Жиі оқылатын сөздер
Соңғы қосылған дүниелер
- ел, халық туралы мақал-мәтелдер
- "Үркер" тобының орындауындағы Наурыз әнінің сөзі
- Наурыз тойын тойлау үлгілері
- Мекемеде НАУРЫЗ тойын өткізудің бір үлгісі
- Наурыз тойының сценарийі
- Наурыз сценарийі
- 8 наурызға құттықтаулар
- Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер
- балаларға арналған Наурыз тойының сценарийі
- Ақан серінің әндері
Ғашығыма
«Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді»;
«Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды»;
«Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін»;
«Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме».
******
Жұмаханова Жанаргүл қосқан екі сөз
Мені, бір сағатта 60 минут, ал бір минутта – 60 секунд бар деп үйретті. Бірақ сенсіз өткізген бір секунд – тұңғиық екенін ешкім үйретпепті.
*******
Менің көздерім журегіме кызғаншақтықпен қарайды. Білесің бе, неге?! Өйткені, сен менің көздерімнен алыс болсаң да әрдайым менің жүрегімдесің!
*******
Тілек
Жүрмейді тек жүрекке әмір бөтен,
Шын сезім-қол жетпейтін тәңірге тең.
Өксікпе өте шығар сүрген өмір,
Егер де махаббатты жәбірлесең.
Досыма Тамада кітабынан
Жалғыздың үні шыққан ба,
Сіңеді сағым бұлттарға.
Тірлікте тіреу болатын,
Достыққа жетер күш бар ма?
Сұлу қызға
Тамада кітабынан
Тосылам айтуға тіл жетпей,
Тұр сезім ақылға билетпей.
Тұңғиық ойларға батырдың,
Ұлылар қалдырған суреттей.
Сұлулық алдында бас ұрдым,
Келмейді сырымды жасырғым.
Мендегі оятар шабытты,
Муза ғой әр талы шашыңның.
Сезімге мендегі тіл бітті,
Түлеттің, гүл еттің тірлікті.
Көздерім - елшісі жүректің,
Жасыра алмайтын шындықты.
Аруға
Тамада кітабынан
Тек өзіңсің сырларым да ақылшым,
Өзге арудан жүрегіме жақынсың.
Бір сен үшін аттанамын бел буып,
Мейлі қандай қиын сапар шақырсын.
Саған төгем жүрегімнің жылуын,
Сенсіз маған өмір, шаттық-тұл ұғым.
Мен қай жаққа аттанбайын бәрі бір
Күтіп тұрар сенің табалдырығың.
Ғашығыма
Тамада кітабынан
Бұйығы тартқан қалпым бар,
Болған соң саған шын ғашық.
Сен барда – жаным жарқылдар,
Жоқ болсаң – қалар мұң басып.
Сұрама оның себебің,
Сыры бар жұмбақ, астарлы.
Жарқырап тұрар әдемі,
Жұлдызы сенсің аспанның.
Ойларға батқан кезімде,
Үздігем қара көзіңе.
Бөлейтін іңкәр сезімге,
Бақыттың кілті өзінде!
Махаббат
Тамада кітабынан
Жастықтың шамы – махаббат,
Бақыттың дәмі – махаббат.
Сүюдің ұрса киесі,
Жанарлар өтер боталап.
Махаббат – мәңгі таусылмас,
Мүскінге мойын ол бұрмас.
Жүрекпен адал сүйгендер
Сезімнің гүлін солдырмас.
Махаббат – асыл гауһар тас,
Махаббат жыры таусылмас.
Жалын боп жанған ғашықтар
Бір-бірін жолда қалдырмас.
Жүректің нәрі – махаббат,
Сыйластық мәні – махаббат.
Тірлікке тірек болатын,
Өмірдің мәні – махаббат!
Досқа тілек Тамада кітабынан
Тұлпардай зула топ жарып,
Сәулесі түсер – бол жарық.
Бақыт кеп қонып басыңа,
Жамандық өтсін айналып.
Қиындықтардан ықпағын,
Туыңды қолдан жықпағын.
Мен үшін бақыт қашанда,
Бәйгеден озып шыққпның.
Досымның 50 жасына
Елуге толған досыма
Ұялаған көңіліңнің төріне күн,
Әр сөзі әзілменен өрілетін.
Досымның аңқылдаған, жарқылдаған,
Жүрегі аузын ашса көрінетін.
Шағың бұл күй боп шалқып төгілетін,
Еңсең тік,
Есен жеттің елуге еркін.
Ағайын дос-жараның мәре-сәре,
Қырансың орындаған ердің сертін.
Мейірім шуақ таптым бір өзіңнен,
Ізгілік шамын жақтың жүрегіңмен.
Бойыңа асыл қасиет ағыл-тегіл,
Өзіңе зор денсаулық тіледім мен!
Тост-тілек пен дос-тілек кітабынан Досқа тілек
Құрбы-құрдас, достар
Ертеде жауынгершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын!
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы:
- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.
Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жолға тастамайтын қазақтың шын достығын тілеймін.
******
Бір құмырсқа өз иленуінен бөлініп, ара-қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып:
- Досым, маған көмектесіп жібер, - деп өтініпті.
- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - депті ара.
Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты.
- Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете барады қоңыз.
Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп:
- Не істеп жүрсің? – депті.
Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады.
«Жаң достың қадірі ескі достай бола алмас», деген сөз содан қалған екен.
Міне, мына ескі достарың да қашанда сенің қуанышыңа ортақ.
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved