Жиі оқылатын сөздер
Соңғы қосылған дүниелер
- Тойға арналған өлеңдер
- конституция күнімен құттықтаулар
- Құрылысшылар күніне арналған құттықтаулар
- Астана күніне құттықтаулар
- Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесі
- Қазағымның ардақты келіндері
- Қыздарға арналған екі өлең\қосқан Ғабиден\
- Ер-азаматтарға арналған өлеңдер
- Түзу жолға...
- Интернет арқылы жұмыс
Құдаларға арнау
АРНАУ
Арықтан су ағады шыр айналып,
Нәсіптіге мал бітер бір айналып.
Жастығыңның шағында ойна да күл,
Кім бар кім жоқ келгенше қайта айналып.
Қайырмасы: Құдажан жорытқанда жол болсын,
Құдағи дастарханың мол болсын.
Алланың шапағаты тие берсін,
Бізден тілек сол болсын.
Тал мен қайың жарасар тал мен қайың,
Денсаулықта кім ойлар ауру жайын.
Осы отырған қызықты ойын-тойда,
Көмейден ағызайын тілдің майын.
Қайырмасы
Құда жаңа, болды енді туыс жаңа,
Сыңғырлайды шырқасам үнім дара.
Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз,
Шырқайықшы іркілмей осы арада.
Қайырмасы
Үйлену тойының мәдениеті. Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі. авторы Мақсұт Сүлеймен
Үйлену тойының мәдениеті Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі
Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты. Ол – үйлену арқылы харам болған нәрсені халал етіп, халал болған нәрсені харам етіп берген Аллаһтың нығметін паш ету тойы. Сондай-ақ, бұл үйлену - әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне халал болғанын, керісінше енесі күйеу баласына, атасы келініне харам болғанын (жұбайлық қарым-қатынаста) білдіреді.
Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы. Ол үйленумен қаланады. Үлкен бір кедергілер болмай тұрмыс құрмағандар дербес әрі адамгершілік міндетінен қашқан болады. Себебі, адам баласы адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын үйлену арқылы берік қорғай алады. Ойшыл А.Шопенгауэр айтпақшы: «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту деген сөз».
Қыз ұзату
Үйленетін жігіттің ата-анасы болашақ келінінің ата-анасының алдынан өтіп, құда түсіп, оған лайықты сый-сияпатын жасап, салт-дәстүрлерді орыдаған соң қалыңдығын алып кетуге күйеу жігіт келеді. Сол кезде екі жасқа арналып ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынандай дәстүрлі рәсімдер жүзеге асырылады:

Әкелердің әңгімесі /Құда түсу
Құдалықтың ең қызықты сәті – екі әкенің келісуі, өзара ымыраға келуі (ең басты мақсаты).
Ұлдың әкесі: ал құда-құдағилар сіздерде қыз, бізде ұл дегендей, осы екі жастың арқасында бәріміз танысып білісіп жатырмыз. Қыз деген жат жұрттық, құдеке қызыңызды жылатпаймын ешуақытта, өте бақытты болады деп сенемін. Енесі өте жақсы адам, біз де қыз беріп, қыз алысқан адамдармыз. Әр ата-ана ұлын емес, қызын ойлайды екен бірінші кезекте “қызым жақсы жерге барса екен, барған жерінде жыламаса екен, аралары жақсы болса екен” деп. Ал енді ата салтымызбен, өз жөн-жоралғымыз, мынау енді қыздың қалың малы (конверт), қасында бір қойы, бір қап қант бар, арамыз тәтті болсын деп ырымдап әкелдік. Разы болыңыздар, құдалығымыз құтты болсын!
Қыздың әкесі: Қазақта сөз бар “дүние адамға бітеді” деп, дені сау болса бәрі болады. Орамал тон болмайды, жол болады демекші, бұл енді жолы ғой, аз беріп көп бергенде одан ешкім байып кетпейді. Қыздан алып байып кеткен ешкімді көрген емеспін. Терезеңмен тең дейді, оның бәрі бізге керегі жоқ, екеуі бақытты болса, бізде де асып бара жатқан дүние жоқ, сіздер сияқты момын жандармыз.
Екі әке төс қағыстырып, құда болады. Айналасында отырған жиылған жұрт, “құдалық мың жылдық болсын” деп тілектерін білдіріп жатады.
/Қалдықыздың блогынан/
Үйлену тойына тілек
Қымбатты жас жұбайлар .... - .........!
Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.
Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі ......... осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған .......... жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.
Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!сс
Құда түсу
Жақсы қонақ келсе, құт келеді» - дейді. Ал, көршілер, арқан тартып, шашу шашып, қонақтарды қарсы алайық...
Келген қонақтарға арқан тартылып, шашу шашылып дастарқан басына жайғасып отырады.
Осы үйде той болғалы жатыр деп естідік. Құрметті үй иелері сіздің үйде айдай сұлу, нәзік, ажары – көркіне сай қыздарыңызға біздің үйдің бой десе бойы, ой десе ойы бар, білімі жоғары, біздің үйдің сал – сері жігіті сөз салып жүр екен. Сіздерде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдік. Ата – бабамыздың дәстүрінің негізін сақтай отырып туған – туысымызды, көрші – қолаңымды жинап, сіздің қызыңызға құда түсіп, алдарыңыздан өтуге келдік. Жастар бір- бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буыпты, неге бізге осы екі жастың ниетін қолдамасқа. Бізді құп көрсеңіздер құдандалы болайық!
-Құрметті, құдалар! Атамыздан қалған: «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Алдағы құдалығымыз баянды болсын деп өлтірі әкелдік. Соған батаңызды беріңіз.
"Өлі – тірі" - өлген аруақтарға арнап союға, етін елге үлестіруге арналған мал. Бұл арадағы өлі мен тірінің айтылуы: «Алдағы құдалық баянды болуы үшін екі жақ өлі мен тірінің алдында ант етеді» дегенді ұғындырады. Бұл малды бөгде біреу алады. Өлтірі өтіп болған соң екі жақ бірін – бірі құда дей берулеріне болады.
Ал, құдағи! Орамал тон болмайды, жол болады демекші сіздерге азын – аулақ әкелген сыйымыз бар еді, соны ұсынуға рұқсат етеңіздер» деп, ең бағалы кәдені қыздың әкесіне, содан кейін құдағи, құдашаларға үлестіреді. Содан кейін қазақ халқының салты бойынша қыз балаға болашақ енесі белгі ретінде сырға салады.
Қыз бен күйеу баланың әжелері ақыл-кеңес, өсиет сөздер айтады.
Ал, құлыным, қазақтың «Күтімді болам десең, жаңа отауға түс» деген сөзі бар. Құрғалы отырған отауларыңның шаруасына икемді бол. Оқыс мінез көрсетпе, тазалық сақта, бауырмал бол, сабырлы-салмақты бол, ата-анаңның ел-жұртыңның сенімін ақта, жаманат келтірме. Ол үйде мен сияқты әжең бар. Сол әжеңе сүйкімді келін бол. Ал құдағи, «ырыс алды - қыз» дейді ғой. Біздің қызымыз сіздің үйге тек бақ-береке әкелсін.
Құдағи «Келіннің өнегелі болуы енеден» деп бұрын шешем айтып отыратын. Өзімнің енем сондай бір салмақты, өнегелі, өмірден көрген, түйгені мол адам болатын
Я, Тәңірі-құдірет
Мал-бастарын аман ет.
Бастарына бер бақыт
Асына бер берекет
Өмір-жастарын ұзақ ет
Ұрпақтарын асыл ет!
Көрмей өссін қасірет
Өмірдегі жақсылықты
Дәл осы үйге нәсіп ет!

Үйлену тойына тілек Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.
***
«Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» немесе «Келін келді дегенше, керегені алтын қылып ұстар адам келді» деп жатады, сол келініміздің ақ жүзінен тек күміс күлкіні көруге жазсын.
Ырыс-дәулет шаңырағыңыздан кетпесін, несібелеріңіз әрдайым мол болсын.
***
Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар.
***
Қыз ұзату Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан
Апа-қарындастың ұзатылуына кіші бауырларының тілегі
Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол
болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.
***
Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын.
***
«Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның –жанарыңда» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.
***
Жүздеріңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіздер!
Қыз ұзату тойына тілек
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.
********
Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ......(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті.
Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!
********

Той баталары
Қыдыр дарып үйіңе,
Малтаға толсын қаптарың.
Сейфіңе сыймасын,
Әр маркасы ақшаның.
Денің сау боп әрқашан,
Жүзге қадам бастағын,
Тойға келген досыңның,
Тілектерін ақтағын.
Түтіндерің тік шығып,
Лаулап жансын оттарың,
Береке сақтап ұлдарың,
Жазылмасын топтарың.
Алла жар боп әрқашан,
Жаман жолды баспағын.
Тойға келген халайық,
Осы ойымды Қостағын.
Осы отырған бәрінің,
Аман болсын бастарың.
Алладан тілеп жақсылық,
Осы жерге келіп тоқтадым.
Әмин, Аллаһу Әкбар!
******
Ұл мен қызға айтарым,
Соңыына ерме сайтанның,
Дәмі бірдей болмайды,
Бидай менен арпаның.
Туыс пенен алыстың,
Арасын жақсы байқағын.
Сақтағайсың барлығың,
Берекесін ортаның.
Берекені бұзбауға,
Келіндерге айтарым,
Сыйлас болса абысын,
Татулықтың құлысың.
Күйеулерге айтарым,
Көңілін тап баршаның.
Барлығыңа ақыл ғып,
Сендерге бар айтарым,
Бірлікпенен шешіңдер,
Дүниенің тарлығын.
Сабырлықты сақтасаң,
Туады әлі - ақ жаз күнің,
Қиындық көрсең, біреуің,
Көмектескін барлығың.
Қолда барды әрқашан,
Үнемді етіп ұстағын.
Көрсе қызар болмағын,
Бірлесіп шеш ол жағын,
Алуан - алуан жүйрік бар,
Қамын ойла ордаңның.
Балаларың базарың,
Тыс қалмасын назарың,
Тәптіп пенен білімге,
Бұратын бұл қадамың.
Білімсіз боп қалмасын,
Біреуі де балаңның,
Қартайғанда солар ғой,
Арқа сүйер адамың.
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы
Тілашар батасы
Адам болар баланың,
Қайтармайық талабын.
Мектепті алғаш аттаған,
Құтты болсын қадамың.
Сәбиліктен марқайып,
Өскендігі санаңның.
Әріптерден сөз құрап,
Жорғаласын қадамың.
Үміттерін ақтай біл,
Әкең менен анаңның.
Жүрегіңе сақтай біл,
Жақсы сөзін дананың.
Сондай бала болсын деп,
Тілек айтар қазағым.
Балалы үйлер көбейіп,
Бола берсін базарың.
Осындайға жеткізсін,
Әрбір үйдің адамын.
Жастар өсіп қалқан боп,
Болса деймін қамалың.
Қой үстінде бозторғай,
Жұмыртқалар заманың.
Сол замандай болса екен,
Егеменді қазағым.
Бастарыңа бермесін,
Қыйыншылық азабын.
Жастарыма қонса екен,
Даналығы бабамның.
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы
Сайттың достары
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved