Мұхтар Шаханов Тілек
Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Мұқағали Мақатаев Ей өмір зымырап барасың ба
Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың ба?
Қарасымен шамам жоқ таласуға
Ей өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға,
***************
Достар
Достар!
Самарқау тірліктен безінгілерің келе ме?
Сезімнің не екенін сезінгілерің келе ме?
Түн сайын таусылмас қиялға беріліп,
Таң алдында ғана көз ілгілерің келе ме?
Бал шарап ішкендей батылданғыларың келе ме?
************************Мұқағали Мақатаев Ғашықпын
Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?
О, тәңірім неткен жан қайрылмайтын,
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?
**************
Ұлықбек Есдәулет Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Шығармай тысқа тартып ұстадым,
Сезімнің ыстық шарпылыстарын,
Көрдім де сені, мойындап қалдым,
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын.
Бақыт туралы ой
Бақыт деген не өзі?!
Бақыт деген не өзі? – деп, бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады:
Бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең, бақыттысың да емес пе.
*****************Бірден жүз жасқа дейін
Бір жас бар – 10 жас деген - ойнақтаған,
Тай мініп,жабағыны ойнақтатқан.
Келген соң одан әрі – 15 жас бар,
Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.
20-да өз жүзіңді түзейсің ғой,
Шашыңды кейін қарай үзейсің ғой,
Үлгісін ағалардың көргеннен соң,
Ой-ойлап әр нәрсені жүдейсің ғой.
***************
Ұлықбек Есдәулет Асығыстық
Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ – жетуге асығамыз,
Жете салып, кетуге асығамыз.
Таңда – балабақшаға асығамыз,
Түсте – алар ақшаға асығамыз,
Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз,
Біреу өлсе – жерлеуге асығамыз.
*******************Тұманбай Молдағалиев Ана
Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ..
*****************Қадыр Мырзалиев Ана
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
************
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
© Құтты болсын, 2010
All rights reserved