Интернет-магазин Flip.kz

Отбасындағы әңгіме

Отбасындағы әңгіме                                       Омарғали Зиядаұлы                                                            

 

- Мен понедельникте Жылтыргүлдің школдағы жиналысына барамын. Ал вторникте жұмыстан кейін өзімізде «чай питье» болады.

- Мен де среда күні жолға шығамын. Четверг, пятница жұмыс бабымен облыста боламын.

- Командировкадан қашан келесің?

- Может, суббота келетін шығармын, баня жағып қойыңдар.

- Баняны өзің келгенде, воскресеньеде жақпаймыз ба?

- Хорошо!

 

 

Толығырақ...


Тіліміздің күйреуі

Тіліміздің тірі күйі

Жас пен жастың амандасуы

- Привет!

- Привет!

*****

Жігіттің ағасымен есендесуі

- Ассалаумағалейкүм, ағасы! Қалыңыз қалай, жақсы ма?!

- Ничего, пойдет!

******

Ақсақалмен амандасу

- Ассалаумағалейкүм, ақсақал! Күйлі-қуаттысыз ба?

- Хорошо и нормально!

******

Қазақ тілі маманының сөзі

- Апай, апай! Сыныптың суықтығынан қолымыз жазуға келер емес.

- Дұрыс айтасыңдар балалар. Действительно класс суық.

*******

Толығырақ...


Келіншектер құрылтайы

Келіншектердің «құрылтайы»                      Қазыбек Әшірбекұлы

 

Әңгімелеп астарлы,

Керіп қойып қастарды,

Келіншектердің кешкілік,

«Құрылтайы» басталды.

- Менің сүмелек байым,

Қылмойынға тым қайым,

Тек бір жұтса болғаны,

«Қуып» кетуге дайын...

- Былай менің жайым:

Ал менің байым,

Көзіме шөп салып,

Жүріс жасауға қайым...

- Все ерунда!

Сендердікі дым емес,

Айтуға тұрар мұң емес,

Менің вообще бүгінде,

Көрген күнім күн емес!

Байым бар іске араласады,

Менімен жаудай жағаласады...

Маған өзін «илеткізбейді»,

Еш нәрсені билеткізбейді!

- Менің байым –

Күн мен Айым,

Аузынан сөзі түсіп тұр.

Өте тым момын,

Тілсең де жонын,

Үндемейтін «күшік» бір.

- Менің үйдегі мыртығым,

Беті табақтай тыртығым,

Табыс тауып жамап жүр,

Тұрмысымның жыртығын...

Сондықтан айтқым келмейді,

Қылығының «тыртығын».

- Менің жарым жарайды,

Балаға да қарайды...

Тірліктің бәрін тындырып,

Далаға да қарайды...

Жамандағанмен жарымды,

Кім берер маған жақсысын?!

Бағалап өтем барымды,

Басқаның қайтем «бақсысын!»

*****

«Құрылтайға» жиналып,

Бәрі бір «сұрақ» қарады...

Келіншектер қиналып,

«Қаулы» алмай, әрең тарады.

******

Толығырақ...


Бірдеңе той

       Мұхтар Шерім

            - Қатипа, той қамына кірісейік,- дедім.

         - Қандай той өткіземіз? – деп сұрады ол.

         - Әйтеуір, бірдеме той! – дедім мен.

         - Ол не сонда?

         - Бірдеңе той деп аталады.

         - Бірдеңесі несі? Қайдағаны шығарып!

         - Балаларға хабарлас! Осы сенбіде бірдеңе той өткіземіз!

       

Толығырақ...


Жүніс Қоқышұлынан

- Кейбір келіншектер неден қорқады?

- Оларыңыз байсыздықтан да, жайсыздықтан да, баласыздықтан да қорықпайды. Айнаға қарағанда бетіндегі айқыш-ұйқыш әжімнен қатты шошынады.

 *******

- Жеңге шашыңызға – шаш, тырнағыңызға – тырнақ, кіндігіңізге – шығыршақ, кірпігіңізге – кірпік жалғапсыз. Оны дұрыс дейік. Қолыңыздың тырнағындағы жұлдыздың, аяғыңыздың тырнағындағы айдың суретінен не түсінеміз?

- Басым – күн, қолым – жұлдыз, аяғым – ай.

   Бұл жеңгең әлі жап-жас баяғыдай!

 ******

- Құрдас, басым жұмыс істемей тұр.

- Қашаннан бері?

- Таң атқалы бері былай, нетіп сұмдық бір нәрсе тілеп...

- Менің білуімше, сіздің басыңыз ішімдікке салынған жылдардан бастап жұмыс істеп жүрген жоқ.

 *****

         - Сіз шығарған «әнде» сезім шошынып, ұшынып, шыңғырып, иттей ұлып тұратыны қалай?

         - Мен ол әнді ауылым туралы жаздым. Ауыл болған соң, ертелі-кеш азан-қазан болады. Айғыр кісінейді, бұқа өкіреді, сиыр мөңірейді, ит ұлиды. Мастар әлдекімдерді балағаттайды. Жеңгелеріміз бос шелегін даңғырлатып суға барады.

 *****

         - Құрдас, сізді бұрын атқан оғы жерге түспеген аңшы болды деседі?....

         - Сен біздің ауылдың маңынан арыстан, жолбарыс, піл, керік, мүйізтұмсық көрдің бе?

         - Жоқ.

         - Соның бәрін мен дер кезінде атып алғанмын.

 *******

         - Құрдас, сенен кейде адамның иісі сезілмейді.

         - Оның иісі қандай болады?

         - Адамгершіліктің, қайырымдылықтың лебі бұрқырап есіп тұрады. Сізде басқаша...

 *****

         - Біреулер «махаббат» деген басынан аяғына дейін өліп-өшкен сағыныштан тұрады дейді.

         - Сағыныштан тұрғаны жақсы-ақ. Бірақ өлгені де өшкені де жаман екен.

 *****

         - Алақаның қышыса, ақша ұстайсың, - деген рас па?

         - Бір алақаныңыз ба?

         - Иә.

         - Сол да сөз боп па? Ұйымдасқан жемқорлардың екі алақаны өне бойы қышып тұрады. Сонда да олар үнін шығармайды.

 ******

Толығырақ...


Ермахан Шайыхұлынан

Хирург Қойлыбай балаларды сүндеттеп жүрсе керек.

         - Осы аптада мына бала жиырма бірінші болады, - депті дәрігер кезекті операциядан соң айналасына ризашылықпен қарап. Сонда еңбекшілік Оразхан деген жігіт:

         - Бір табақ ет болды десеңізші – деп күліпті.

Толығырақ...


Берік Садырдан

- Әке, сіздер коммунизмнің белсенді құрылысшылары болыпсыздар ғой?

- Болдық, сосын құрылыс материалдары жетпегенсін – қойдық...

*****

- Мына басыңдағы ісік пе?

- Кеше сатыдан құлап қалып едім. Дәрігерге көрініп келе жатқан бетім.

- Иә, дәрігер не дейді?

- Басыңда миың болмағаны жақсы болды, болмаса шайқалатын елі, - дейді.

****

- Үйсіз қала, сусыз өзен-көл, Талшыбықсыз ну орман қайда болады?

Географиялық картада.

****

- Кімнің алдында елдің бәрі бас киімін шешуге мәжбүр болады?

- Шаштараздың алдында.

*****

- Балықтың қай түрі ең бағалы болып саналады?

- «Алтын балық».

*****

- Байқамай қасығың мен шанышқыңды жұтып қойдың. Не істеген абзал?

- Тамағыңды қолмен жеуге тура келеді.

****

         Көше тәртібін бұзып, сол жақпен кетіп бара жатқан көлікті МАИ қызметкері тоқтатады.

         - Жол ережесін өрескел бұзып, қайда асығып бара жатырсыз?

         - Оны өзім де білмеймін. Не де болса кешіккенім анық. Өйткені бәрі кері қайтып келе жатыр.

******

         Үйіне кіріп келген күйеуіне әйелі:

         - Балаң күннен-күнге өзіңнен аумай бара жатыр, - дейді.

         - Балам, бері кел! Бүгін тағы не бүлдірдің?

******

         Армян радиосынан сұрайды:

         - Суға батып бара жатқан шенеунікке жіптің қай ұшын берген дұрыс?

         - Екеуін де...

******

        Таңертең жұмысқа келдім. Сырт киімімді шешіп, ілгішке ілдім. Компьютерді қостым. Бірақ интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

 ********

         Футболист күнделігінен:

«10 тамыз. Кеше топ бастаушылармен 2:2 есебімен тең ойнадық. Мен 4 доп соқтым.

******

Толығырақ...


"Айқын" газетінің беттерінен

Сол кездегі Қызылқұм аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Әубәкір Жаппаровқа бір құрдасы келіп, түсінде Брежневпен, Қонаевпен бірге бір дастархан басында отырып, солармен дәмдес болғанын айтыпты. Сонда Әбекең:

- Әй, түс дегенді де шамаға қарап көру керек қой, оларда нең бар, сен түсіңде бізді көрсең де жетпей ме? – депті.

*******

  Мектеп директоры Төкеңнің үйіне бірге өсіп, бір сыныпта оқыған, совхоз директоры болып қызмет істейтін бала күнгі досы қонаққа келіпті. Кейбір баланың әдеті ғой бор жейтін. Сондай әдет Төкеңнің баласында бар екен. Бор жеп отырған баланы көрген досы:

         - Өй мынау бор жеп отыр ғой,- депті таңырқап. Сонда Төкең;

         - Е несі бар? Совхоз директорының баласы қой жесе,  мектеп директорының баласы бор жемегенде, не жейді? Әркім қолындағы барын жейді де, - деген екен.

*****

Күйеуі әйеліне:

- Мен сені күлдірейін бе? – дейді үйіне кіріп келе жатып.

- Айлық алдың ба, не?

*******

Көпшілмін

          Жұмысқа тұруға келген Мырзаш деген жігіттен аудандық білім бөлімінің бастығы Тайманов:

         - Ішімдіктің қайсысын ішесің? – деп сұрақ қойыпты. Сонда ол:

         - Үшеуінде. Жетімсіздеу үйге барсам, вино береді, іше салам. Кей кісілер арақ құяды, оны да тартып жіберем. Ал өзіңіз секілді кісілер коньяк ұсынса, олардың да меселін қайтармаймын. Жалпы, мен көпшіл адаммын - депті.

 *******

Жүзден басқа сан жоқпа

Бір қария тоқсан жасқа жетіп, соның құрметіне балалары той жасайды. Бәрі де ізгі ниетпен:

         - Жүзге жетіңіз, жүзге жетіңіз, - дей беріпті. Мұны қаламаған шал:

         - Содан басқа сан білмейсіңдер ме? – деп өкпе айтыпты.

****

Бір студент емтиханға дайындалып жатқан абитуриенттен:

- Темекі тартасың ба? – деп сұрайды.

- Жоқ.

- Онда арақ ішетін шығарсың?

- Ішпеймін.

- Онда несіне оқуға келдің?

*****

Бір жігіт полицияға келеді.

- Мен түсімде әйелімді жеп қойыппын.

- Адам түсіне не кірмейді дейсіз.

- Онда менің әйелім қайда кетті?

*****

Дәрігер науқастан:

- Төсекке жатқанда тез арада ұйықтап кетесіз бе? – деп сұрайды.

- Үшке дейін санаймын да ұйықтап кетемін.

- Үшке дейін-ақ па?

- Кейде таңғы төртке дейін.....

*****

 

Танысу

Облыстық базда Қасымхан деген жігіт қоймашы болып істейді екен. Өзі анау-мынауға илікпейтін, күлмейтін, қатаңдау кісі болса керек. Сол жерге бір күні Виктор Петрович Ханның да жолы түседі.

         - Танысып алайық, есіміңіз кім? – дейді Хан қолын ұсынып.

         - Қасымхан - дейді қоймашы.

         - Бектұрған – депті сонда Виктор Петрович.

         - Өй сен кәріссің ғой – деген оған Хан сонда:

         - Қазақтың ішінде жүріп Виктор Ханның Бектұрған болмайтын ауруы бар дейсің бе,- дегенде. Күлмейтін Қасымхан да күліп жіберіпті.

******

Бір совхоз жұмысшылар комитетінің төрағасы Әбекеңе шағым айта келіп:

- Мен тура футболдың добы болдым, біресе ана совхозға, біресе мына совхозға ауыстыра бересіздер. Бұған қашан тоқтау болады? – деп ренжіген көрінеді. Сонда Әбекең:

- Доп болып ішімізде домалап жүре бергеніңе риза болмайсың ба, бір күні бөтен біреу келіп, қаттырақ теуіп жіберсе, мүлдем аутқа шығып кетесің ғой! – депті.

******

Енелерге қарсы күрес курсына шақырамыз


      Ұрыс-керіске икемі бар, дау-жанжалға жаны құмар, төбелес кезінде екі білегін сыбанып, өсек айтатын ернін шүйіріп, тікен тілін безеп, екі көзі шатынап шыға келетін «дарынды» да щалымды, болашағынан мол үміт күттіретін келіндерді «Енелерге қарсы күрес» курсына оқуға шақырамыз. Келіндердің дініне, тіліне, отау құрған жылына, жолына, жасына шек қойылмайды.           

        Курсқа талапкерлер тегін қабылданады. Олар стипендиямен, жатақханамен және енелерді ұрып-соғу, сабау, сондай-ақ қарсыластармен қақтығыста бронежелет секілді қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар енемен бірге тұрған жылдарына «за вредность» төленеді.

             Сабақ кезінде Олар «Шымшу», «Бет жұлу», «Тырнау», «Қайын жұрт тарихы», «Ене тебу», «Таэкван-до», «Қаныата-до», «Өсек айту негіздері», «Күйеумен еркін күрес» тақылеттес дәрістер мен спорт түрлерін меңгереді.

              Қызығы мен қиындығы қатар тұратын бұл мамандықты ойдағыдай меңгеріп, өзі түгілі, өзгенің де енесін жұлып-жеуге қабілетті болған соң, олар шетелге, яғни Америкаға, Батыс Еуропаға, Ресейге тәжірибе алмасуға жіберіледі.

             Курсты Шатақ ғылымының докторы, профессор, «Енелерді қан қақсату» ғылым-академиясының құрметті академигі, Жезтырнақ сыйлығының лауреаты Долыкүл Бетпақова жүргізеді.

             Біздің заманымызға сай құрылған демеушілері «Абысындар алқасы», «Жас келіндер» АҚ, «Ене кене» фирмасы, «Мыстан» ЖШС  «Бізбике" бикештер кеңесі.

              Отбасына егемен алып, дербес өмір сүргіңіз келсе, бізге келіңіз. Біз сіздерге қашан да қол ұшын, білек күшін бере аламыз. «Жалмауыз кемпір» атындағы Мазақ академиясы.

******

Толығырақ...


Орынбасар Әлжік Қызылорда қаласы

Жылы сөз

- Әйелеке, маған жылы сөз айтшы?

- Дубленка.

 

Шаймен ішпеу

      Елде Шәймен деген адам көп ішеді екен.бірде қонақта отырған кезде әлдекім:

           - Етте біраз сілтедік қой, енді шаймен ішпейік дейді.

           Бұл сөзді естіген әрі қызып қалған Шәймен еліріп:

           - Әй, Шәймен неге ішпейсіңдер? – деп шатақ шығарыпты.

 

Жылу жайлы

- Осы біреулердің түсі суық, біреулердің түсі жылы болады. Неге олай?

- Ол жылуға байланысты.

- Неге?

- Үйі суық адамның түсі суық, үйі жылы адамның түсі жылы болады, шырақ.

 

Жерік болу

- Жерікпін.

- Неге?

- Не болса да табасың ба?

- Сөз жоқ, айт.

- Долларға.

 

«41- ге келем»

- Жасың 40-қа келді, осылай жата бересің бе, не істейсің?

- 41-ге келем.

 

Ректордың баяндамасы

«Біздің оқу орны биыл 2 мыңға жуық надандар, тойст мамандар дайындайды».

 

Алқаштың Жаратқанға жауабы

- Аяғыңды алайын ба?

- Мейлі.

- Қолыңды алайын ба?

- Мейлі.

- Көзіңді алайын ба?

- Мейлі.

- Тісіңді алайын ба?

- Жо...жоқ. Тісімді алмаңыз.

- Неге?

- Бөтелкені немен ашам?

 

Ретін табу

- Ретін тауып, бір көшені өзімнің атыма алып алсам деп жүрмін.

- Ол үшін алдымен ретін тауып, өліп алу керек қой.

 

Хаттың сыры

- Папасы, студент балаңнан хат келді, оқиын ба?

- Қажеті жоқ, қанша ақша сұрайды, соны айт.

 

Өрт сөндірушінің арманы

- Шіркін-ай, бізге өрт болардан бір сағат ерте хабарласа ғой.

 

Ілу

Жігіт:

- Бүркіт боп іліп кетейін бе?

Қыз:

- Бүркіт айтпай-ақ іліп кетеді.

 

Таңды таңға ұратын

- Баяғы жырауларды айтамын да,жырын бүгін бастаса тоқтамастан таңды таңға ұрып екі күн жырлайтын. Қазір қайда ондай жастар?

- Неге, қазір де бар ондай жастар. Тек қолына домбыра емес, арақ пен карта ұстат, сонда қалай таңды таңға ұратынын көресің.

 

Ажалдың «ажалы»

- Қарқам-ау, салдыр-салақ, олпы-солпы болып кетіпсің-ғой, бір кездегі сүйкімді кейпің, мүсін-тұлғаң қайда?

- Күйеуге тидім.

 

Қарызбайдың жауабы

- Дүние рахат не?

- Қарыз алу.

- Дүниеде азап не?

- Қарыз беру.

Сұйық тамақ

- Мен күйеуіме күнде тек қою тамақ істеп беремін.

- Сонда ол сұйық тамақ ішпей ме?

- Ол «сұйығын» үнемі сырттан ішіп келеді.

 

Түрту

   Ертеректе бір уәкіл колхозға келіп, шаруашылықты аралау үшін өгіз жеккен арбаға мінеді. Арбакеш жол бойы өгізді «арам қатқыр» деп түртумен болады. Сонда уәкіл: «Әй, арбакеш, неге өгізді түрте бересің»,- деп жақтырмайды.

   Сонда арбакеш:

   - Түртпесе іс біте ме. мына сені ғой райком түртті. Сен басқарманы түрттің, басқарма бригадты, бригад мені түртті. Ал мен байғұс осы өгізді түртпегенде кімді түртпектеймін, - деген екен.

 

Біреудің баласы

   Біреудің үйінде отырған қонақтың көзінше «әй, шошқаның баласы, бері кел» деп баласын шақырады.

   Сонда мәдениетті әрі қу қонағы: «Мен бұл баланы Сіздікі ме деп отырсам, басқа біреудікі екен ғой», - деген екен.

Толығырақ...


Әзілдер

         - Бұрын әйелдер ертелі-кеш ерлерінің атын атамай, «Біздің үйдің кісісі», «Әкесі», «Отағасы» деген екен.

        - Қазіргі  әйелдер де ерлерінің атын атамай; «Албасты», «Малғұн», «Сұмырай», «Алқаш», деп шұбыртатын болды ғой.

 *******************

       Бұрынғы әйелдерге туған күніне етік әперем десең, шаттанатын. Ал , қазір «Жигули» әперем десең;

-        «Жигули?». Неге иномарка е-емес?! – деп, талып қалады.

 ***************

-        «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген

Мақалды қалай түсінуге болады?

- Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен

ұрады.   Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.

*************

Толығырақ...


SMS.копилка
«    Апрель 2011    »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 
Құрметті қонақтар! "Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді" - дейді. Ал мың кісінің алғысы бір кісінің тон болып тәнін жылытпаса да, жанын жылытады. Көңіліңізден шыққан дүниелер үшін ризашылығыңызды білдіргііңіз келсе, төменде орналасқан жарнамалық сілтемелердің бірін түртуіңізге болады.
Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami