Жұбан Молдағалиев
Келгендей жаз оралып,күздер өтіп,
Келмейсің неге, жастық, жүзден өтіп?
Кім саған, о жиырма бес, наз айтпады,
«Таптың»,- деп,- не мархабат бізден өтіп?!».
Білмеймін, таптың ба сен, таппадың ба,
Көп болды жүрмегелі қапталыма.
«Қош» айтып ақырғы рет қалып едің
Бір түні бізге мәлім қақпа алдында....