Құтты болсын! » құрметті сайт қонақтары 

құрметті сайт қонақтары

Құрметті сайт қонақтары!

 

«Қонақ келсе,  құт келер» деген ұстаныммен өмір сүретін қазақ халқы үшін қонақ күтудің, қонақ болып барудың өзіндік дайындығы, тіпті қағидасы бар. Той-томалаққа барушының ең алдымен – қандай тілек айтсам екен деген ойы көп ізденушілікке жетелейтіні жасырын емес. Салтанатты жиындарда, мерейтойларда, дәстүрлі басқосуларда, кішігірім отырыстарда сөз қадірін түсінетін әрбір қазақ ерекше тілек айтсам екен деп іштей дайындалып (тіпті кейде күні бұрын ізденіп),  жүректен шыққан тілекті сөзбен әсемдеп жеткізуге тырысады. Қазіргі таңда қазақша сөйлеумен қатар, тіпті сондай үлкен тұсаукесерлерде азаматтарымыз бен ханымдарымыз өз тілектерін қазақ тілінің көркем сөзімен бастауды мақсат тұтып келеді. Бұл әрине қуанарлық жайт.

Қазақша тілек айту – үлкен өнер. Бұл ретте, біз әрбір шаңыраққа, Сіз үшін қымбат жандарға арналған тілектердің топтамаларын ұсынуды жөн көріп отырмыз. Көш жүре келе түзелер дегендей, алып-қосар пікірлеріңіз болса, төмендегі пошталарға хабарласуларыңызға болады: [email protected] немесе [email protected]

Хочу на бумажке почитать


Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


© Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami