған Наурыз тойының сценарийі
- Ақан серінің әндері
60 жасқа толған әкеге тілек
Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.
Анамыз Айшаменен қанаттасып,
Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.
Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.
******
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!
*****
Әкеге тілек Жаржанова Ғалия жіберген тілек
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Құттықтап келді бүгін боталарың.
Әрқашан анамызбен аман болып
Тең көріңдер бала-шаға қуаныштарын!
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым!
Ерекше қайталанбас даралығың
Өміріме жол сілтейді даналығың!
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын.
Бақ-даулет, береке, ырыс болып
Сиынған ата бабам әруағы қолдасын!
Жетпіске толған әкеге Тамада кітабынан
Қалды артта
Жетпіс асу, қия шыңдар,
Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар.
Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,
Жас жігіттей әлі де қуатың бар.
Жария боп жақсы атың алты Алашқа,
Келесіз үлгі болып барша жасқа.
Жүрегі аузын ашса көрінетін,
Базары жайсаңдардың тарқамас та.
Толқын аңқылдадың ақтарылып,
Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып.
Ақ туын адалдықтың желбіреттің,
Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп.
Танытып еңбегіңмен сан қырынды,
Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.
Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,
Арнадың еліңе сен тағдырыңды.
Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.
Кемел Кеніш Әкеге арналған тілектер
Асқар тау тірегім – Асыл әке...
Сіз – теңіздің бастауы бұлақсыз,
Біз – көлдің сәні құрақпыз.
Сіз – сөздің басы сұрақсыз,
Біз - өміріңіздің байлауы, соңыңыздағы тұрақпыз.
Сіз – таудың шыңысыз, Папа!
Біз – сіз еккен баудың гүліміз.
Кілеміңіздің өрнегі сынды ұл-қыздарыңыз,
Папа!
«Әке – балаға сыншы» деген,
Өзіңізге мәлім қылығымыз бен тіліміз!
Үйіміздің шуақты нұры аяулы анамыз болса,
Бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз – асқар тау – Папа, сізсіз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңізсіз!
Бүгінгі ұлы жиыныңызбен сізді шын жүрегімізбен құттықтап, ұл-қыздарыңыз, немере-шөберелеріңіз ұзақ ғұмыр тілейді.
***************
Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді әрдайым мақтаныш етеміз!
Өмір жолында адаспау үшін білімді болуға, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған өзіңіз! «Балам, «көргенсіздің баласы» деген жаман атаққа қалма. Адал жүріп, тұр! Қолыңнан келсе жақсы іс жасап, алғыс ал» деген өсиетті құлағыма құйып тәрбиелеген де өзіңіз! Сіздің осындай тәрбиеңіздің шарапатын көп жерде көрдім, өмірден өз орнымды адаспай табуыма көп көмегі тиді. Сол үшін сізге мәңгі қарыздармын.
***********
әкеге тілек
Жан әке, Сіз ғой биік асқарымыз,
Сіз барда шайдай ашық аспанымыз.
Жұп жазбай анамызбен ғұмыр бойы
Бақ таймай, ұзақ болғай жастарыңыз.
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
********************
Той бүгін, шалқар шаттық төріндегі,
Күн бүгін, нұрын төккен көгіндегі.
Жетпіске толған шақта жан әкеміз,
Жан сырды ақтарайық көңілдегі.
Біздерді сәби кезден қаз бастаған,
Сол кезде жастықтағы қалмас тұрған.
Әкенің жолын қуып ұрпағың да,
Ұстаздық ұлы жолды жалғастырған.
Білеміз өміріңде сан із барын,
Бес балаң маздап жанған жұлдыздарың.
Өзіңді мақтан етер, ұлағатты,
Беделді, сыйласын деп ұл-қыздарың.
Тәрбиең өзің берген мол мұрадай,
Сан күйді шертіп тұрған домбырадай.
Ағайын, дос-жаранға сыйлылығын,
Көргенде өзге жұрт та таңғалады-ай.
Өмірде күндер кешіп жарасымды,
Жинадың зерделі ой мен бар асылды.
Әлі де ұзақ жасап ортамызда –
Тойлайық бірге өзіңмен бір ғасырды.
**************
әкенің 60 жасына
Балаларын қатарынан қалдырмай, қаз тұрғызған қамқор әке!
60-ты қазақта тал түс демей ме? Ендеше, бұл ер азаматтың ардақ пен мадаққа ең лайық шағы. Сол шағыңызда Тәңірдің шапағаты төгіліп, ғұмырыңыз салтанатты болғай.
**********************
Әкенің 70 жасына
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
70 жастың құтты болсын белесі.
Балаларың басыңдағы бағыңыз,
Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз.
Өзіңізді мәпелеген, баптаған,
Аман болсын анамыздай жарыңыз.
Осы өңірде кең керілген керегең,
Еңбегіңмен еселенген берекең.
Атасының амандығын тілейді,
Ерке, тентек, ақ пейілді немерең.
Ардақтайды ақсақал деп халқың да,
Біз секілді ұрпағың да артыңда.
Сексенге де, тоқсанға да жетіңіз,
Дәл осындай мейірімді қалпыңда.
***************
Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,
Таси берсін әманда ырысыңыз.
Немереңнің келіні сәлем етіп,
Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.
*********************************
Асқар таудай әкем – бақытымсың, бағымсың,
Өмірдегі, төрімдегі тағымсың!
Құтты болсын ......... жасың, жан әке,
Сағынышым, қуанышым, асқар шың.
Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан әке,
Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді.
Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда Сіздей әке болғасын.
**********************
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын.
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
**************
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved