Құтты болсын! » Материалы за Февраль 2011 года 

Балаға қатысты салт-дәстүрлер

Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.

         Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған,

Толығырақ...


Қыздың құлағын тесу

Құлақ тесу

         Қыздың құлағын тесу-дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналған. Құлақты уқалап жанын кетіріп қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен тескен. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалаған. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізген. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді екен. Мүмкін мұның да себебі болған шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар... Халық ұғымында «қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей» деген қағида бар.

Толығырақ...


Сен қазақсың

Сен –Қазақсың!                                                        

 

Сен – қазақсың!

Қазақ деген ел бөлек,

Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.

Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,

Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.

 

Сен – қазақсың!

Бір Алланың құлысың!

 

 

 

 

 

Толығырақ...


Ғашығыма

«Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді»;

«Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды»;

«Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін»;

«Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме».

******

Жұмаханова Жанаргүл қосқан екі сөз

Мені, бір сағатта 60 минут, ал бір минутта – 60 секунд бар деп үйретті. Бірақ сенсіз өткізген бір секунд – тұңғиық екенін ешкім үйретпепті.

*******

Менің көздерім журегіме кызғаншақтықпен қарайды. Білесің бе, неге?! Өйткені, сен менің көздерімнен алыс болсаң да әрдайым менің жүрегімдесің!

*******

Толығырақ...


Қасиеттім, қадірлім

Қасиетім, қадірлім                                          Нұрперзент Домбай

 

Осы қыздың нұрға толса жанары,

Көкірегімде үміт шоғы жанады.

Тіршілігім тұшымдылау, тұщылау,

Сәуір самал сергітеді сананы.

 

Кірбің күндер жырақ жүрсін жанынан,

Тайдырмаған бақытынан, бағынан.

Қыз сезімін биік қойған ел едік,

Бәрінен де, тіпті ханның тағынан.

 

Сен сұлусың, асқан ару жоқ басқа,

Қателеспе, аңдаусызда шоқ баспа.

Қасиетіңді қарағаннан қалт ұққан,

Ынтық болғай тек жігіттер нар қасқа.

 

Қыр гүлдері иісін бойға сіңірген,

Ару күнмен аспандағы тең күлген.

Ерініңде бал бұлақтың шырыны,

Шырын дәмді желпіп өткен жел білген.

 

Қазақ қызы – қасиетім, қадірлім,

Нақ өзі ол ұятым мен арымның.

Тағдыр, оның қайғырғанын көрсетпе,

Шапағаты шаттандырсын әңірдің.

******

Толығырақ...


Қазақ қызы

"Ана тілі" газетінен

Көктемді қанатына қондырып  құс қайтты. Шуақты ілестіре келген құстар әсем, әуезді үн айтты.

Жер дүниені жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап, көктем келді. Жер-Ана бусанып, тоңы жібіп, жаны кіріп, тіршілік қайта жалғасады. Ал Жер-Анамен қатар Аналар да шаттыққа бөленеді. Өйткені көктемнің алғашқы күндерінде дүние дидары әйел баласының көңіліне ауады. Кірпігіне кірбің ұялатпауға, жайдары жүзге енуіне, жүрегіне қуаныш сыйлауға ұмтылады. Себебі бұл – 8 наурыз.

Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттандырып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі – бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді. Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының (әйелдерінің) атқарар рөлі, алар орны тым ерекше. Өйткені тал-бесікті тербеткен аналар ұлттың ұлын тәрбиелейді.

         Қазақтың қызы! Ер етігімен қан кешкен, ат ауыздықпен су ішкен жаугершілік заманда қарашаңырақтың отын өшірмей ерінің артын бағып қалды. Дүние отқа оранып, оқ ауада зулаған тұста тылда еңбек етіп, белі қайысып, саусақтары майысып, соғыс даласына азық жіберді. Нәзік саусақтары канал қазды. Егін екті. Қой бақты. Зауыттарда темір балқытты. Жауға қарата атылатын әрбір оқты даярлады. Қажымады. Еңсесі түспеді. Қайта қайратқа мінді. Қайсарлана түсті. Шарыққа түскен қанжардай жарқырай берді.

         Қазақтың қызы! Желтоқсан жұртының есесін қайтарамын деп, қазаққа дербестік әперемін деп, Алаштың арда ұлдары биліктен шеттетілмесін деп, гүрзі етектің, шомбалдай шоқпардың астына түсті. Жаны жараланды. Ары тапталды. Таяққа жығылды. Қан-жосасы шықты. Итке таланды. Абақтыға жабылды. Темір тордан сығалап сәулеге қарады. Бірақ мұқалмады. Азаматтармен бірге бір шепте тұрды. Қандыкөз империяның жендеттерінен қаймықпады. Өздерін құрбандыққа шалды.

         Қазақтың қызы! «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен тұста отбасын асырауға кірісті. Ел – ерге, ер жерге қараған заманда қазақтың қыздары қарекет қамын жасады. Ала дорба асынды. Темір төсек жастанды. Қытай барды. Түркия асты. Сауда жасады. Үйінде ұлардай шулаған  бала-шағасының қамы үшін, ер-азаматының ары үшін жанын аямады. Аптап ыстықта, қытымыр аязда, жаңбырлы күнде, қарлы боранды түнде бірді екіге жалғап, қазақ дейтін қарға тамырлы елдің ертеңгі ұландарын тарықтырмауға тырысты. Қамықтырмауға барын салды. Сағыздай созылған өтпелі кезеңде үзіліп кетпесек, ол – арба сүйреген, ала дорба арқалаған аналардың арқасы.

         Қазақ қызы! Алып атырапты алып жатқан азғантай елдің басына қара бұлт үйірілгенде, қараңғылық жамыла бастағанда атқа қонады. Қазақ қызы атқа қонғанда олардың жеңіссіз оралмайтын тұсы кемде-кем.

         Кешегі Домалақ ана, Айша-бибі, Құртқа, Баян, Ұлжан, Зерделердің бүгінгі ұрпағының ақылына көркі, пайымына парасаты сай. Бірі кем дей алмайсың. Өйткені олар – қазақтың қызы!

Толығырақ...


Кешіре алмаймын

  Базарбай Исаев

 

Кешіре алмаймын:

Туған елін сүйе алмағандарды,

Ата-анасына басын ие алмағандарды.

Қиындықтың қазанында қайнамай,

Отан үшін отқа күйе алмайтындарды

Кешіре алмаймын!

 

Кешіре алмаймын:

Орынсыз асқақ кеткендерді,

Жесірді жасқап кеткендерді.

Құштарлық құшағында күн кешіп,

Перзентін далаға тастап кеткендерді.

Кешіре алмаймын!

 

Кешіре алмаймын:

Күнәсін мойындамаймындарды,

Әр ісін пайымдамайтындарды.

Уақытын өткізгенін ұйықтаумен,

Бір сәт е уайымдамайтындарды

Кешіре алмаймын!

 

Кешіре алмаймын:

Бұлақ боп аға алмайтындарды,

Өз жолын таба алмайтындарды.

Құтхана шаңырағын көтермей,

Ошағын жаға алмайтындарды

Кешіре алмаймын!

 

Кешіре алмаймын:

Бұл кек отын кеудемнен өшіре алмаймын,

Кек керуенін кеудемнен көшіре  алмаймын.

Өмірінде адамға бір жақсылық

Жасай алмаған адамды кешіре алмаймын!

Кешіре алмаймын!

******

Толығырақ...


Әпкеме тілек

Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті

әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз!

 

Жан әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым,

Шыққандай жанарыңнан жадырап күн.

Ең алғаш сен туып, қуантыпсың

Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.

 

Естияр боп тірлікте баянды кем,

Еркелетіп бәрімізді аялап ең.

Жарың кетті бақиға, сен қамықпа,

Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең.

 

Балаларың – мәңгілік қуанышың.

Ұстаздық бақытың бар – жұбанышың.

Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз.

Нағыз алтын жарқырап тұрады шын!

*****

Толығырақ...


Қыз ұзату, қыз айттыру, құда түсу, бата аяқ, құда тартар, қыз ұзату тойы, ау-жар, сыңсу, қоштасу

Қыз ұзату

Қыз айттыру

Құда түсу

Бата аяқ

Құда тартар

Қыз ұзату тойы

Ау-жар

Сыңсу

Қоштасу

Толығырақ...


Келін әдебі

Келін әдебі                                                          

         Той өткен күннің ертеңінде-ақ, жаңа түскен жас келін бозада таңмен таласып тұрып, алдымен қазақта «үлкен үй», «қара шаңырақ» деп аталатын әке үйінің түндігінің бауына ақтық байлап ашады. Одан кейін жасы үлкен қайын ағаларының, ең соңында өз үйінің түндігін ашқан соң, отауында от жағып, түтін түтету үшін «үлкен үйден» «от алуға» барады. Қазақтың «отбасы». «отау» (от алу сөзінен шыққан) ұғымдары ежелгі отқа табынуға байланысты туындаған салтқа негізделе қалыптасқан атау екендігі анық. Осы орайда,

Толығырақ...


Пікір-ұсыныстарыңыз, сайтта жариялауға лайық әдемі тілектеріңіз болса,
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.


Құтты болсын, 2010
All rights reserved
Создание, разработка и поддержка by zDami