Танысу бұрышында
(әзіл)
"Танысу бұрышы" өзі де аты айтып тұрғанындай,Махаббат және Отбасы көшелерінің қиылысқан бұрышында орналасқан еді.Қабырғасы әйнектен қаланған шағын ғимараттың екі көшеге қараған бетінде де "Танысу бұрышы", "Танысу бұрышы" деп үлкен әріптермен жазылып қойса да,мұнда әдетте мұрты едірейген,еңгезердей-еңгезердей еркектер бас сұғып жататын да,әйелдер қауымына әлгі жазуды нұсқап көрсететін болса, "мен немене күйеу іздеп жүр ме екенмін" деп бір түрлі тәкаппар пішінге