Интернет-магазин Flip.kz

Ағаға тілек

Жан аға өміріңнің өріндесің,

Қарындас көңіліңнің төріндесің.

Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ

Тағдырдың сындарында жеңілмесін.

 

Келеміз қиялардан күн кешіп те,

Бауырлық бал сезіммен үндесіп те.

Тербеткен анамыздан айналайын,

Үш ұл алты қызды бір бесікте.

 

Жақсы аға күнде шуақ жағар жанға,

Мерейім өсіп тұрар ағам барда.

Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,

Келесің жарық сыйлап адамдарға.

 

Ағаға ақ тілегім ақтарылсын,

Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.

Қарасай баба рухы қолдап әркез,

Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.

 

Шашамын жан нұрымды жарқылдатып,

Тілеймін саған әркез жарқын бақыт.

Ағаға арнап бауыр махаббатын,

Жүремін жүрегімді мен тулатып.

 

Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,

Атыңды асқақтатып ән сап жүрем.

Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,

Жан аға, періштеңдей қоршап жүрем.

 

Анарың – аялдаған асыл жарың,

Ұлдарың – ұлан асу, жасыл бағың.

Қайда деп қарындасым іздегенде,

Мен де әркез, асыл аға, қасыңдамын!

******

Толығырақ...


Әпкеме тілек

Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті

әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз!

 

Жан әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым,

Шыққандай жанарыңнан жадырап күн.

Ең алғаш сен туып, қуантыпсың

Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.

 

Естияр боп тірлікте баянды кем,

Еркелетіп бәрімізді аялап ең.

Жарың кетті бақиға, сен қамықпа,

Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең.

 

Балаларың – мәңгілік қуанышың.

Ұстаздық бақытың бар – жұбанышың.

Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз.

Нағыз алтын жарқырап тұрады шын!

*****

Толығырақ...


Ағаға тілек

Пейілің кең ешқашанда жұтамас,

Қонақ келсе төріңді ұсын, құшақ аш.

Бауырларың – жал құйрығың, қанатың,

Қанаты жоқ қыран көкке ұша алмас.

Толығырақ...


Абзал аға Тамада кітабынан

Шақырып асқақ арман, дулы дүрмек,

Жүресіз жүректерден жылу іздеп.

Алатау – арқа сүйер ағамызсыз,

Жалғайтын жолыңызды ініңіз көп.

 

Ізетті қалпынан еш өзгермеген,

Инабатты, көлденең сөзге ермеген.

Жақсылық жасадым деп дандайсымас,

Бәрінде парасатпен безбендеген.

 

Мәрт жүрек әспеттеген сырласын әр,

Қозғалмас тау қозғалса тұлғасы бар.

Өзіңдей көріп жұрттың барлығын да,

Жасауға бір жақсылық күнде асығар.

 

Дауырығып бостан босқа ісінбеген,

Өзгеге көлеңкесін түсірмеген.

Адамсыз шен-шекпенге қызықпаған,

Әр сөзің дәлелденген ісіңменен.

 

Бүкіл жұрт мәрттігіңді қылған аңыз,

Алтынмен жазылыпты жылнамаңыз.

Құрметтеп, хан көтеріп төбемізге,

Ағажан, өзіңізден үлгі аламыз.

 

Толығырақ...


Ағамның қырығына

Аға қырыққа толғанда

Таң күліп,

Жұлдыз жанып пейіліңе,

Халықтың кірдің, сірә, сеніміне.

Бұл күні салауатты жігіт көрем,

Басылған жастық шақтың желігі де.

 

Жеңгеміз

Жүр көшіңді өрге сүйреп,

Келеді тірлігіңнің керуені боп.

Жаныңда құлындарың шапқылап жүр,

Ойлағын бір құдайдың бергені деп.

Толығырақ...


Ағама

Аға, сізді ойласам, шаттанамын,

Тербеледі толқындай бақ талабым.

Жүрегімде өзің деп оянады

Тастай қатып ұйықтап жатқан әнім.

 

Шүкір деймін өзіңдей жан барына,

Жақсылықты тілеймін жалбарына.

Сіздей аға бар болса – біздей іні

Алаңдамай қарайды алдарына.

Толығырақ...


Ағаға тілек

Ағаға тілек

Аға, сізді ойласам, шаттанамын,

Тербеледі толқындай бақ талабым.

Жүрегімде өзің деп оянады

Тастай қатып ұйықтап жатқан әнім.

 

Шүкір деймін өзіңдей жан барына,

Жақсылықты тілеймін жалбарына.

Сіздей аға бар болса – біздей іні

Алаңдамай қарайды алдарына.

****

Толығырақ...


Кемел Кеніш Әпкеге тілек

Көрсетіп жанашырлық жиып көшін,

Бауырлық сезімімді иіткенсің...

інімнің мәртебесін биіктеттің,

Сіздің де мәртебеңіз биіктесін!

 

Даланың сияқтанған дара дүзі,

Жақсының бұл өмірде қалады ізі...

Есімің жүреді іні ізетінде,

Қазақтың қарапайым қара қызы!

 

Ардақты әпке!

Қуанышыңыз құтты болсын! мықты денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт тілеймін.

*************

Айтқанда туған жерді дір етпес кім,

Жаралған топырақ – бір, жүректесің:

.................... өңірінің төлі ғой деп,

Әрдайым сыртыңыздан тілектеспін.

 

Жаның сұлу үйлескен – тылсым делік,

Жемісіңді еліңе жүрсің беріп.

Қазағымның бақ қонған қызы едің,

Мақтанамын киелі бір шың көріп!

*************

Төбемізден төге бермес шуақты,

Тағдыр шіркін қатыгездеу болса да.

Жаны жайсаң асыл әпкем сияқты,

Жақсы адамдар тіршілікте қаншама!

**********

Толығырақ...


Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Ал, Аға, құтты болсын 50 жасың,

Әр уақытта домалап өрге тасың.

Ұшырған бәрімізді осы ұядан,

Әрдайым аман болсын алтын басың.

 

Шаңыраққа ие, біздерге аға болар,

Ағасы бардың дейді жағасы бар.

Өткізіп өміріңді қызықпенен.

Келешек қосағыңмен қоса ағар.

 

Айтарымыз ақ шашты анамызға

Мерей той куәгері балаңыз да.

Осындай қызықтарға куә болып

Жүре бер әрдайым ортамызда.

***********

Толығырақ...


50 жасқа тілек

     Ардақ тұтар абзал ағамыз ер-азаматтың кемел жасы елуге толуы - біз үшін үлкен қуаныш.

Ағайынға, жақын-жұрағатқа, қызметтес әріптестеріне ғана емес, өзін білетін барша жанға сыйлы, беделді ағамызды және онымен өмірдің қызық-қуаныштарын бірге бөліскен асыл жеңгемізді адал көңіл, ақ ниетіммен құттықтаймын.

   Тағдыр ұзағынан сүйіндірсін, шаңырақтарыңыздан лайым шаттық, құт-береке үзбесін, мерейлеріңізді дәйім үстем етсін, балаларыңыздың қуанышына кеңелтсін.

**********

Толығырақ...


SMS.копилка
«    Март 2011    »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 
Құрметті қонақтар! "Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді" - дейді. Ал мың кісінің алғысы бір кісінің тон болып тәнін жылытпаса да, жанын жылытады. Көңіліңізден шыққан дүниелер үшін ризашылығыңызды білдіргііңіз келсе, төменде орналасқан жарнамалық сілтемелердің бірін түртуіңізге болады.
Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami