Жиі оқылатын сөздер
Соңғы қосылған дүниелер
- Зейнеп Ахметова Дастарханы жиылмаған халықпыз
- Ел, туған жер отан туралы әндер
- Отан, туған жер туралы әндер
- Отан, туған жер туралы әндер
- Ғашығыма
- Ұстаздар қауымын құттықтау
- Зейнеп Ахметова Келін сәлемінің сыры
- Келін жыласа, бала жасық болады
- Зейнеп АХМЕТОВА: Өмірге адам әкелу - әлемдегі ең қасиетті құбылыс...
- Бала кіндік шешесіне неге тартады?
Әзіл-қалжыңдар
Есегім көрінбей ме?
Бірде Қожанасыр өзінің мініп жүрген есегін жоғалтып алады. Онысын өзі жаяулатып іздеп жүреді. Бір кезде ашық тұрған қораны көреді де, солай қарай тарта жөнеледі. Қораға кіріп, ішін аралап жүргенде, бір қыз бен жігіттің сүйісіп тұрғанын байқап қалады. Жігіт өзінің қызына:
- Мөлдіреген көздеріңнен дүние көрінеді! – деп айтады. Сол уақытта Қожа атып шығып:
- Менің есегім көрінбей ме? – десе керек.
******
Қалай ғана үйлестіріп жүр?
Үш жаңа қазақ балаларын айтып мақтанып отырса керек:
- Ұлым өзіме тартқан іскер. Жылжымайтын мүлікпен айналысады. Ісі оңға басып тұр. Өткенде досына Париждегі пәтерін сыйға берді.
- Менің де ұлым іскер. Қымбат мәшинелер сататын автосалоны бар. Ұсақтанбайды, досына бір су жаңа «Ferrari» сыйлады.
- Біздің бала да жарап тұр – банк ұйымдастырып, аяғына тұрып кетті. Түсінесің бе, досына көлемді несие берді 30 жылға,процентсіз...
Соның арасында оларға төртінші жаңа қазақ қосылады:
- Не айтып жатырсыңдар?
- Бала туралы.
- Ал менің балам, қызтеке! Болмай қалғыр! Сонда да, Парижде пәтері бар, астында «Ferrari», күні кеше 30 жылға процентсіз несие алды. Қалай ғана үйлестіріп жүр, білмеймін...
*******
Нан қосып жеп алдым!
- Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой.
- Қанша әперді, соншама?
- 25.
- Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар...
- Саған ше?
- Біреу.
- Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба?
- Иә, мен нан қосып жеп алдым!
*******
Сән үлгісін көрсететін журналды оқып отырған әйелі күйеуіне:
- Жаным, биыл түймесіз костюммен жүру сәнге айналады екен.
- Жақсы болды, демек, мен саған үйленген 15 жыл бойы сәнді киінген екенмін ғой...
*******
Құрбы қыздар кездесіп қалады.
- Ой, кеше сенің күйеуіңмен кездесіп қалдым. Анекдотты қандай жақсы айтады. Күлкіден төсегіме құлай жаздадым.
********
Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.
- Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші!
Лев Толстой деген классикті білесің бе?
- Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой...
*******
- Маам! Маа-мааа!
- Не болды сонша айқайлап! Мен қонақ бөлмедемін, бері келші, не керек өзіңе? Дұрыстап айтшы.
Бүкіл бөлмелерді аралап келген баласы:
- Мама, мен боқ басып кеттім!
*******
Әйелі ертеңгілік жұмыртқа қуырып жатыр. Кенет ас үйге күйеуі жүгіріп келеді:
- Дұрыстап қуыр, абайла! Құдай-ау, майын көбірек құйсаңшы! Сонша көп жұмыртқаны бірден қуырып жатырсың ба?! Аударыстыр!!! Тап қазір аударыстыр деймін! Жұмыртқа қуырғанда осы мені ешқашан тыңдамайсың! Ешқашан!!! Тұз септің бе? Ылғи да ұмытып кетесің!!! Тұззз деймін!
Әйелі күйеуіне аңтарыла қарап:
- Не болған өзіңе? Жұмыртқаны пісіре алмайды деп ойлап тұрсың ба?
Күйеуі жаймен ғана:
- Саған менің машина айдап келе жатқанда қандай күйде болатынымды сезіндірейін дегенім ғой.
********
Шешелеріміз кішкене күнімізде бәрімізді де оймақтай шағын қасықтармен тамақтандырғаны есіңізде шығар? Ал енді ойлап көріңізші: қытайлар асты екі таяқшамен жейді. Сонда олардың шешелері сәбиін... тіс шұқығышпен тамақтандыра ма?
*******
Дәрігердің бөлмесіне науқас кіреді:
- Геморрой!
Дәрігер:
- Шалбарыңызды шешіңіз (Шешеді).
- Еңкейіңіз! (Еңкейеді).
- Ешқандай да геморройыңыз жоқ!
Науқас:
- Жоқ, менің тегім – Геморрой! Негізінде азу тісім ауырады.
- Онда маған несіне келдіңіз? Мен стоматолог емес, проктологпын!
- Білмей қалдым...
Дәрігер:
- Онда неменеге шалбарыңды шешесің? – деп сұрапты.
Сөйтсе науқас:
- Қайдан білейін! Сізді тісімнің түп-тамырын қарайтын шығар деп ойладым, - деген екен.
*******
Бір кірпі ормандағы алаңқайды айналып жүгіріп, қарқылдап күліп жүр.
Мұны байқаған елік:
- Әй, кірпі, неменеге жетісіп жүрсің? Жүгіргенге де күле ме екен?
- Сен де жүгіріп көр. Армансыз күлетін боласың.
Елік алаңқайды он айналса да, күлмейді. Әбден титықтаған ол ақыры кірпіден әлгі күлкінің сырын сұрайды.
Сонда кірпі:
- Жүгіргенде қарныңды шөп қытықтамай ма, не? – депті.
********
90-нан асқан шал төсек тартып қалады. Орнынан тұрмай қойыпты, бала-шағаның да шулағанына құлақ аспапты. Сонда баласы әкесінің құрдасын шақырып алады. Әкесінің құрдасы келіп, жатып алған досының қасына отырып:
- Ә...Жатырмысың...Жат, жата ғой, әй, Құрманбай, ананы қара, қыздар кетіп бара жатыр десе...
Жатқан шал:
«Қане?» - деп басын көтерген екен...
*******
Екі саудагердің әңгімесінен:
- Қалай ойлайсың, тауарды кімнен алған арзанға түседі? Өндірушіден бе, әлде оны өткізумен айналысатын алып-сатарлардан ба?
Сөйтсе досы:
- Тауарды шығарып жатқан зауыттың күзетшісінен алған арзан түседі, - деп жауап қатқан екен.
*********
Ауыл әкімі кабинетінен атып шығып, хатшы қызға дүрсе қоя береді:
- Менің үстелімнің үстіндегі шаңды саған кім сүрт деді?
- Не болып қалды, ағай?
- Онда өте бір маңызды телефон жазылған болатын, - депті.
*******
Күйеуі іссапардан келсе, үйінде бір еркек ұйқыны соғып жатыр екен. Ашуланған ол әйеліне:
- Мынауың кім?
- Кім болушы еді? Маған тонды, саған көлікті кім әперді?
Дубайға жолдама беріп, саяжайымызды жөндеп берген кім? Жұмысымыз бар, Құдайға шүкір, балалар тоқ. Осының бәрі кімнің арқасы деп ойлайсың?
- Онда, тым болмаса, үстіне көрпе жауып қоймайсың ба, жаураған шығар байғұс.....
********
Біздің ауылда шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:
- Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті. Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі: «Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме?» - деген екен.
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved