Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 3115
  • Автор: janar
  • Дата: 22-01-2011, 18:12
22-01-2011, 18:12

Той жасаған үй иесіне берілетін бата

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Құрметті той иесі,

Ісіңді тағдыр оңдасын,

Қайда жүрсең қолтықтап,

Қыдыр бабаң қолдасын!

Жамбылға ұқсап көп жаса,

Денеңде дерт болмасын,

Тойың тойға ұласып,

Жан-жүрегің толғансын,

Күннен-күнге көбейсін,

Дос-жараның, жолдасың.

Бақытың тассын әманда,

Бергенін тәңірі алмасын!

Өміріңді ұзартып,

Балаң менен немерең,

Шөберең мен шөпшегің,

Туажаттар жалғассын!

Информация к новости
  • Просмотров: 7372
  • Автор: janar
  • Дата: 19-01-2011, 19:35
  • 0
19-01-2011, 19:35

Қарағым-ай

Категория: Қыз ұзату , Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар

Қарағым М.Мақатаев

Қарағым, мен бүгін үйлену тойыңа барамын,

Мен бүгін өзіңнен адасып қаламын, қарағым.

Шараптың уы іріп қаныма

Отырам бейтаныс біреудің жанына.

Көкешім, налыма,

Мен сені ұзатам бағыңа.

Тұман боп жанары, әкең де шешең де қалады,

Информация к новости
  • Просмотров: 8948
  • Автор: janar
  • Дата: 19-01-2011, 19:28
  • 0
19-01-2011, 19:28

жас жұбайларға бата

Категория: Үйлену тойы , Бата-тілектер, Жас жұбайларға бата, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар

Үйлену оңай, үй болу қиын деген бар,

Саналы жастар бұл сөзді  ұғып бағыңдар.

Қос өзен сынды қос тағдыр бүгін қосылса,

Жарасын тауып жасалсын ізгі қадамдар.

Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,

Шамшырақ сынды жетелей берсін тәтті үміт.

Беу қарақтарым, алтын тойды да тойлаңдар,

 

Информация к новости
  • Просмотров: 6290
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:19
  • 0
14-01-2011, 20:19

досымның үйлену тойына тілек

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Бұл күні тойың боп жатыр,

Ей, асыл досым елдегі.

Мені де ортақ деп білгін,

Шаттыққа осы сендегі.

 

«Тілегім айтар –

Болғай да

Келіннің құтты аяғы», -

деп жатқан ұлы тойыңда

Жан досыңмын ғой баяғы!

***********

Айтар біздік тілек – сол:

Тойың тойға жалғассын!

Ойың ойға жалғассын!

Заңғар ұл-қыз отау тіксін,

Ұрпақ көрсін – жалғассын!

Тотыдайын таранған бұл ханымның,

Аппақ қардай әже болып,

Етегіне немерелер, шөберелер жармассын!

Бұл тілектер орындалып жатқанда,

Өзің де, құрдас-досым жерде қалмассың!

**********

Информация к новости
  • Просмотров: 2740
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 09:54
14-01-2011, 09:54

Сүндет батасы

Категория: Дәстүрлі тойларға » Сүндет той

Бисмиллаһир-рахманир-рахим

Мұсылман болдың, қарағым,

Кәне бері қарағын.

Шырағын жағар ұлысың,

Ата менен ананың.

Таудай болсын талабың,

Алтын менен күмістен,

Жасалсын барлық жарағың.

Көрімдігің мінеки,

Бар ма тағы қаларың?

Қой сұрасаң, қой берем,

Тай сұрасаң, тай берем,

Зат сұрасаң, зат берем.

Ат сұрасаң, ат берем.

Батырлығың байқалса.

Сауыт берем Ақберген.

Мұратыңа жете бер,

Күннен-күнге өсе бер,

Ұзақ болып өмірің,

Өміріңнің түйінін,

Өз қолыңмен шеше бер.

Әумин.

***********

 

Информация к новости
  • Просмотров: 2849
  • Автор: janar
  • Дата: 9-01-2011, 15:57
  • 0
9-01-2011, 15:57

Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Тілерім өздеріңе бақытты өмір,

Қуаныш келе берсін ағыл-тегіл.

Шыны-аяқ сылдырламай тұрмас, сірә,

Қиын сәтте бір біріңді кешіре біл.

 

Жаңа өмірге енді есік ашқасын,

Шаңырағыңды реніш мұңы шалмасын.

Өмір атты ашық аспан астында,

Қалықтаңдар қанаттарың талмасын.

 

Қайырлы кеш отырған құдаларым

Бола берсін осындай қызықтарың

Сіздерменен біздерді табыстырған

Аман болсын ........ қарақтарым.

************************
Информация к новости
  • Просмотров: 2708
  • Автор: janar
  • Дата: 9-01-2011, 15:40
9-01-2011, 15:40

Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Категория: Дәстүрлі тойларға » Шілдехана

Ұя салған биік құзға өз жерім деп,

Өзімнен басқа ешкім бармасын деп,

Шыңда жатып шыңдалад өздігінен,

әкемдей боламын деп бала бүркіт.

 

Бұл өзі көптен күткен арманың ед,

Қуанып жатырсың-ау өмірге Мирасың кеп

Тілерім зор денсаулық үшеуіңе

әлі-ақ ертең жүресіңдер жетектеп.

 

Болсын деймін дұшпаныңнан досың басым,

Әр уақытта домалап өрге тасың.

Қосағыңмен қоса ағар қызықтай бер

Көрсетсін қызықтарын ер Мирасың. 

**************

Информация к новости
  • Просмотров: 2697
  • Автор: janar
  • Дата: 9-01-2011, 15:38
  • 0
9-01-2011, 15:38

Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Қазіргі өмір бұрынғыдан естірек,

Аяласын, әлдилесін деп білед.

Алдарыңда әлде қандай өмір бар,

Қысылғанда бірге соқсын қос жүрек.

 

Ал, бауырым, құтты болсын қадамың,

Бастағаның есік ашып жаңа өмір.

Ыстығы да, суығы да кезігер,

Қиын  сәтте бір-біріңді сыйлай біл.

 

Ал, келінім, өзіңе айтар тілегім -

Жаңа көктеп келе жатқан сен бір гүл.

Мәңгі солай бүршік жарып гүлдей бер,

Бір-біріңе адал болып жүрегің.

 

Айтарым Мирхат пен Маржаныма -

Көсіл деген қарап өз заманыңа.

Қиын сәтте бір-біріңді кешіре біл,

Шыны-аяқ сылдырламай тұрмас, сірә.

 

Аяулы алақанның аяулысы,

Қадірлей біл қондырған бақ құсыңды.

Ақылдасып шешімін өздерің шеш,

Алдарыңда болатын талай істі.

 

Осы қызық көрем деген армандары,

Тағдыр бірақ көруге жазбағаны.

Жылы лебіз, ыстық құшақ естен кетпес,

Марқұмдардың ақыл ғып айтқан сөзі.

 

Ағайын тату болса ат көп деген,

Абысын тату болса ас көп деген.

Арнаған сыйлықтарын берем дейді,

Қарындас, келін, апай, жеңгелерің.

 

Ал тілерім бәріңе: бақытты өмір,

Қуаныш келе берсін ағыл-тегіл.

Бала деген бақыт бар барлығыңда

Қыз ұзатып, барлығың да келін түсір.

*************

Информация к новости
  • Просмотров: 4732
  • Автор: janar
  • Дата: 9-01-2011, 15:33
9-01-2011, 15:33

Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Оң аяқпен аттандың,

Гүл бітсін қонған қияңа

Келіп жүр сүйген жарыңмен

Өзің ұшқан ұяңа!

************

Информация к новости
  • Просмотров: 4170
  • Автор: janar
  • Дата: 8-01-2011, 13:12
  • 0
8-01-2011, 13:12

Үйлену тойындағы әке-шешенің ақыл-кеңесі

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Ер мен әйел отбасының екі ірге тасы екені белгілі.  Бұл өмірде үлкен бір кедергі болмаса, еш себепсіз

тұрмыс құрмау - дүниеге ұрпақ әкелу міндетінен қашқандық болып саналады. Сондықтан бүгін неке суын ішіп, ерлі-зайыпты болып, бір ошақ басында бірлесіп-жұптасып өмір сүрмек боп шешкен екі жасты, олармен бірге әке-шешесін, барша туған-туыстарын осы салтанаттарымен құттықтаймыз. Ата-анасы «ұлым – ұяға, қызым – қияға қонды», «біреуім екеу болды», «өрісім кеңейді» деп қуануда. Қоғамымызға тағы бір жас отбасы келіп қосылды. Отан - отбасынан басталса,  қоғам - екі жастың жараса көтерген шаңырағынан құрылатыны мәлім.

   Қарақтарым, үйленіп, үй болдыңдар міне. Қиналсаң – жасып кетпеуіңе себепкер болып, дем беретін – жалғыз жан-жарың. Қандай жағдайда да әйел күйеуіне, күйеуі әйеліне сүйенеді. Енді қуанышты да, қайғыны да бөлісіп, ортақтасып, өмірлік жарыңның әр уақытта қасынан табылуды мақсат тұтыңдар.

    Өмірлік серігім деп бас қосқан жарыңды сыйлап, күте білу, оның артық кемді мінезін түсініп,  кешірімді болу – кішірейгендік емес, әдептілік, білімділік, кісілік. Себебі, ерлі-зайыптылар – бір бүтіннің жартысы. Жан-жарыңды сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның, Тату отбасының жолдас-жораларының арасында беделі жоғары, басы сыйлы болады. Жақсы жардың жанын жаралап, көңілін қалдыратын мінезден аулақ болыңдар. Мінеки, бұл көпті көрген, аяулы ата-аналардың қай-қайсының да ұл-қызына жол көрсетер кеңесі.

   Ұшқан ұяларыңды, аялап өсірген ата-аналарыңызды ұмытып кетпеңіздер. Сендер де  ертең солардай үлкен қара шаңырақтың иесі болып, түтін түтететіндеріңді  есте сақтаңдар.

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, шаңырақ бақыты – отбасының жарасымынан басталады. Сөз соңында біз осы екі жас тәрізді шаңырақ құрып, екі ата-ананы, бір-бірімен құда-құдағи етіп жақындастырып отырған жастарды ақ отауларына бақыт пен адал махаббат, тату-тәттілік тілейміз!

***********

^