Дос туралы жыр

 әні С.Бәйтерековтікі

сөзі Т.Молдағалиевтікі

Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.

 

Қайырмасы:

 

Жан досым,

Үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін.

***********

Подробнее...


Ару-ғұмыр

әні Бағлан Бәбіжандікі

сөзі Назира Бердалынікі

Адалдығы болмаса аңсатар ма,

Ару-кезең - әдемі әрқашанда,

Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.

Әр таң оған ерекше күліп келген,

Әр көктемнен ерекше үміттенген,

Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.

 

Қайырмасы:

 

Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,

Күнге қарап көктемге күлген едім,

Бүгін міне өзгеше күйге енемін, шіркін.

Жайқалады гүлзары көңілімнің,

Мен қазақтың қызымын, келінімін,

Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін.

**********

Подробнее...


Қыздар, қыздар

әні Ү.Битенованікі

сөзі Ә.Қалмырзаевтікі

Қызғалдақтарым – қарындастарым,

Жаза алмай жүрген жалын дастаным.

Жанартау болып жарылды кеудем,

Жүректің әлди-әнін бастадым.

 

Қайырмасы:

 

Еліктірдіңдер-ау елікпеген ем!

Желіктірдің-ау желікпеген ем!

Әттең-ай, әттең, жүрегім – жалғыз,

Бәріңе бірдей бөліп берер ем!

***********

Подробнее...


Наурыз думан

әні Т.Сарыбаевтікі

сөзі М.Мақатаевтікі

Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.

**********

Подробнее...


Гүлдәурен

Сөзі мен әнін жазған М. Шаханов

Асау өмір арнасында,

Шалқып сәби сезімменен.

Он жыл мектеп партасында,

Бірге отырдым өзіңменен.

 

Қайырмасы:

Сездіруге батпадым да,

Бала махаббатымды.

Терезенің жақтауына,

Ойып жаздым атыңды.

**********

 


Подробнее...


Ұстазым

ҰСТАЗЫМ

Сөзі: А.Шамкенов

Әні: Ә.Еспаев

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.


Қайырмасы:

Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің, Ұстазым!

************

Подробнее...


Ақ тілегі атаның /Сен аман бол, немерем/

 Сөзі Шалқар Әбіштікі

Әні Заттыбек  Көпбосынұлынікі

Сен қосылып немерем,

Кеңейді ғой керегем.

Әттең қолдан келмейді,

Айды алып берер ем, берер ем.

 

Қайырмасы:

Саған терді төгер ем,

Бар нәрсемді берер ем.

Оның бәрі аз десең,

Жан беруге көнер ем,

Сен аман бол немерем!

***************

Подробнее...


Ақ келін

Сөзін жазған Н.Бердалы

Әнін жазған Г.Әлімбекова

Бір-ақ күнде қуантып қос ананы,

Сыңсу айтып қыз көңіл босағаны.

Әлпештеген әкеңнің аппақ  қызы ең,

Ақ келін боп аттадың 

Ақ келін аттадың босағаны.

 

Қайырмасы:

Аппақ гүлдей ағашқа жаңа біткен,

Үлбірейсің, үміттен жаралып па ең?

Басқа тойлар бастауы – бүгінгі той,

Бүгінгі той – қоштасу,

Бүгінгі той – қоштасу балалықпен.

*****************


Подробнее...


Қызыма

Т.Иманбеков

Еркетай едің елігім, қызым,

Елік те іздер серігін, қызым.

Ақ босағаңды аттарсың, қалқам,

Анаңның қимас жырымен, қызым.

 

Қайырмасы:

Сүрінбе қызым, құлама қызым,

Күлімде мәңгі, жылама, қызым.

Әкеңдей қамқор болар-ау деумен,

Тапсырдым сені құдама, қызым.

********************


Подробнее...


Жұбайлар жыры

 Сөзі мен әні: М.Шахановтікі

Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,

Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.

Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,

Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.

 

Қайырмасы:

 

Асыл жарым,

Жайқалған жасыл бағым,

Бағаласаң бақытыңмын,

Сағынсаң қасыңдамын.

Арманды дара қумаймыз,

Құстың қос қанатындаймыз.

Жүректе от жанып,

Тауларды бетке алып,

Бірге ұшып барамыз болашаққа.

 **********

Подробнее...


Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


© Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami