Купить планшет, смартфон по низкой цене

Елін қорғау - ерге серт

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Оған қоса, алда келіп қалған 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні. Біз осы мереке туралы, жастарды отансүйгіштік сезіміне қалай баулу қажеттігі жайлы ойын білу үшін Ақмола облыстық сотының судьяларын сөзге тартқан едік.

 Ақжан Ештай, Ақмола облыс­тық сотының төрағасы:
– Қазақстан – кең байтақ, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар ме­кен етіп жатқан мемлекет. Елі­міздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кіта­бында «Ұлттық бірліксіз патрио­тизм жансыз» деген ой да айт­қан. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы – жастайынан па­триоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біт­кен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді.

***

Сәбит ӨСКЕМБЕКОВ, Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы:
– Біз қалай айтсақ та өт­кен өмірімізді сызып тастай алмаймыз. Ол мәңгілікке біз­дің жадымызда қалып қойды. Ұнасын, ұнамасын, ол бізге байланысты емес. Кеңестер одағы кезінде Қазақстан біз­дің туған жеріміз деп есептелді де, Кеңестер одағы біздің Отанымыз болып саналатын. Соған біз ант бердік. Орталық, батыс сияқты топтарды аға буын ұмытпаған шығар. Қолымызға автомат ұстап ант бергеннен кейін, бізді кенеттен соғыс болып қалған жағдайда екі сағат жауларды өз күшімен ұстап тұр деп оқытатын. Ол кезде бар қауіп Батыстан, НАТО-дан деп күттік қой. Кеңес сабақтары әр солдат сол міндетті екі сағатқа шыдауы керек деп үйретті. 23 ақпанда Кеңестік армия күні мерекеленетін, оны жоққа шығарып қажеті жоқ, біздің өзіміз егемендігімізді алғаннан кейін 7 мамырдың Отан қорғаушылар күні деп аталғаны да көңілге қонады. Қайсыбір жылдары бұл атаулы күнді 9 мамыр Жеңіс күнімен қосып жіберу керек еді деген де әңгіме шықты, Жеңіс күні ол өз алдына бөлек мереке, оны шатастырмауымыз керек. Ол біздің бабаларымыздың, әкелеріміздің қанымен кел­ген, сондықтан, 9 мамыр ол егемендік алғаннан кейін өсіп-өнген ұрпаққа отаншылдық сезімді ояту үшін өте қажет. 
 Отансүйгіштік қасиет ол әр баланың бойында болуы керек. Оны көбісі абстракция­лық ұғым деп түсінеді. Үлкен-үлкен лауазымды қызметте жүрген кейбір дүние-байлықты күйттеп кеткен шенеуніктер бастарына іс түссе, Отанын тастап шетелдерге қашып кетуі мүмкін, оларда ешқандай отан жоқ деп ойлаймын. 1937 жылы құрбандыққа шалынып кеткендер «өзге елде ит өлім­мен өлгенше, өз елімнің топы­рағы бұйырсын» деген түйсік­те болған ғой. Қазіргі басына іс түскендер солардай ерлік жасай алар ма? Бұл енді тәрбие басы тал бесікте жатыр, отаншылдық сезімі сәби кезінен санаға сіңіру­дің арқасында ғана даритын ұғым. 
***
Мейрам ҒИБАДІЛОВ, Ақмола облыстық сотының отставкадағы судьясы: 
– Отансүйгіштік сезім, рух ол біздің егеменді елімізді өркениетті елдердің санатына қосып, дамыған елдердің қатарынан өзіне тиесілі орын алуына ықпал ететін алып қуаттардың бірі. Өзінің төл тарихы, тілі, өнері және кәсіби мерекелері мен экономика­лық қуаты жоқ ел ешкімге де тірек бола алмайды. Ал, ол сезім­дердің бізде бар екенді­гін көрсетіп, басқа елдерге дәлел­деу үшін ең алдымен өз Отаныңды сүйіп, оның қадір-қасиетін керемет біліп, мақ­таныш ете алу деңгейінде болуың керек. Біз жастардың бойында да осы қасиеттердің болуын қамтамасыз етіп, тәрбиелеуіміз керек. Биыл Қазақстанның Қарулы күш­теріне 20 жыл болып қалған екен. Біз Кеңес өкіметінің тәрбиесін көріп өскендерміз. Біздермен салыстырғанда тәуелсіз ел жастарының бір­шама ұлтжанды, отансүйгіш болып өсетініне сенімдімін. 
***

P.S. Ұлтымыздың қаһарман жазушысы Бауыржан Момышұлы патриотизм ұғымына философиялық тұрғыда анықтама беруге ұмтылған. Ол: «Ұлттық патрио­тизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқы мен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этно­графиялық ерекшеліктері қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты», – деген екен. Бұған біздің алып-қосарымыз жоқ.

Айсұлу РҮСТЕМБЕК
Ақмола облысы

[url=http://][/url]

Толығырақ...


7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтау тілектер

Отан қорғаушылар күнімен құттықтау тілектер

Толығырақ...


ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығына байланысты Елбасының құттықтау сөзі

2012 жыл, мамырдың 7-сі
Н.Назарбаевтың құттықтауы
Құрметті қауым! баршаңызды бүгінгі мемлекеттік мереке деп жарияланған Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біз жақында бірлік мерекесін тойладық. Енді ерліктің мерекесін атап өткелі отырмыз. Тәуелсіздіктің өткен 20 жылдығы 

Толығырақ...


Қаһармандық дәстүрдің жарасты жалғасы

Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Біздің елімізде Отан қорғаушы күні 7 мамырда арнайы аталып өтеді.

  Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты мәжілісте Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің сөйлеген сөзі.

Толығырақ...


7 Мамыр ҚР Қарулы Күштері күніне арналған тілек

Құрметті, жігіттер, әріптестер!

7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күні. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер.

Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын.

Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей
сүйікті болыңыздар.

Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін.

Ботагөз Сәдібек

Толығырақ...


Отан қорғаушылар күніне тілектер

 

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!

******

         Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

         Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

         Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

********

         Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

********

         - Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген  аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.                       

*****

         Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!

*****

         Бар өмірін әскери іске арнап,  күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

******

     Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

      - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді.

      Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:

      - Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын!

      - Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт.

      Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:

       - Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.

       Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін.

                                               ************

Толығырақ...


«    Март 2013    »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami