Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 4081
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2010, 21:54
27-12-2010, 21:54

Бекзаттарым-ай

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Бекзаттарым-ай,

Жекжаттарым-ай,

Жекжат болып аулыма кеп жатқаның-ай!

«Бала бақытын қыздан іздейді,

Қыз бақытын түзден іздейді» жеген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден - өтті, сіздерге – жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік – Сіздерде, құдалар!

*************

Информация к новости
  • Просмотров: 6424
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2010, 14:40
26-12-2010, 14:40

Ананың тілегі

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Құрметті қонақтар, қадірлі ағайын-туыстар!

 Бүгін біз үшін көңіл аса алабұртқан күн. Көңіл – қызымыз теңін тапты, отауын тігіп жатыр деп, қуаныштан шалқиды, көңіл – әлпештеп  өсірген қызымызды қимастықтан толқиды. Бұл – қыз ұзатқан әрбір ата-анаға тән, осында отырған талайыңыз бастан кешкен сезім. Осындай сәтте балаңның дүниеге келген кезінен бастап өмірде  өткеннің бәрі кино сияқты көз алдыңа келеді екен. Дүниеге ұрпақ келді деп ата-аналарымыздан бастап бәріміз қуанғанымыз, Қызылордадағы туыстарға сүйінші хабар айтқанымыз, баланың тәй-тәй басқаны, былдырлап сөйлегені, «ата», «әже», «мама», «папа» деген алғашқы сөздері ыстық, ортақ қуанышымыз болған еді.

Қазақтың салты бойынша алғашқы бала үлкендердікі саналады емес пе. Қызымыз екі жақтың – отағасының Қызылордадағы ата-анасының, Алматыдағы менің ата-анамның еркелеткен ортақ қыздары болды. Бүгінгі қуанышқа қатысып, міне, баталарын беріп отыр. Олардың енді шөбере сүйген қызықтарын көруін тілейміз.

Енді бірер сөзді құдаларға арнайын. Құдағи қызымызды өзінің қызындай қарсы алады деп сенгіміз келеді. Қызымыздың қадамы құтты болып, үйлеріңізге ырыс ала кірсін. Екі баламыздың қызықтарын бірге тойлап жүрейік, біз де ата-әже болайық.

Тойшы қауымға айтарымыз, келген қадамдарыңыз құтты болсын. Той сіздерге жұғысты болсын, ылғи тойда кездесіп жүрейік.   

*************

Информация к новости
  • Просмотров: 3401
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2010, 14:16
26-12-2010, 14:16

Әкенің үйлену тойындағы сөзі

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Қадірлі халайық, тойшы қауым, құда-жегжаттар, ағайын-туыстар!

 Адамның бір қызығы бала деген дана сөз бүгін бәріміздің басымызды тойда қосып отыр. Қызымыз өрісін тапты, құда-жегжатты болып жатырмыз деп анасы екеуміз қуансақ, немереміздің тойында отырмыз деп ата-аналарымыз қуанышты.

Ата-ана демекші, біз оқу бітірген соң Алматыда қызметке қалдық, қыздарымыз осында дүниеге келді. Менің ата-анам, туыстарым Қызылордада тұрды. Сондықтан қыздарымыз нағашы ата-әжелеріне жақын болып өсті. Балаларымыздың қамсыз өсуіне, өзіміздің алаңсыз қызмет етуімізге бұл кісілердің көмегі көп тиді, әлі тиіп келеді. Тілеуқорымыз. Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең демекші, бүгінгі тойда үлкендердің отыруы той сәнін келтіріп тұр, ол кісілердің көретін қызығы көп болсын деп тілейміз.

Екі жасқа айтарым, біз бір баламыз екеу болды деп қуанып отырмыз. Әке жүрегі қимайды, қызғанады, алаңдайды, бірақ жастардың келешегі бақытты болады деген сенім бізді марқайтады. Адам ұрпағымен жасайды, ұрпақты болыңдар, айналайын.

Жастардың бақытты болуы ата-аналар бізге де көп байланысты. Татулық болса төбедегі келеді дегендей, бүгінгі тойды қалай қуанып бірге өткізіп отырсақ, қалған өмірде де қуанышымыз осындай ортақ бола берсін. Арамызда тек сыйластық, құрмет жүрсін. Жастарға үлгі деген осы.

Тойға келіп отырған ағайын-туыстарға, дос-жаранға, әріптестерге қуанышымызды бөліскендері үшін алғысымыз шексіз. Көптің тілегі көл деген, тілектеріңіз қабыл болсын, ағайын.

***********

Информация к новости
  • Просмотров: 3441
  • Автор: janar
  • Дата: 24-12-2010, 19:23
24-12-2010, 19:23

Жұлдызай Әбенова жіберген тілек

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,

жүрегі қалай ғана сыздамасын.

Құдалар, алақанға салып бердік,

жұлып алып жүректің бір парасын.

 

Көңіл де, көз де тояр да, күйеу бала,

болмассың үш жұртыңа сүйеу ғана.

Жарыңның бақыты бол, жұлдызы бол,

осындай қыз бұл дүниеде біреу ғана.

 

Шаттана жүріп шаңырағын көтерген,

ұйымдаса жүріп уығын қадаған,

келісе жүріп, керегесін керген

жас отауларың құтты болсын!

 

**********

Информация к новости
  • Просмотров: 14650
  • Автор: janar
  • Дата: 14-12-2010, 18:00
14-12-2010, 18:00

құдаларға

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Қадірлі құдалар, ағайындар! «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген дана сөз бар халқымызда. Бүгін міне, екі жас бір-бірімізді туыс етіп отыр. Бәріміз де туған үйіміздің өрісін осылай кеңейткенбіз. Қыз өріс деген осы екен. Қыздың барған жерге сіңіп кетуі біріншіден, жастардың тәрбиесіне, екіншіден ағайынның татулығына көп байланысты. Кәнеки, екі жасқа құтты қадам, құдаларға ынтымақ тілейік.

 

****************

 

Қадірлі туыстар, меймандар. Күні кеше құдалардың алдынан өтіп, алақандарына салып аялап отырған қыздарын үкілеп алып келдік. Бүгін міне той-думан біздің елде жүріп жатыр. Қызды туған ұясынан ұшыру оңай емес. Қыз ата-анасының, туыстарының қандай қимас сезіммен, үлкен үмітпен, кәміл сеніммен аттандырып салғандарын көрдік. Жастардың қадамы құтты болсын. Тіккен отауларына ырыс кірсін, ынтымақты болсын. Келіннің етегі балаға толсын, бір-екеумен шектеліп қалмасын. Әпкем мен жездем енді немере сүйіп, соларды әлпештеп, қызықтарына кенеле берсін, біз соның куәсі болайық.   

 

***********************

Информация к новости
  • Просмотров: 10338
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 15:07
5-12-2010, 15:07

ұзату тойына

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Шаңырақтың шырағысың шаттығы,

Текті жердің тұяғысың ақ гүлі.

Мың жыл құда болуға да атты күн,

Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.

Әке-шешең арнап отыр жыр ағын,

Кәусар таза мөлдіреген бұлағым,

Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,

Бақытты бол, бақытты бол, шырағым.

 *******************

Көкірегі сырға толы күй-дастан,

Алатаудай арманы бар жүздеген,

Өзі өскен ортасына сыймастан

Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.

 

Тағдыры оның суық қарап, сыздана,

Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.

Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,

Айналатын шуақ шашқан Анаға!

 **********************

 Айжанымыз ақ босағасынан ұзатылып, Мағжан есімді өзінің өмірлік серігін тапты. Жас жұбайларға қашанда жандарыңа жақсылық серік болсын, өмір өткелінен қол ұстасып бірге өтіңдер деп тілек білдіреміз.

 **********************

 Қонақтан кетпей төрлерің,

Ісіңнің таппай ел кемін.

Тамсан мақтап көп адам

Баса алмай жүрсін шөлдерің.

 

Қалаулы бол халыққа,

Еңбектен еш жалықпа.

Қосылған сүйіп жарыңмен

Аққудай мәңгі қалықта.

 *************************

 

 

ұзату тойында той иесіне айтылатын тілек

 

Адамның бір қызығы бала деген,

Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.

Дүбірлі той жасамай баласына,

Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

 

Құтты болсын шалқар тойың,

Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.

Бақытына кенеліп екі жастың,

Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.

 

Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім,

Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.

Түгенделген ұлыңның үш жұртының,

Ынтымағы жарассын барған сайын.

 

Кенелген көкірегіме тілегімді,

Білесің ақ көңіліммен тілерімді.

Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,

Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!

 **********************

 Еліңе елеулі бол,

Халқыңа қалаулы бол.

Ата-енеңе жағымды бол,

Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.

Ауылыңа айбарлы бол,

Күйеуіңе жайдарлы бол.

 ************

 

Назад Вперед
^