Интернет-магазин Flip.kz

Ғашығыма

«Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді»;

«Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды»;

«Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін»;

«Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме».

******

Жұмаханова Жанаргүл қосқан екі сөз

Мені, бір сағатта 60 минут, ал бір минутта – 60 секунд бар деп үйретті. Бірақ сенсіз өткізген бір секунд – тұңғиық екенін ешкім үйретпепті.

*******

Менің көздерім журегіме кызғаншақтықпен қарайды. Білесің бе, неге?! Өйткені, сен менің көздерімнен алыс болсаң да әрдайым менің жүрегімдесің!

*******

Толығырақ...


Тілектер

Тамада кітабынан

Жарыңның қабағына мұң түсірме,

Бақыт бар уайым жоқ, шат пішінде.

Жүрегіңде мейірім, иман болса,

Қадірлейді жар түгіл, жат кісің де.

 

*****

Әлпештейді, аялайды адал жар,

Жар жылуы – жүрекке нәр, соны аңғар.

Өзіңді өзің құрметтегің келсе егер,

Аяулыңды жүрекпен сүй, адамдар.

*****

Жүрер біреу жарының, жанын ұқпай,

Жүрер біреу әлпештеп, абыржытпай.

Өзің сүйіп алдың ба,

Өмір бойы,

Әйеліңді қадірле қалыңдықтай.

Толығырақ...


Жар жанары

Тамада кітабынан

Асыл жар, аяулы жар, құдай қосқан,

Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан.

Егер де сен болмасаң, көкте күн мен,

Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!

 

Жаратқан ұлда берді, қыз да берді,

Түсіме ене алмайды қыздар енді.

Өзіңсің бақ жұлдызым жарқыраған,

Табамын жүрегіңнен ізгі әлемді.

 

Уық қостың сен менің уығыма,

Жылынамын жаныңның жылуына.

Жар болғалы өзіңді ұмытқансың,

Өбектеп менің ыстық – суығыма.

 

Шаттығын тіршіліктің тең бөлісіп,

Аққудай аялайсың көлбеп ұшып.

Қылығың, еркелігің, нұрлы жүзің,

Сонау бір, алғаш көрген, кезден ыстық.

 

Аяулым, жаулап алған ер жүрегің,

Әлпештеп анама ұқсап елжіредің.

Бар бақытым бір менің басымдағы

Қарашы, жанарыңда мөлдіреуін.

Толығырақ...


Аруға

Тамада кітабынан

Тек өзіңсің сырларым да ақылшым,

Өзге арудан жүрегіме жақынсың.

Бір сен үшін аттанамын бел буып,

Мейлі қандай қиын сапар шақырсын.

 

Саған төгем жүрегімнің жылуын,

Сенсіз маған өмір, шаттық-тұл ұғым.

Мен қай жаққа аттанбайын бәрі бір

Күтіп тұрар сенің табалдырығың.

Толығырақ...


Ғашығыма

Тамада кітабынан

Бұйығы тартқан қалпым бар,

Болған соң саған шын ғашық.

Сен барда – жаным жарқылдар,

Жоқ болсаң – қалар мұң басып.

 

Сұрама оның себебің,

Сыры бар жұмбақ, астарлы.

Жарқырап тұрар әдемі,

Жұлдызы сенсің аспанның.

 

Ойларға батқан кезімде,

Үздігем қара көзіңе.

Бөлейтін іңкәр сезімге,

Бақыттың кілті өзінде!

Толығырақ...


Аруға Тамада кітабынан

Жанымды жебейді бір шуақты үміт,

Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.

Түндегі шақырасын шамшырақтай,

Дәтіме келем сені қуат қылып.

 

Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,

Көңілді күй ойнатып күмбезіне.

Жанарым қарағанда тайқып кетіп,

Қаймығам қарағандай күн көзіне.

 

Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,

Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.

Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,

Дауылдай тынышымды бұзып едің.

 

Толқытып тұнық сезім еркім кетті,

Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.

Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,

Сүйгенде сені ғана серпілмекші.

 

Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,

Қылығың, мінезің де ұнасымды.

Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,

Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!

Толығырақ...


Кемел Кеніш Жарға тілек

«Керегенің басында оймақ тұрар,

Кедейшілік жігітке қой бақтырар.

Алған жары жігіттің жақсы болса,

Атын байлап алдында ойнап тұрар» -

 

Деп жырлайды бұл қазақ өлеңі,

Қара өлеңі – ақсақал көрегені.

Жарға теңеп жатады үйдің отын,

Жарға теңер төсек пен керегені.

 

Жарқыратып жүретін арман-арай,

Жырлар жазған жар жайлы толғап Абай!

Жары жақсы жігітке бақ қараған,

Шаруасы дөңгелеп алға қарай.

 

Жары жақсы жігіттің – аспаны ашық,

Әр күн оқыр қызықты дастан ашып!

Жақсы жары – жігіттің берекесі,

Күннен күнге көбейер достары асып.

 

Ана атын жүргендер жасап ұран,

Бұл сөзіме келтірмес аса күмән!

Бағы ашылған жігітке құдай берген,

Бағы ашылу – жігіттің қосағынан!

 

Жарың – жаның,

Жолдасың – алқаласың,

Тойлап жатыр сол бүгін орта жасын.

Жақсы жары – жігіттің алтын тәжі,

Басыңдағы базарың тарқалмасын!

***********

Толығырақ...


Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

45 – жасқа

 Туған күні  құтты болсын отбасының

45 – деген бұл өмірде жарты ғасыр

Ұлыңның қызығын қызықтай бер

Әр уақытта домалап өрге тасың.

***********

Кетірмеген берекесін дастарханның,

Туған күні құтты болсын От-анасының.

Тағы да осыншама өмір сүріп,

Қызығын қызықтай бер жалғызыңның.

**********

Туған күні  құтты болсын жолдасымның

Он бес жыл отасқан от басымның

Кім білед енді қанша боларымды

Өзіңе неке қиған отағасының.

Тілерім зор денсаулық, ұзақ өмір тау халқының,

Жақсылығын тілеймін бұл жалғанның,

Арадағы жалғыз бұтақ, жалғыз ұлың,

Көр соның жапырағының жайқалғанын! 

***********

Толығырақ...


Отағасының 50 жылдығына

Құрметті отағасы! Ердің жасы –  50-ге келген мерейлі сәтің құтты болсын!

Өмір көшін біз бірге бастап едік,

қалыпсың сен де 50 жасқа келіп, -

ұл-қыз тәрбиелеп, жарыңды аялап, ата-анаңды қастерлеп, әкелік, жұбайлық, перзенттік парызыңды адал атқарып келесің. Әрдайым шаңырағымыздың тірегі, қамқоршысы, отбасымыздың берік діңгегі болдың. Талай асуларды табандылықпен жеңіп, нелер қиындықтарды қажырмен жеңдік. «Елу – тал түс» демей ме? Ендеше алдағы өмірде де туғанға сыйлы, кейінге үлгі бола бер. Күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып жүре бер!  Денсаулығың күйлі-қуатты, ғұмырың ұзағынан, көрер қуанышың молынан болсын деймін.

 

****************

Толығырақ...


SMS.копилка
«    Март 2011    »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 
Құрметті қонақтар! "Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді" - дейді. Ал мың кісінің алғысы бір кісінің тон болып тәнін жылытпаса да, жанын жылытады. Көңіліңізден шыққан дүниелер үшін ризашылығыңызды білдіргііңіз келсе, төменде орналасқан жарнамалық сілтемелердің бірін түртуіңізге болады.
Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami