» » » Ана тілі туралы өлеңдер, тақпақтар
Информация к новости
  • Просмотров: 322431
  • Автор: janar
  • Дата: 5-09-2011, 08:41
5-09-2011, 08:41

Ана тілі туралы өлеңдер, тақпақтар

Категория: Ана тілім - айбыным!, Соңғы қосылған дүниелер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

СҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІ

Сүйсем өз тілімді,

Боламын білімді:

Өз тілім үйретер,

Өнерді, ғылымды.

Сүйем өз тілімді.

                                     Әдібай Табылды

 

АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА

-Ана тілі тым оңай!

Деп Күлдірген тыңдамай

Терезеге қарады,

Теректерді санады.

Оны көріп мұғалім,

Қойды кенет сұрағын:

-Айтшы, тұрып сен енді

Анықтауыш дегенді.

-Анықтауыш ... Әрине ...

Анықтайды бәрін де ...

Күбір сөзі ұзарып,

Күлдірген тұр қызарып.

Ана тілін білмесең,

Аһ ұрасың күнде сен.

                                      Әдібай Табылды

 

АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

                                      Қ.Мырзалиев

 

 

АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ

Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

                                      М.Әлімбаев

 

АНА ТІЛІ

Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

 

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін  терең білуді.

                                      Ә.Табылды

 

АНА ТІЛІМ

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім – болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім – болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

                                      С.Кәттебайұлы

 

АНА ТІЛІ

Мейірі мол балаға

Барлық, барлық анаға,

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп.

 

Даламыздың үні деп,

Ана тілін,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз.

                                      Ш.Сариев

 

Туған  тілім – бабам тілі - өз тілім.

Туған тілім – анам тілі - өз тілім.

Туған тілім – далам тілі - өз тілім.

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.

                                                                  Д.Әбілев

 

 

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ РУХЫНА

Қасиет атаулының барлығы да

Халықтың кірігеді нарлығына ...

Өзіңді ұйпаса да өрттей тағдыр,

Артыңда тот шалмайтын қалды мұра.

Ана тіл ғылымының Абайысың,

Туғандай ұрпақтардың талайы үшін.

Сақтаған жүрегінің күмбезінде

Туған ел сені өлімге қалай қисын?!

 

Ғұлама, халық жанды ғазиз бабам!

Халқыңнан бір сәтің жоқ ажыраған.

Келесің өлмей жасап, шырақшы боп,

Ана тілі – асыл жиған қазынаға.

 

Алуан алыс-жақын көршіміз де

Сыйлаған, қызыққан да өршіл ізге:

Сен – Адам-Академия! Сахарада

Тарихтың бұйырғаны еншімізге!

 

Аққудай қайта қондың Ақкөліңе,

Қазақтың қайта отырсың қақ төрінде!

Бірінші кластықтар жазып жатыр:

“Әділдік”, “Ақиқат” деп дәптеріне!

                                                        М.Әлімбаев

 

АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА!

Тілін білген Абылай, Абайым да,

Құдырет берген ана тіл талай ұлға.

Қасиетті сол тілдің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайын да.

Ана тілім, күмбірле сарайымда!

 

Тағдырым, даралама тілден мені,

Тіл – елмен қауыштырар іргемдегі.

Тіл – елмен табыстырар алыстағы,

Аспандатар жердегі жүрген мені.

 

Тілмен өрлер мерейім өрлесе де,

Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме?

Тілер едім таусылса ақтық демім,

Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де...

 

Ерекше бір сән беріп көшке бүгін,

Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім.

Ана тілім рухымды көтереді,

Самал тербеп тұрғандай текше гүлін.

 

Өмір кешіп басынан ала құйын,

Жат жерінде күңіренткен дара күйін;

Атамекен,

Аңсаған Ана тілін,

Арманда өткен Мысырда Фарабиім!..

 

Көме түсіп көкірекке кекті мұңын,

Жетпіс жылды өңгеріп өтті күнім.

Ана тілмен жазған ғой Мұса Жалил

Түн – түрмеде отырып отты жырын...

 

Ана тілсіз тарих та жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.

Желмаяның үстінде желіп жүріп,

Күңіренбеген тектен –тек Асан Қайғы

 

Тілін білген Абылай, Абайым да,

Құдірет берген Ана тіл талай ұлға.

Қасиетті тілімнің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайын да.

Ана тілім, күмбірле сарайымда!..

 

*  *  *

Бәлкім, дарыр жаныңа сенің де өнер,

Сонда ғана бір жүгім жеңілденер.

Қара бұлттар айығып аспанымнан,

Күңгірт тартқан жан дүнием көңілденер.

Ана тілмен сомдалар тыныстағы үн,

Ана тілді мен дәйім пір ұстадым.

 

Ана тілдің жолында ұғын, балам,

Садақа ғой

Даңқ пен күміс тағың!..

                                                        М.Айтхожина

 

АХМЕТ ЖӘНЕ АНА ТІЛІ

Қазақтың әсте  елеңдер

Аз емес лағыл-жақұты ...

Ахмет, ақаң, кемеңгер –

Ана тілінің бақыты.

 

Ұрпағын ақын мінесе,

Ұға ма мәңгүрт,

Мақаулар?!

Алтындай қымбат мың есе

Ахмет тапқан атаулар.

 

Жылына емес,

Күніне

Жүз мәрте кіріп майданға,

Құдыреті бар тіліне

Құдырет қосқан пайғамбар.

 

Ұйқылы-ояу өмірде

Оятты ол неше жұртымды,

Сезінбес бұлай Тәңір де

Өзі жаратқан бір тілді!

 

Біліңіз!

Жақсы біліңіз!

Ұстаңыз есте ұдайы:

Қашан да

Ана тіліміз –

Қазақтың басты құдайы.

                                                        Қ. Мырза-Әли

 

АРДАҚТА, АНА ТІЛІҢДІ!

(Ахмет Байтұрсынұлы монологы)

 

Балғын ұрпақ, жолыңа нұр тіледім,

Аулақ болғай сендерден мұң сілемі.

Ана тілін қорсынар кейбіріңнен

Жәбірленіп, жаныммен түршігемін.

 

Көшкен елмен өмірдің күн шуағын,

Кейде ауыр ойлардан тұншығамын.

Ана тілім – қасиетім жырымдағы,

Тілім бітсе, халқымның құрығаны.

 

Сәлем саған, жас буын жалғастарым,

Болашақта сендермен жалғасамын.

Тек жалғасам қазақтың тілі арқылы,

Ана тілін ауадай ардақтағын!

 

Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден  басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!

                                                                 Ә.Сәрсенбаев

 

СОЛ ТІЛМЕНЕН ДҮНИЕНІ АТТАДЫМ

 

Сол тілменен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

 

Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.

Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,

Талайлардың көз жастарын құрғаттым.

 

Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім

Сол тілменен көгершінге жем бердім.

Сол тілменен дүниеден кетемін,

Сол тілменен дүниеге мен келдім.

                                                                  С.Мәуленов

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

 

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың ...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

                                               М.Жұмабаев

 

АНА ТІЛІМ

 

Ана тілім –

Анам тілі болғаннан,

Ана тілім - 

Бабам тілі болғаннан,

Далам тілі,

Балам тілі болғаннан,

Арғы-бергі Заман тілі болғаннан ...

Темірқазық жұлдызым деп ұқтым мен,

Жаза басып,

Жаңылыссам жолдардан,

Бағыт сілтеп,

Бағдарымды оңғарған!

 

Тірлігімнің,

Бірлігімнің нәрін мен

Жұтар ауам,

Ішер суым, дәміммен –

Тіл деп ұқтым,

Тіл деп ұқтым бәрін мен

Құдыретті тәңірден!

 

Жара түссе жазатайым жаныма

“Айналайын!” деген сөзден табылды ем.

“Тіл өлгеннен - өлмейді адам”, - дегенді

Көп естідім,

                   Бірақ оған мен енді

сенген жоқпын,

Тілсіз, ділсіз адамдар

көкірегі – көр, сезімі – тас керең-ді,

Көре алмайтын Биіктікті,

Ұға алмайтын Тереңді!

 

Сусыз, нұрсыз өспейтіндей гүл,

Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.

Аспан, Жердің амандығын апаттан

Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,

Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?

 

Жалғасқанда жақсылықтың жолы әман,

Дүние – думан,

Шалқып – толқып толар ән.

Сырым – жырым,

Әнім – күйім,

Зар – мұңым,

Қуанышым – бұла күшім,

Таң нұрым –

Бабам тілі,

Анам тілі, бол аман!

                                                        Е.Зікібаев

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,

Құлап жаттым құшағында көк мұздың.

Қасіретімді қазақ тілін қанат қып,

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

 

Көкірегінен атылса да оқ күздің,

Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім.

Шаттығымды қазақ тілін қанат қып,

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

                                               С.Мәуленов

 

         *   *   *

Ей, туған тіл! Ата-анамның бал тілі!

Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған,

Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам.

Ей, туған тіл! Ертелі-кеш қуатыңмен өзіңнің,

Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім.

Ей, туған тіл! Туған тілде тілек  айттым мың рет,

Ата-анамды, мен пақырды  жарылқа деп, құдірет!

                                                        Ғ.Тоқай.

 

ТУҒАН ТІЛ ТУРАЛЫ ТӨРТТАҒАНДАР

 

Уақыттың желі аңызақ, күні небір,

Заманның болмай тұр ғой мұңы жеңіл.

Күн-көрік, ай-шырайлы Ана тілім!

Айнаңды сүрткім келер күніге бір.

 

*   *   *

Бұл кімнің қайдан шыққан бүлігі еді:

“Қазақ тілі – көшпенді тілі” деді.

Аристотель қазақша сөйлеп кетсе

Грекшесі пәс шығар ... кім біледі?!

 

*  *  *

Қазақ тілі – парасат тілі  нағыз;

Төле  - толғау ...Абай – ой... шырын – аңыз...

Сайратып қойып Әбіш, Ақселеуді,

Сабырмен тыңдай берсек, тынығамыз.

 

 

*  *  *

Тіл арқылы асқақтар мінбе кейде,

Ғасырларда қорланар тілде бейне.

Күй сазындай күмбірлеп, әндей ескен

Алты жүз эпосы бар тіл кедей ме?!

 

*  *  *

Қадырын сұлу білмес өз көркінің,

Ару тіл жайлап жаяр саз толқынын,

Шәкірт курд... тілші жапон ... елші венгр...

Сұрайды қазақшалап сөз төркінін.

 

*  *  *

Алаңсыз серуен күнге, думан түнге,

Халқымды, - деп іздедім, - қуанту не?

Түбі бір түркі тілдер кенішінен

Қазына қанша әкелдім туған тілге?!

 

 

 

                                      *  *  *

“Ана!” десем ана тілі ойға оралар.

Баладай қуанарсың тойға барар.

Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл

Олжам да қанжығама байлап алар.

 

                                      *  *  *

Тере білсек бір – бір ауыз қара өлең,

Неше миллион інжу-маржан шамамен?!

Қанша гүлден “қазақ тілі бақшасы,

Қандай дана өлшер қандай бағамен?!”

 

                                      *  *  *

Ерке тіл, еркелеткіш тілім – кенім:

“Еркежан, айналайын, күнім менің,

Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым”,

Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!

 

                                      *  *  * 

Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?

Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.

Туған тілде ас қайырған сайын да,

Оқығандай серпіліп қал бір дұға.

 

                                      *  *  * 

Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,

Жарқырат қазақ тілі алмастарын.

Халқына олжа салған айта алады,

Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?!

 

                                      *  *  * 

Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,

Өміршең өзіміздің тілден таптым.

Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,

Аялап халық баққан гүл мен бақтың.

                                                                  М.Әлімбай

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<

31 марта 2013 17:31

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
сайт просто супер!)большое спасибо!то что мне надо и то что я искала!керемет!
<
винкс стелла

19 марта 2013 14:14

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
дәл керегі осы сайттттттыыыыыыыыыыыыыыы пацелию wink smile
<

6 марта 2013 09:55

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Қыздар қыздар неткен сұлусыңдар
<

5 марта 2013 18:51

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
smile тема ,,,,, маган қатты ұнады tongue
<

4 марта 2013 17:49

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
wink
<

3 марта 2013 17:23

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
КЕРЕМЕЕЕЕЕТ!!!
<
диляра

1 марта 2013 20:07

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
love
<
диляра

1 марта 2013 20:05

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
жақсы. маған ұнады. мерекеңіз құтты болсын!
<

28 февраля 2013 17:09

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
КЕРЕМЕТ САЙТ
wink winked
<

24 февраля 2013 13:32

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
күшті сайт не керегін тауып аласын!маған өте ұнады! wink
<
аружан

21 февраля 2013 10:55

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
это классно АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА!

Тілін білген Абылай, Абайым да,

Құдырет берген ана тіл талай ұлға.

Қасиетті сол тілдің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
М.Айтхожина
<

19 февраля 2013 18:53

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
бәрі маған ұнады**** winked

<

19 февраля 2013 18:51

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
АНА ТІЛІМ

Ана тілім –
Анам тілі болғаннан,
Ана тілім -
Бабам тілі болғаннан,
Далам тілі,
Балам тілі болғаннан,
Арғы-бергі Заман тілі болғаннан ...
Темірқазық жұлдызым деп ұқтым мен,
Жаза басып,
Жаңылыссам жолдардан,
Бағыт сілтеп,
Бағдарымды оңғарған!

Тірлігімнің,
Бірлігімнің нәрін мен
Жұтар ауам,
Ішер суым, дәміммен –
Тіл деп ұқтым,
Тіл деп ұқтым бәрін мен
Құдыретті тәңірден!

Жара түссе жазатайым жаныма
“Айналайын!” деген сөзден табылды ем.
“Тіл өлгеннен - өлмейді адам”, - дегенді
Көп естідім,
Бірақ оған мен енді
сенген жоқпын,
Тілсіз, ділсіз адамдар
көкірегі – көр, сезімі – тас керең-ді,
Көре алмайтын Биіктікті,
Ұға алмайтын Тереңді!

Сусыз, нұрсыз өспейтіндей гүл,
Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.
Аспан, Жердің амандығын апаттан
Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,
Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?

Жалғасқанда жақсылықтың жолы әман,
Дүние – думан,
Шалқып – толқып толар ән.
Сырым – жырым,
Әнім – күйім,
Зар – мұңым,
Қуанышым – бұла күшім,
Таң нұрым –
Бабам тілі,
Анам тілі, бол аман маған осы өлең ұнады
<

16 февраля 2013 20:39

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
wink kandai mikti ander wink
<

2 февраля 2013 08:10

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Махамбет атама!
Көк бөрідей жүрегім көкке ұлып,
Қаламымның ұшынан жас тамдырып,
Менің жазған өлеңімнің-не тәйірі,
Тарих өзі жазған соң дастан қылып.
Бір-бір дастан астында әр төбенің,
Әр төбенің астында бар керегің.
Мүсініңді қоладан құя алмаспын,
Мәрмәрдан құлпытастан нәр өлеңім.
Қас батырдың алдында ұлы жорық,
Жауды көрсең атылдың бөрі болып.
Мен жүрмін ізі жоқтың көзі болып,
Батырдың бармақтай бір мөрі болып.
Кім ойлаған күтіп тұр деп алда қайғы,
Арзанға қымбат көңіл алданбайды.
Қазақ болса әлемнің бар әйелі,
Өзіңдей ұл тапсам деп армандайды.
Кімдер сенің даңқыңа таласады,
Атыңды естіп алыстан мақтанады,
Туа білген ұлдарға ел қорғауға,
Марапатта, мақтану да жарасады.
Азап саған қазақтың күрсінгені,
Күрескісі келгендер жеңсін сені,
Махамбет бар деп мақтанамын,
Мен бар деп, Қазақ бар деп тынсын демі.
eto ya sama sochinyala
<

24 января 2013 23:01

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
как же я люблю этот сайт))Админыы сиздергее коооп рахмет=**
<
Сабит

22 января 2013 09:31

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
мне очень понравился сайт
маған бұл сайт өте ұнады
<

15 января 2013 07:52

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Маған Ана туралы өлеңді 8-9сыныптың оқушылары жазғаны керек !!
<
ерке

27 декабря 2012 09:09

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
бір турлі тусиниксиз sad не нравится
<
феруза

27 декабря 2012 09:02

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
е болды таза агент боптыгой belay
<
феруза

27 декабря 2012 08:59

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
маган норма smile
<

20 декабря 2012 07:19

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
осы сайт маган катты унайды )) tongue
<

28 ноября 2012 03:54

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Класс) lol
<
ол

13 ноября 2012 06:50

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
angry
<

6 ноября 2012 23:10

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
wink керемет рахмет кушти сайт
<
Асем

24 октября 2012 23:16

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Мен между прочем Абайдың тақпақтарын сұрағанмын
<

14 октября 2012 02:39

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
міне осындай жаксы олендерді кобейте берсе екен,маган унады и кейін қатесіз жазыңыздаршы себебі ақындардың олендерін қорлаған болып есептеледі.СН Айгүл
<

10 октября 2012 00:18

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
ыкты love
<

3 октября 2012 02:34

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
маган катты унады оте тамаша сайт.сосын комент жазатын адамдарга айтарым катесиз жазуларынызды отинем!
<
айдана

23 сентября 2012 10:13

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
іздегенімді таптым!үлкен рахмет,ризамын!

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^