Бақыт деген не өзі?!
Бақыт деген не өзі? – деп, бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады:
Бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең,
Категория: Өлең - сөздің патшасы
Бақыт деген не өзі?!
Бақыт деген не өзі? – деп, бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады:
Бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең,
Категория: Туған күнге тілектер, Өлең - сөздің патшасы
Бір жас бар – 10 жас деген - ойнақтаған,
Тай мініп,жабағыны ойнақтатқан.
Келген соң одан әрі – 15 жас бар,
Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.
20-да өз жүзіңді түзейсің ғой,
Шашыңды кейін қарай күзейсің ғой,
Үлгісін ағалардың көргеннен соң,
Ой-ойлап әр нәрсені жүдейсің ғой.
***************
Категория: Өлең - сөздің патшасы
Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ – жетуге асығамыз,
Жете салып, кетуге асығамыз.
Таңда – балабақшаға асығамыз,
Түсте –
Категория: Анама, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар
Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ..
*****************
Категория: Анама, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
************
Категория: Әкеме, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар
Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
************
Категория: Жарыма, Отан қорғаушылар күні, Ер-азаматтарды құттықтау, Өлең - сөздің патшасы, Соңғы қосылған дүниелер
Әйел достар,
Еркектерді жөндеп күтіп бағыңдар,
Оларға ылғи жағыныңдар, жағыңдар,
Толып жатыр өкініштің себебі,
Еркек деген өте нәзік келеді.
Сұлу көрсе, сұлу көрсе, тез босайды буыны,
Әсер еткіш оған күннің суығы,
Еркек деген о бастан-ақ шаршауық,
Қозғамаңдар жатса-дағы жау шауып.
*************
Категория: Оқуға байланысты, Өлең - сөздің патшасы
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.
****************
Категория: Іні-қарындастарға, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар
Мен көрмесем деп ем,
Төккенін көзіңнің мол мұң,
Шыққанын сөзіңнің солғын,
Менің өмірім бір кітап десем,
Үлкен ғой онда өзіңнің орның.
Бар күйі шертілген жоқ
Жастықтың сазының да әлі,
Жайлауым жазы құмындағы,
Сен бір қызық тараусың, інім,
Өмірімнің мазмұнындағы.
Мен саған саясын тіледім
Категория: Туған күнге тілектер, Туған күнге тілектер, Өлең - сөздің патшасы
Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,