Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Әйел деген өзің шыққан негізің

Әйел деген жүзіп жүрген теңізің

Әйел деген қамқоршың да, жарың да

Әйел деген өз қосағың егізің.

 

Осы айтқанның бәрі дұрыс, анық, шын,

Түсінбейтін адам болса қанықсын.

Әйел деген болса теңіз өмірде,

Сен толқынға шыдамайтын қайықсың.

 

Әйел жаны төзімді де асыл, ақ,

Шындық болса несіне ақыл жасырад.

Жетті көзім мына қиын заманда

Еркектерді әйелдер жүр асырап.

**********

Подробнее...


8 наурызға

О, періште Анам!

 

Келді көктем күннің,

Күлімдейді гүлің –

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!

 

Жұмақ-құшақ панам,

Күндей нұрлы санаң!

Қызығын көр ұл-қыз,

Еңбек сүйгіш Анам!

 

Жыртылмастан жағаң,

Щарықтасын жаңа ән!

Арманыңа жетші,

О, періште Анам!

*************

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар!

 

Болса өзге жүрек,

Адамға адам – тірек.

Сіздерге айтар мынау,

Мерекелік тілек:

 

Қарау жүрсін қашық,

Алшы түссін асық.

Берекесін берсін,

Сіздер еткен кәсіп!

 

Әр таңдарың атқан,

Бақыт берсін батпан.

Құрастырсын құдай,

Табысыңды тапқан!

**********

 

   Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі -  8 наурыз

Мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындастарының,сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.

   Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!

   Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

*********

Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,

Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!

Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,

Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!

-        деп Тұманбай ақын жырлағандай мынау бүгінгі  8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз!

   Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Күн бар. Сіздерсіз жігіт жүрегі  -  жетім. Бүгінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген «жетім» - жүрек жігіттер бақытының бастауы болса екен!

   Мереке соңы тойға ұлассын!

***************

 

Құрметті ханымдар!

Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер – азаматыңыз сіздерді қандай еркеліктеріңіз болса да көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерге айтарым: жүректерінің біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де етім көр.

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де бетім көр.

-        деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан

қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне! деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы – қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.

*************

Жақсы әйел ер жігітке береді екпін!

Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.

Ұл туып,

Қыз өсіріп,

Ене күткен,

Сен алтын кеней сынды кереметсің!

 

Оны жұрт білмесе де мен білемін,

Былғансын жаялыққа жең-білегің!

Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,

Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.

 

Осылай үлкен боп берік тұрғын,

Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.

Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,

Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын...

*************

Подробнее...


Кемел Кеніш Анаға

Перзентке жұмсаған бұла күшін,

Ана – ырыс, бақ – дәулет,

Жұбанышың.

Көкбөрінің тегінен тарағандар,

Құтты болсын бүгінгі қуанышың!

 

Тал бесікке тірлікті ілмектеген,

Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.

Алатаудың шыңына ту тігеді,

Анасына той жасап, құрметтеген.

************

   Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – Мама, өзіңізге арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз.

   Аяулы анам менің!

   Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін еш нәрсе де жоқ, мама!..

   Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуанышпен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!!!

**********

 


Подробнее...


Қыз-келіншектерге

Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,

Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.

Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,

-        Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.

 

Айтар ойды жарқырата неше өңдеп

Сөйледіңіз,

Шешендікті мекендеп

Сонда өзімше бағаладым ішімнен,

«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.

 

Тағы бірде асқақтата ән салдың,

Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.

«Тап Күләштің көшірмесі...» деп сол сәт,

Дүниеге келіп кетті жар салғым.

 

-        деп бойында сан өнер тоғысқан нағыз қазақтың қызы деуге лайық осынау жанды 8 наурыз күнімен құттықтаймын!

*************

Подробнее...


Халықаралық әйелдер күніне

Қадiрлi аналар, әйелдер, әпкелер мен құрбы-құрдастар, Сiздерге шын жүректен зор денсаулық пен шынайы әйел бақытын тiлеймiз! Өмiрдiң барлық баспалдақтарында сiздердi тек табыс күтiп тұрсын.

Сіздерді алдағы келе жатқан көктемнің алғашқы гүл мерекесі 8-Наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Көктеріңізден күн кетпесін, құшақтарыңыздан гүл кетпесін, өмірлеріңізден күлкі кетпесін. Құт болып әрбір үйден табылып, шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіздер

********************

Құрметті Қыздар, Ханымдар!

 Сіздерді  жылдың тамаша мейрамы 8-наурыз  қыздар мерекесімен шын көңіліммен құттықтаймын!

 Ажарың көктемдегі ашық таңдай,

Жанарың түскен жанды жасытқандай.

Жасыңнан жалын шашып жарқ еткенде

Қалады-ау қандай жігіт ғашық болмай!

 

Мереке құтты болсын!

 ***************

Аяулы арулар!

 Көктемнің алғашқы қарлығашындай келіп жеткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен ыстық ықылас, шын жүректен құттықтаймын.

Өмірің гүлдей көрікті, көңілің күндей шуақты, жаның жаздай жайдары болып

әлемді сұлулыққа, мейірімге, жылылыққа

бөлей беріңіз!

Ардақты ана! Адамзат ардақтайды есіміңді, тербете бер,

құба талдан иілген бесігіңді!

 ************

 “Ана қалғыса, ру ұйықтайды” – деген қазақ. Бүгінгі арулардың, ертеңгі аналардың мойнындағы жауапкершілік жүгінің салмақты екендігін меңгезегені бұл. Ұрпағының бойына ұлтымыздың бар асыл қасиеттерін дарыта алатын қазақ қызына сом алтыннан ескерткіш соқса да жарасады.

 *******************

 Адам баласы өзін жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтін беріп өсірген, күндей мейірімді, айдай аяулы анасына мәңгілік борышкер болмағы аян.

****************

Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, иіліп тәжім етеміз.

Сабыр мен төзімнен жаралған Ұлт аналары – аяулы әжелер, асыл аналар, көктемдей құлпырған қыз-келіншектер, мерекелеріңізбен!

 **************

Аса мейірімді, қанатымен балапанын қорғайтын тәңір құстарындай қамқор аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!

 ***************

Әйел-Ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

 ***********

Әйел – отбасының жайлылығы, әйелдің асыл қасиеттері отағасының жанына – жылу, жігеріне – қуат береді.

 *****************

Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі –

8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын.

Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын,

адал махаббат жылуын, сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Жанарың әрдайым нұр шашып,

жүзің күндей күлімдеп,

жүрегің көктемдей жайнасын.

************

  Қызым, Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал.

Тал бойыңнан нәзіктікті, пәктікті, сұлулықты көргім келеді.

Ата-анаңның үмітін ақтап, әрқашан биіктерден көріне бергін.

Көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті

Ізгі тілекпен, жан әкең

****************

 Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын.

Әйел – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,

тірліктің қайнар бұлағы.

Жер бетіне шуақ шашып, мейірімділігіңіз бен әлемді бөлей беріңіз.

****************

Подробнее...


Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


© Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami