» » » 8 наурызға құттықтаулар
Информация к новости
  • Просмотров: 146746
  • Автор: janar
  • Дата: 12-02-2011, 17:36
  • 0
12-02-2011, 17:36

8 наурызға құттықтаулар

Категория: Ресми мерекелерге » 8 наурыз

Сүйікті жарым!

Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Ізгі тілекпен, жан жарың……..

******

Қызым!

Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!

****

Құрметті апа!

Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

Ізгі тілекпен, бауырыңыз ...............

*****

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

 

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

******

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!

****

Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!

Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!

******

8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық

құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

         Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

*******

         Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.

         Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

                 Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

*****

         Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

         Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

*****

         8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

         Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.

         Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

******

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен.

         Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.

*****

         Ақ жаулықты апаларымыз бен аналарымыздың, сіңлілеріміздің төл мерекесі.

         Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел Отанға да адал қызмет  етеді.

******

                  8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.

******

         Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда «от басы, ошақ қасы» секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқу болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді.

******

         Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтаймыз.

         Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.

         Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.

******

         Бұл күн  ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

*****

         Міне, 8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Мейрам! Маған басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді. Осындай керемет мейрам күні барлық әйелдерге зор денсаулық, баянды махаббат, жанұяларыңызға бақыт тілеймін!

******

         - Ең күшті нәрсе не? – десе,

         - Әйелдің әмірі! – дер едім.

         Әйелдердің барлығын

         Жердегі Тәңірі! – дер едім.

         Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.

********

8  наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.

Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін!

Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!

****

       Көктемгі күннің көзіңдей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

****

       Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы 8 наурызы да келіп жетті. Осынау көктем мерекесі күнімен ардақты апалар мен аяулы қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырысты береке, баянды бақыт тілеймін!

******

        Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!

        Әйелдер, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!

         Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!

         Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!

 *********

         Қымбатты әйелдер!

         8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.

         Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.

         Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

 *********

         Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.

 *********

         Көктемде арулар қоса құлпырады. Бізге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл-көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп-төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір-ақ пайыз! Соның өзі-ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сәнді-салтанатты болсын деп, Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.

 *******

         Көктемдегі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышына ортақпыз.

         «Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

 ********

         Құрметті арулар!

         Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

         Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!

******

Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі -  8 наурыз

Мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындастарының,сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.

   Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!

   Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

*********

Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,

Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!

Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,

Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!

-        деп Тұманбай ақын жырлағандай мынау бүгінгі  8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз!

   Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Күн бар. Сіздерсіз жігіт жүрегі  -  жетім. Бүгінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген «жетім» - жүрек жігіттер бақытының бастауы болса екен!

   Мереке соңы тойға ұлассын!

********

 Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер – азаматыңыз сіздерді қандай еркеліктеріңіз болса да көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерге айтарым: жүректерінің біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де етім көр.

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де бетім көр.

-        деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан

қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне! деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы – қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.

*******

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Султанбек

6 марта 2014 15:39

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Неге ұстаздарға жазбадыңыздар????? recourse
<
Әділбек

4 марта 2014 22:37

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
кутты болсын келе жаткан мейрам шын жүректен тілеймін тек өмірмен тілегім бірге болсын анашым әрдайымда менім касымда болып мәпелеп уайымдап жургеніне


Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңі
<
влад

10 мая 2013 23:51

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
хороший и не хороший стиз
<
janar

11 марта 2013 17:04

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Курметти Казакстандык аналар жане карындастар, апа-женге бир созбен АЙЕЛДЕР КАУЫМЫ СИЗДЕРДИ 8 - НАУРЫЗ Халыкаралык Айелдер кунимен -шын журектен куттыктаймын! Айел-Ана омирдин озеги, тиршиликтин куре тамыры, ыстык ыкылас пен ыждағаттын, пактик пен тазалыктын кайнары. Дендеринизге саулык, конилдеринизге шаттык, от басыларынызга кут-береке, ауызбирлик пен тыныштык, мол бакыт, кажымас кайрат, талмас канат,шаттыкка толы куаныш, мейиримге толы махаббат. Коктемнин осынау шуакты мерекеси к
<
janar

9 марта 2013 02:00

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Жаратылысы сулу, жандары таза,жуздерi жаркырап ,журектерi лапылдап,жанарлары жаркылдап турган жер бетiндегi ен назiк сезiм иелерiн тол мерекелерiмен куттыктаймын!
<
janar

8 марта 2013 15:42

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Барлык апаларымды,Синилилеримди,кыздарымды,курдастарымды коктемнин адеми мерекесимен куттыктаймын!!!Конилдериниз коктем,омирлериниз баянды,отбасыларыныз берекели болып,кастарынызда кориктеринизге сауле беретин,журектеринизди тусинетин жандар болсын!!!Курметпен,баринизди жаксы коретин Жаркын Маскеуден!!!
<
nazerke

8 марта 2013 08:53

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
smile mamamane silaimain
<
u1an

8 марта 2013 00:22

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
8-наурыз халыкаралык айелдер мерекесимен шын журектен куттыктаймын! Аялы аналар кыздар мерекениз кутты болсын ауырмандар ешкашан,омир жастарын узак болсын бай куатты болындар)Алланын нуры жаусын!
<
janar

8 марта 2013 00:17

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
*******Болатбек ******** (0:13) :
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!

Болса да өзге жүрек,
Адамға адам - тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:

Карау жүрсін қашық,
Алшы тұрсын асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!

Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Кұрастырсын құдай,
Табысынды тапқан!
<
нурсссс

7 марта 2013 20:14

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
құрметті аналар,апкелер,карындастар сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер кунімен құттықтаймын.дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық тілеймін.
<
Айша

7 марта 2013 18:36

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Құрметті әжелер, аналар, қыздар, сіздерді 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақыт пен береке, әр басқан қадамдарыңызға сәттілік тілеймін.
<
МАРАТ АДАЙ

7 марта 2013 14:39

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Аман болсын аркашанда халкымыз.
Жуптарымызды табайыкшы жартымыз.
Адеми боп журиниздер арулар.
Кутты болсын 8 ши мартыныз.
-------МАРАТ АДАЙ-------
<
Куат Иманов

7 марта 2013 14:29

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Кыздардын орындалсын арманы,
Жамандыктан аулак болсын жан жагы,
Жылына бир келетин коктемдеги,
Аналардын кутты болсын мейрамы.
<
marat adai

7 марта 2013 14:26

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
8 март мейрамы кутты болсын кыздар!!!
<
Назира Абилдаева

7 марта 2013 12:32

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Менде барша аналарымызды аруларымызды шын жүректен 8-наурыз мерекесимен құтықтайм!!!!!!!!
<
Жоха!!!

7 марта 2013 11:53

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Сіздердің көктемдеріңіз ешқашан таусылмасын, ал жүректеріңіз жағымды еске алулардан әлсіресін! Сіздің араңызда, іскер әйел санайтын біреу болса, ол өзіне нағыз Көктемді – махаббатты сыйласын және оны алатын болсын. Өз сұлулығының сиқырына сенетін жас бойжеткен арулар өзге де бағалы байлықты - өз ісінің жемісін көрсін! Бақыт, Денсаулық, Бейбітшілік, Үйлесімділік және Қайырымдылық тілейміз!
<
janar

7 марта 2013 10:38

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Құрметті әріптес Ару-қыздар мен ханымдар!!!

Сіздерді көктемнің ең әдемі мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған жетістіктерге жетулеріне
асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз
үлес қосатыны ақиқат.
Сүйкімділік пен сұлулықтың, мейірімділіктің символы - Өздеріңізге өте жақсы көңіл-күй,
мол қуаныш, игілік, қызметтеріңіздің тек алға жылжи беруіне тілектеспін!
Көктемдей құлпырып, әдемі күлкілеріңізбен айналаңызды көркейте беріңіздер!
Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!
<
Гүлнара

7 марта 2013 09:57

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Арулар асыл жандар, Шуақ боп шашылғандар сіздерді халықаралаық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Барлық арман-тілектеріңіз орындала берсін!
Ал осында жазылғын құттықтауларға рахмет айтамын.
<
назерке

7 марта 2013 02:02

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
ұстаздарга неге кұттықтау жазбадыныздар request
<
bakitjan

6 марта 2013 23:18

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
8 nauryz kutti bolsin
<
Қазбек

6 марта 2013 22:14

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Қымбатты да ардақты Аналар, әмем де сұлу арулар мейрамдарын құтты болсын!!!
<
Асылбек

6 марта 2013 22:08

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Калайсын айдай сулу арулар 8 наурыз дима келатыр дидиго сол сендерди кутыктайындеп аркашан коныилдиеринизде куаныш жуздеринизе кулки кетпесин биз сидерди жаксы коремиз asilbek_sain@mail.ru
<
Ерік

6 марта 2013 21:36

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Құрметті әлемнің ең сұлу жандары, асыл аналар мен аяулы арулар! Сіздерді келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекелеріңізбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.Бастарыңыздан бақ, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Әрқашан арамызда күндей жарқырап жүре беріңіздер!
<
атым жок

6 марта 2013 19:38

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
mama halyk aralik aielder kuninmen kuttiktaimn men asel ulbolsin nurgul
<
атым жок

6 марта 2013 19:36

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
тушш!зор деп аитуга болмаида!сосын ертенгы мерекелерымеенн!\
<
Самал

6 марта 2013 18:09

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Саламатсызба!Барша асыл жанды арулар қымбатты да кұрметті аналар сіздерді төл мерекелеріңізбен құтықтаймын!ана дегенде елжіремейтін еміренбейтін ,тебіренбейтін жүрек болмайды сіздерге барлық жақсылық атауын тілеймін!ізгі тілекпен Самал Калимуллиевна
<
erkekyz

6 марта 2013 14:43

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
salem dostar. 8 Nauryz xalikaralik aielder kunimen shin jurekten kutiktaimin. sizderge zor densaulik,mol bakit,otbasilarinizga bereke-birlik tileimin.
<
ШАТТЫҚ

6 марта 2013 00:09

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
АНАШЫМ мерекен кутты болсын! ЕШКАШАН АУЫРМА! АМАН БОЛ!
<
Кайр

5 марта 2013 10:37

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Құрметті аналар,қыздар,әйелдер сіздерді шын жүректен құттықтаймын!!!Бәріңізге зор бақыт тілеймін!!!
<
Ainel

4 марта 2013 21:50

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
барлык айелдерди 8 наурыз мерекесимен куттыктаймын!!!барлык айелдерге мол бакыт тилеймин.8 наурыз мерекеси кутты болсын!!!
Назад Вперед

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^